Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 9 қаңтардағы Экологиялық кодексінің 17-бабының 30) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Внимание! Документ утратил силу с 27.08.2021
Аумақтардың экологиялық ахуалын бағалау критерийлерін бекіту туралы Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 16 наурыздағы № 202 бұйрығы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 30 сәуірде № 10928 тіркелді
Осы Бұйрық күшін жойды 2021 жылғы 27 тамыздан бастап ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің м.а. 13.08.2021 жылғы № 327 Бұйрығына сәйкес
Редакция 25.02.2018 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
2. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Экологиялық мониторинг және ақпарат департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгенінен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмелерін мерзімді баспасөз басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жолдануын;
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің ресми интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастыруын;
4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 2) және 3) тармақшаларымен көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерды ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Энергетика вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Энергетика министрі В. Школьник
«КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрі _____________ А. Мамытбеков 2015 жыл "____"____________
«КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрі _____________ Т. Дүйсенова 2015 жыл "____"____________
«КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрі ___________ Е. Досаев 2015 жыл "____"____________
Аумақтардың экологиялық ахуалын бағалау критерийлері
1. Жалпы ережелер
1. Аумақтардың экологиялық ахуалын бағалау критерийлері Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 9 қаңтардағы Экологиялық кодексінің 17-бабының 30) тармақшасына сәйкес әзірленді.
2. Аумақтардың экологиялық ахуалын бағалау критерийлері - халықтың денсаулығы мен қоршаған ортаның жай-күйінің нашарлауын сипаттайтын көрсеткіштер жиынтығы.
3. Аумақтардың экологиялық ахуалын бағалау критерийлері төтенше экологиялық ахуал немесе экологиялық зілзала аймақтарын анықтау кезінде пайдаланылады.
Полная версия