«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Қазақстан Республикасы Кодексінің 144-бабының 6-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Внимание! Документ утратил силу с 01.09.2018
"Өндіріс және тұтыну қалдықтарын жинауға, пайдалануға, қолдануға, залалсыздандыруға, тасымалдауға, сақтауға және көмуге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитариялық қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 28 ақпандағы № 176 бұйрығы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 5 мамырда № 10936 тіркелді
Осы Бұйрық күшін жойды ҚР Денсаулық сақтау министрінің 23.04.2018 жылғы № 187 Бұйрығына сәйкес
1. Қоса беріліп отырған "Өндіріс және тұтыну қалдықтарын жинауға, пайдалануға, қолдануға, залалсыздандыруға, тасымалдауға, сақтауға және көмуге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитариялық қағидалар бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Казахстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның мерзімді баспасөз басылымдарына және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберілуін;
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрі Е. Досаев
«КЕЛІСІЛГЕН» Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрі _____________ Т. Дүйсенова 2015 жылғы 30 наурыз
«КЕЛІСІЛГЕН» Қазақстан Республикасының Энергетика министрі _____________ В. Школьник 2015 жылғы 31 наурыз
Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 28 ақпандағы № 176 бұйрығымен бекітілген
«Өндіріс және тұтыну қалдықтарын жинауға, пайдалануға, қолдануға, залалсыздандыруға, тасымалдауға, сақтауға және көмуге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидалар
1. Негізгі ережелер
1. Осы «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Қазақстан Республикасы Кодексінің (бұдан әрі – Кодекс) 144-бабының 6-тармағына сәйкес әзірленген санитариялық қағидалар Өндірістік объектілердегі өндіріс және тұтыну қалдықтарын, қатты тұрмыстық қалдықтар мен медициналық қалдықтарды жинауға, пайдалануға, қолдануға, жиналуына, айналымына, залалсыздандыруға, тасымалдауға, сақтауға және көмуге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптарды (бұдан әрі - Санитариялық қағидалар) айқындайды.
2. Осы Санитариялық қағидаларда мынадай анықтамалар пайдаланылды:
1) ағызу станциялары – елді мекендердің кәріз тартылмаған аудандарынан сұйық қалдықтарды кәріз желілеріне жинауға және ағызуға арналған құрылыстар;
2) ассенизациялау алқабы, жер жырту алқабы - елді мекеннің шегінен тыс сұйық қалдықтарды жинау және залалсыздандыру үшін арнайы бөлінген аумақ;
3) жоспарлы-тұрақты тазарту - қалдықтарды белгіленген жиілікпен жинау және жою бойынша іс-шаралар жүйесі;
Полная версия