Ветеринариялық құжаттарды беру қағидаларын және олардың бланкілеріне қойылатын талаптарды бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 21 мамырдағы № 7-1/453 бұйрығы.
Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 17 тамызда № 11898 болып тіркелді
«Ветеринария туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабы 46-4) тармақшасына, «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабы 1) тармақшасына және «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабы 1-тармағының 4) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Кіріспе жаңа редакцияда жазылды ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 14.01.2021 жылғы № 8 Бұйрығына сәйкес (25.09.2019 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 17.02.2021 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Кіріспе жаңа редакцияда жазылды ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 27.06.2023 жылғы № 248 Бұйрығына сәйкес (24.01.2023 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 02.09.2023 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесінің мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберілуін;
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
Ветеринариялық құжаттарды беру қағидалары және олардың бланкілеріне қойылатын талаптар
Осы талаптар өзгертілді ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 30.11.2015 жылғы № 7-1/1041 Бұйрығымен (21.05.2015 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 24.12.2015 жылы "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланды
Осы талаптар өзгертілді ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 29.03.2016 жылғы № 141 Бұйрығымен (30.11.2015 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 25.05.2016 жылы "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланды
Осы талаптар өзгертілді ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 24.06.2016 жылғы № 281 Бұйрығымен (29.03.2016 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 21 (жиырма бір) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 14.09.2016 жылы "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланды
Осы талаптар өзгертілді ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 09.06.2017 жылғы № 235 Бұйрығымен (24.06.2016 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 21 (жиырма бір) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 03.08.2017 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
Осы талаптар өзгертілді ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 11.01.2019 жылғы № 9 Бұйрығымен (09.06.2017 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 15.02.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Осы талаптар өзгертілді ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 25.09.2019 жылғы № 351 Бұйрығымен (11.01.2019 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 24.10.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Осы талаптар жаңа редакцияда жазылды ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 14.01.2021 жылғы № 8 Бұйрығына сәйкес (25.09.2019 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 17.02.2021 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1. Осы Ветеринариялық құжаттарды беру қағидалары және олардың бланкілеріне қойылатын талаптар (бұдан әрі – Қағидалар) «Ветеринария туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 8-бабы 46-4) тармақшасына, «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы заң) 10-бабы 1) тармақшасына, «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабы 1-тармағының 4) тармақшасына сәйкес әзірленді және ветеринариялық құжаттарды беру тәртібін және олардың бланкілеріне қойылатын талаптарды, сондай-ақ «Экспорттау кезінде орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілерге ветеринариялық сертификат беру», «Мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау объектілеріне ветеринариялық-санитариялық қорытынды беру» және «Ветеринариялық анықтамалар беру» мемлекеттік қызметтерін көрсету тәртібін айқындайды.
1-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 27.06.2023 жылғы № 248 Бұйрығына сәйкес (24.01.2023 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 02.09.2023 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1) асыл тұқымдық куәлiк – «Асыл тұқымдық өнімнің (материалдың) барлық түрлеріне асыл тұқымдық куәліктердің нысандарын және оларды беру (жою) қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 11 желтоқсандағы № 3-2/1079 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13035 болып тіркелген) бұйрығына сәйкес республикалық палата беретін, асыл тұқымдық өнімнің (материалдың) ата-тегін, өнімділік және өзге де сапаларын растайтын құжат;