Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 31.10.2020
Қазақстан Республикасы
 Инвестициялар және даму
 министрiнiң
 2015 жылғы 28 сәуірдегі
 № бұйрығына 7-қосымша
«Аса жеңіл авиация әуе кемесiнiң ұшуға жарамдылығы сертификатын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты
Стандарт жаңа редакцияда жазылды ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің м.а. 09.10.2019 жылғы № 763 Бұйрығына сәйкес (28.04.2015 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 08.11.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Осы Стандарт күшін жойды 2020 жылғы 31 қазаннан бастап ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 13.10.2020 жылғы № 527 Бұйрығына сәйкес
Редакция 08.11.2019 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен 
1. «Аса жеңiл авиация әуе кемесiнiң ұшуға жарамдылығы сертификатын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет).
2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) әзірледі.
3. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті Министрліктің Азаматтық авиация комитеті (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
Мемлекеттік қызметті көрсетуге өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру www.egov.kz «электрондық үкімет» веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады.
2-тарау. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі
4. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі құжаттар топтамасын көрсетілетін қызметті берушіге портал арқылы тапсырған сәттен бастап 15 (он бес) жұмыс күні.
Ұсынылған құжаттарды қосымша зерделеу немесе тексеру қажет болған жағдайда қарау мерзімі 10 (он) жұмыс күніне дейін ұзартылады.
5. Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны: электрондық (ішінара автоматтандырылған).
6. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі – аса жеңiл авиация әуе кемесiнiң ұшуға жарамдылығы сертификатын беру
Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны: электрондық (ішінара автоматтандырылған).
Порталда көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нәтижесі көрсетілетін қызметті алушының порталдағы «жеке кабинетіне» көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті тұлғасының электронды цифрлық қолымен (бұдан әрі - ЭЦҚ) куәландырылған электрондық құжат нысанында жіберіледі.
7. Мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі.
8. Порталдың жұмыс кестесі – тәулік бойы жөндеу жұмыстарын жүргізу мақсатындағы техникалық үзілістерді қоспағанда (көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс күндері және Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес мереке күндері жүгінген жағдайда мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерін беру келесі жұмыс күнінде жүзеге асырылады).
9. Көрсетілетін қызметті алушы портал арқылы жүгінген кезде мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттардың тізбесі:
1) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына қосымшаға сәйкес көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сымен куәландырылған өтінімінің электрондық көшірмесі;
2) аса жеңiл авиацияның әуе кемесi данасының сәйкестiк куәлiгiнiң немесе үлгi сертификатының электрондық көшiрмесi.
Портал арқылы көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетіне» мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу күні және уақыты көрсетіле отырып, мемлекеттік қызметті көрсету үшін сұрау салудың қабылданғаны туралы мәртебе жіберіледі
Жеке тұлғаны куәләндыратын, заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы мәліметтерді, жеке кәсіпкер ретінде мемлекеттік тіркеу, азаматтық әуе кемесін мемлекеттік тіркеу, авиациялық жұмыстарды орындауға рұқсат беру туралы куәлікті және Пайдаланушыға сертификатын, орындағы шу бойынша сертификатын, радиостанция сертификатын қызмет көрсетуші «электронды үкімет» шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік информациялық жүйелерден алады.
Көрсетілетін қызметті алушы осы стандартта көзделген тізбеге сәйкес құжаттардың толық топтамасын және (немесе) қолданылу мерзімі өткен құжаттарды ұсынбаған жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші өтінішті қабылдаудан бас тартады.
Қызмет алушысы осы стандарттағы тізімге сәйкес және (немесе) мерзімі өткен құжаттардың толық емес пакетін ұсынған жағдайда, қызмет көрестуші өтінішті қабылдамайды.
10. Мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тартудың себептері:
1) Әуе кемесі ұшуға жарамдылық талаптарына сәйкес болмағанда;
2) Қызмет алушының жіберген құжаттарының (немесе) деректерінің (ақпараттарының) сенімсіздік тудырған жағдайда;
3) Қызмет алушының және (немесе) жіберген қажеттi мәлiметтердi, деректердiң берілген ақпаратқа сәйкес келмеуі;
4) Көрсетілетін қызметті алушыға қатысты оның қызметіне немесе мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуды талап ететін жекелеген қызмет түрлеріне тыйым салу туралы соттың заңды күшіне енген шешімінің (үкімінің) болуы;
5) Көрсетілетін қызметті алушыға қатысты соттың заңды күшіне енген үкімінің болуы, оның негізінде көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алумен байланысты арнаулы құқығынан айырылуы бойынша мемлекеттік қызметтерді көрсетуден бас тартады.
3-тарау. Мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі
11. Мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 13-тармағында көрсетілген мекенжай бойынша беріледі.
Шағым пошта арқылы не жазбаша нысанда көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрліктің кеңсесі арқылы қолма-қол беріледі.
Шағымды қабылдаған адамның тегі және аты-жөні, берілген шағымға жауап алу мерзімі мен орны көрсетіле отырып, көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрліктің кеңсесінде оны тіркеу (мөртаңба, кіріс нөмірі және күні) шағымның қабылданғанын растау болып табылады.
Портал арқылы жүгінген кезде шағымдану тәртібі туралы ақпаратты бірыңғай байланыс орталығының 1414 телефоны арқылы алуға болады.
Шағымды портал арқылы жіберген кезде көрсетілетін қызметті алушыға «жеке кабинетінен» көрсетілетін қызметті беруші өтінішті өңдеу барысында жаңартылатын өтініш туралы ақпарат (жеткізілуі, тіркелуі, орындалуы туралы белгілер, қарау немесе қараудан бас тарту туралы жауап) қолжетімді болады.
Көрсетілетін қызметті берушінің мекенжайына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде қаралуға тиіс.
Көрсетілетін қызметті алушы көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда, мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағыммен жүгіне алады.
Мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап он бес жұмыс күні ішінде қаралуға тиіс.
жеке тұлғаның – тегі, аты, сондай-ақ қалауы бойынша әкесінің аты, пошталық мекенжайы;
заңды тұлғаның – атауы, пошталық мекенжайы, шығыс нөмірі және күні көрсетіледі. Өтінішке көрсетілетін қызметті алушы қол қоюға тиіс.
4-тарау. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті, оның ішінде электрондық нысанда көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып қойылатын өзге де талаптар
13. Мемлекеттік қызметті көрсету орындарының мекенжайлары көрсетілетін қызметті берушінің www.miid.gov.kz («Азаматтық авиация комитеті» бөлімінің «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер» кіші бөлімінде) интернет-ресурсында орналастырылған.
14. Шағым осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 13-тармағында көрсетілген мекенжай бойынша көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына не мына мекенжай бойынша Министрлік басшысының атына беріледі: 010000, Нұр-Сүлтан қаласы, Қабанбай батыр даңғылы 32/1, электрондық поштаның мекенжайы: caa@miid.gov.kz, қабылдау бөлмесінің телефоны: 8 (7172) 74-48-02.
15. Көрсетілетін қызметті алушының порталдың «жеке кабинеті», сондай-ақ мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы арқылы қашықтықтан қол жеткізу режимінде мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі және мәртебесі туралы ақпаратты алу мүмкіндігі бар.
16. Мемлекеттік қызметті көрсету мәселелері бойынша анықтаманы Министрліктің интернет-ресурсында көрестілген www.mіid.gov.kz қызмет берушінің телефондары арқылы немесе мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы: 1414 арқылы алуға болады.
«Аса жеңіл авиация
әуе кемесiнiң ұшуға жарамдылығы
сертификатын беру»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет
стандартына
қосымша
1. Тiзiлiмге ____ ж. «___» ____ № ___ енгiзiлген аса жеңiл авиацияның әуе кемесiнiң ұшуға жарамдылық
сертификатын берудi сұраймын: 
Түрi ______________________________________________________________ 
Әуе кемесiнiң мақсаты ______________________________________________
1.1. Әуе кемесiнің сериялық (зауыттық) нөмiрi __________________________ 
1.2. Әуе кемесi жасалған күні ________________________________________ 
1.3. Жасап шығарушының атауы ______________________________________ 
1.4. Жасап шығарушы мемлекет ______________________________________ 
1.5. Үлгi сертификаты (немесе балама құжат): № ___________________________________________________, берiлген күнi 
1. Өтiнiш берушi туралы мәлiметтер: 
2.1. Мекенжайы ____________________________________________________
2.2. Телефоны ____________________ Факсы ___________________________ 
2.3. Электрондық поштасының мекенжайы (бар болса)_____________________
2.4. Жеке сәйкестендiру нөмiрi (ЖСН)___________________________________ 
2.5. Бизнес сәйкестендiру нөмiрi (БИН)__________________________________ 
2.6. Егер әуе кемелерін пайдаланушы – жеке тұлға болса: 
Тегi, аты, әкесінің аты_________________________________________________ 
2.7. Егер әуе кемелерін пайдаланушы – заңды тұлға болса: 
Ұйымның толық атауы________________________________________________ 
Басшының тегi, аты, әкесiнiң аты_______________________________________ 
3. Әуе кемесінің орналасқан жерi_______________________________________
4. Соңғы жөндеу жүргiзiлген күнi мен орны _____________________________ 
5. Әуе кемесiнiң ұшуы _______________________________________________ 
пайдалану басталғаннан бері: __________ сағ. ____ соңғы _____________ жыл 
соңғы жөндеуден кейiн: ______________ сағ. ____ соңғы _____________ жыл 
6. Жөндеуге дейiн қалған ресурс: _____ сағ. ____ соңғы ______________ жыл 
7. Массасы, кг ________________ Орталықтандыру, % ___________________ 
8. Техникалық жай-күйін бағалау актiсi бекiтілген күні ___________________ 
9. Техникалық байқауды кiм жүргiздi __________________________________ 
10. Әуе кемесiн жетiлдiрудi, өзгертудi орындаған ұйым, орындау күнi _________________________________________________________________ 
11. Пайдаланушының заңды мекенжайы, телефоны, факсы__________________ 
12. Пошталық мекенжайы:_____________________________________________
Мөр орны (болған жағдайда) __________________________________________       
(лауазымы)
Полная версия
ИС BestProfi