Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 31.10.2020
Қазақстан Республикасы
 Инвестициялар және даму
 министрiнiң
 2015 жылғы 28 сәуірдегі
 № бұйрығына 10-қосымша
«Азаматтық әуе кемесі үлгісінің сертификатын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты
Стандарт жаңа редакцияда жазылды ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің м.а. 09.10.2019 жылғы № 763 Бұйрығына сәйкес (28.04.2015 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 08.11.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Осы Стандарт күшін жойды 2020 жылғы 31 қазаннан бастап ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 13.10.2020 жылғы № 527 Бұйрығына сәйкес
Редакция 08.11.2019 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен 
1. «Азаматтық әуе кемесінің үлгі сертификатын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет).
2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) әзірледі.
3. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті Министрліктің Азаматтық авиация комитеті (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) көрсетеді.
Мемлекеттік қызметті көрсетуге өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру:
1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы
2) www.egov.kz «электрондық үкімет» веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады.
2-тарау. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі
4. Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдері:
1) көрсетілетін қызметті беруші құжаттар топтамасын тапсырған және порталға жүгінген сәттен бастап:
әуе кемесі үлгіс сертификатын беру – 15 (он бес) жұмыс күні;
2) көрсетілетін қызметті берушіге құжаттар топтамасын тапсыру үшін күтудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 20 (жиырма) минут;
3) көрсетілетін қызметті алушыға қызмет көрсетудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 30 (отыз) минут.
5. Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны: электронды (ішінара автоматтандырылған) және (немесе) қағаз.
6. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі – Қазақстан Республикасының азаматтық әуе кемесінің үлгі сертификаты.
Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: электронды және (немесе) қағаз.
Портал арқылы мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуға электрондық сұрау салу жіберілген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушының порталдағы «жеке кабинетіне» көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті тұлғасының электронды цифрлық қолымен (бұдан әрі - ЭЦҚ) куәландырылған электрондық құжат нысанындағы дайындығы туралы хабарлама алады.
7. Мемлекеттік қызмет ақылы негізде жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) көрсетіледі.
Азаматтық әуе кемесінің үлгісін сертификаттау үшін алым «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» (Салық кодексі) Қазақстан Республикасының Кодексінде белгіленген тәртіппен және мөлшерлерде жүзеге асырылады.
Азаматтық әуе кемесінің типін сертификаттау үшін алым мөлшерлемелері санатына байланысты мыналарды құрайды:
1) ұшақ үшін – алым төленетін күні қолданыстағы 10 000 айлық есептік көрсеткіш;
2) тікұшақ үшін – алым төленетін күні қолданыстағы 5 000 айлық есептік көрсеткіш;
3) басқа ұшу аппараттары үшін – алым төленетін күні қолданыстағы 1 000 айлық есептік көрсеткіш.
Типті сертификаттау көрсетілетін қызметті алушының орналасқан жері бойынша көрсетілген алым бюджетке төленгеннен кейін жүзеге асырылады.
Алым төлемі екінші деңгейдегі банктер және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар арқылы қолма-қол және қолма-қол ақшасыз нысанда және портал арқылы мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуға электрондық сұрау салу жіберілген жағдайда, төлемді «электрондық үкіметтің» төлем шлюзі (бұдан әрі – ЭҮТШ) арқылы жүзеге асыруға болады.
1) көрсетілетін қызметті берушінің: Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда, сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін.
Мемлекеттік қызметті көрсетуге өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету сағат 9:00-ден 13:00-га дейін.
Мемлекеттік қызметтің нәтижелерін беру сағат 15:00-ден 18:00-га дейін.
Қабылдау және нәтижелерді беру алдын ала жазылусыз және жеделдетілген қызмет көрсетусіз, кезек күту тәртібімен жүзеге асырылады;
2) порталдың-тәулік бойы жөндеу жұмыстарын жүргізу мақсатындағы техникалық үзілістерді қоспағанда (көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс күндері және Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес мереке күндері жүгінген жағдайда мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерін беру келесі жұмыс күнінде жүзеге асырылады).
9. Көрсетілетін қызметті алушы (не оның сенімхат бойынша өкілі) көрсетілетін қызметті берушіге жүгінген кезде мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттардың тізбесі:
осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес азаматтық әуе кемесінің үлгі сертификатын беру туралы өтініш;
ұшуға пайдалану жөніндегі нұсқаулық;
материалдың негізгі өлшемдері мен маркалары көрсетілген негізгі күш тораптарының, оның ішінде қанатын бекіту, тірек тораптарының, қозғалтқыштың, шассидің сызбалары (эскиздері);
отын және тежегіш жүйелерінің, электр жабдығының, басқару жүйесінің схемалары;
үлгінің фотосуреттері (алдынан, жанынан, артынан);
әуе кемесінің үлгісін зауыттық, мемлекеттік және пайдалануда сынау нәтижелері;
схемалары, жүйелері, негізгі сипаттамалары, үлгі сертификатталатын диапазонда күтілетін пайдалану шарттары мен шектеулерінің қысқаша сипаттамасы, сондай-ақ осы үлгіге қолданылатын ұшуға жарамдылығы нормалары тарауларының, бөлімдері мен тармақтарының, оның ұшуға жарамдылығына қатысты арнайы техникалық шарттардың және қоршаған ортаны қорғауға қойылатын талаптардың тізбесі қысқаша сипатталатын техникалық құжаттама;
азаматтық әуе кемесінің типін сертификаттау үшін алымның төленгенін растайтын құжаттың көшірмесі.
ескертпе: "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2012 жылғы 24 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы қолданысқа енгізілгенге дейін берілген заңды тұлғаны (филиалды, өкілдікті) мемлекеттік (есептік) тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәлік заңды тұлғаның қызметі тоқтатылғанға дейін жарамды болып табылады.
Жеке тұлғаны куәләндыратын, заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы мәліметтерді, жеке кәсіпкер ретінде мемлекеттік тіркеу, азаматтық әуе кемесін мемлекеттік тіркеу, авиациялық жұмыстарды орындауға рұқсат беру туралы куәлікті және пайдаланушы сертификатын, орындағы шу бойынша сертификатын, радиостанция сертификатын қызмет көрсетуші "электронды үкімет" шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік информациялық жүйелерден алады.
Көрсетілетін қызметті алушы осы тармақта тізбеленген барлық құжаттарды тапсырған кезде:
көрсетілетін қызметті берушіге – қағаз жеткізгіште өтініштің қабылданғанын растау құжаттар топтамасын қабылдау күні мен уақыты көрсетіле отырып, көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде оның көшірмесіндегі тіркеу туралы белгі болып табылады.
Көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушіге портал арқылы жүгінген кезде мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттардың тізбесі:
1) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына сәйкес көрсетілетін қызметті алушының нысан бойынша өтінім;
2) ұшуға пайдалану жөніндегі нұсқаулық;
4) материалдың негізгі өлшемдері мен маркалары көрсетілген негізгі күш тораптарының, оның ішінде қанатын бекіту, тірек тораптарының, қозғалтқыштың, шассидің сызбалары (эскиздері);
5) отын және тежегіш жүйелерінің, электр жабдығының, басқару жүйесінің схемалары;
6) үлгінің фотосуреттері (алдынан, жанынан, артынан);
7) схемалары, жүйелері, негізгі сипаттамалары, үлгі сертификатталатын диапазонда күтілетін пайдалану шарттары мен шектеулерінің қысқаша сипаттамасы, сондай-ақ осы үлгіге қолданылатын ұшуға жарамдылығы нормалары тарауларының, бөлімдері мен тармақтарының, оның ұшуға жарамдылығына қатысты арнайы техникалық шарттардың және қоршаған ортаны қорғауға қойылатын талаптардың тізбесі қысқаша сипатталатын техникалық құжаттама.
8) азаматтық әуе кемесінің үлгісін сертификаттағаны үшін алымның төленгенін растайтын құжаттың көшірмесі.
Портал арқылы көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетіне» мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу күні және уақыты көрсетіле отырып, мемлекеттік қызметті көрсету үшін сұрау салудың қабылданғаны туралы мәртебе жіберіледі.
Жеке тұлғаны куәләндыратын, заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы мәліметтерді, жеке кәсіпкер ретінде мемлекеттік тіркеу, азаматтық әуе кемесін мемлекеттік тіркеу, авиациялық жұмыстарды орындауға рұқсат беру туралы куәлікті және Пайдаланушыға сертификатын, орындағы шу бойынша сертификатын, радиостанция сертификатын қызмет көрсетуші «электронды үкімет» шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік информациялық жүйелерден алады.
Қызмет алушысы осы стандарттағы тізімге сәйкес және (немесе) мерзімі өткен құжаттардың толық емес пакетін ұсынған жағдайда, қызмет көрестуші өтінішті қабылдамайды.
10. Мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тартудың себептері:
1) Әуе кемесі ұшуға жарамдылық талаптарына сәйкес болмағанда;
2) Қызмет алушының жіберген құжаттарының (немесе) деректерінің (ақпараттарының) сенімсіздік тудырған жағдайда;
3) Қызмет алушының және (немесе) жіберген қажеттi мәлiметтердi, деректердiң берілген ақпаратқа сәйкес келмеуі;
4) Көрсетілетін қызметті алушыға қатысты оның қызметіне немесе мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуды талап ететін жекелеген қызмет түрлеріне тыйым салу туралы соттың заңды күшіне енген шешімінің (үкімінің) болуы;
5) Көрсетілетін қызметті алушыға қатысты соттың заңды күшіне енген үкімінің болуы, оның негізінде көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алумен байланысты арнаулы құқығынан айырылуы бойынша мемлекеттік қызметтерді көрсетуден бас тартады.
3-тарау. Мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі
11. Мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 13-тармағында көрсетілген мекенжай бойынша беріледі.
Шағым пошта арқылы не жазбаша нысанда көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрліктің кеңсесі арқылы қолма-қол беріледі.
Шағымды қабылдаған адамның тегі және аты-жөні, берілген шағымға жауап алу мерзімі мен орны көрсетіле отырып, көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрліктің кеңсесінде оны тіркеу (мөртаңба, кіріс нөмірі және күні) шағымның қабылданғанын растау болып табылады.
Портал арқылы жүгінген кезде шағымдану тәртібі туралы ақпаратты бірыңғай байланыс орталығының 1414 телефоны арқылы алуға болады.
Шағымды портал арқылы жіберген кезде көрсетілетін қызметті алушыға «жеке кабинетінен» көрсетілетін қызметті беруші өтінішті өңдеу барысында жаңартылатын өтініш туралы ақпарат (жеткізілуі, тіркелуі, орындалуы туралы белгілер, қарау немесе қараудан бас тарту туралы жауап) қолжетімді болады.
Көрсетілетін қызметті берушінің мекенжайына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде қаралуға тиіс.
Көрсетілетін қызметті алушы көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда, мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағыммен жүгіне алады.
Мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап он бес жұмыс күні ішінде қаралуға тиіс.
жеке тұлғаның – тегі, аты, сондай-ақ қалауы бойынша әкесінің аты, пошталық мекенжайы;
заңды тұлғаның – атауы, пошталық мекенжайы, шығыс нөмірі және күні көрсетіледі. Өтінішке көрсетілетін қызметті алушы қол қоюға тиіс.
12. Көрсетілетін қызметті алушының көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқығы бар.
4-тарау. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті, оның ішінде электрондықт нысанда көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып қойылатын өзге де талаптар
13. Мемлекеттік қызметті көрсету орындарының мекенжайлары көрсетілетін қызметті берушінің www.miid.gov.kz («Азаматтық авиация комитеті» бөлімінің «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер» кіші бөлімінде) интернет-ресурсында орналастырылған.
14. Шағым осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 16-тармағында көрсетілген мекенжай бойынша көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына не мына мекенжай бойынша Министрлік басшысының атына беріледі: 010000, Нұр-Сүлтан қаласы, Қабанбай батыр даңғылы 32/1, электрондық поштаның мекенжайы: caa@miid.gov.kz, қабылдау бөлмесінің телефоны: 8 (7172) 74-48-02.
«Азаматтық әуе кемесі
үлгісінің сертификатын беру»
мемлекеттік көрсетілетін
қызмет стандартына
қосымша
1. Әуе кемесін сертификаттауды және тип сертификатын беруді сұраймын. 
Тип ___________________________________________________________ 
Әуе кемесінің мақсаты _________________________________________ 
Әуе кемесінің жасалған күні ___________________________________ 
Дайындаушының атауы _______________________________________ 
2. Өтініш беруші туралы мәліметтер(заңды тұлға/жеке тұлға): 
БСН/ЖСН____________________________________________________ 
Мекенжайы _____________________________________________________ 
Телефоны: __________________ 
Факсы: ___________________________
Электрондық поштасының мекенжайы (ол болған жағдайда) _________ 
Егер ӘК жасаушы жеке тұлға болса: Тегі, аты, әкесінің аты _______________________________________ 
Егер ӘК жасаушы заңды тұлға болса: Ұйымның толық атауы ___________________________________________
Басшының тегі, аты, әкесінің аты ______________________________ 
Өзара іс-қимылды қамтамасыз етуге жауапты қызметкердің тегі, аты, әкесінің аты, телефоны _________________________________________ 
3. ӘК типінің орналасқан жері _________________________________ 
4. Массасы, кг _______________ Орталықтандыру, % СAX __________
«Азаматтық әуе кемесі
үлгісінің сертификатын беру»
мемлекеттік көрсетілетін
қызмет стандартына
қосымша
Куәландырылған электрондық құжат өтінімі
1. Әуе кемесін сертификаттауды және тип сертификатын беруді сұраймын. 
Тип ___________________________________________________________ 
Әуе кемесінің мақсаты _________________________________________ 
Әуе кемесінің жасалған күні ___________________________________ 
Дайындаушының атауы _______________________________________ 
2. Өтініш беруші туралы мәліметтер(заңды тұлға/жеке тұлға): 
БСН/ЖСН____________________________________________________
Мекенжайы _____________________________________________________ 
Телефоны: __________________ 
Факсы: ___________________________
Электрондық поштасының мекенжайы (ол болған жағдайда) _________ 
Егер ӘК жасаушы жеке тұлға болса: Тегі, аты, әкесінің аты _______________________________________ 
Егер ӘК жасаушы заңды тұлға болса: Ұйымның толық атауы ___________________________________________
Басшының тегі, аты, әкесінің аты ______________________________ 
Өзара іс-қимылды қамтамасыз етуге жауапты қызметкердің тегі, аты, әкесінің аты, 
телефоны _________________________________________ 
3. ӘК типінің орналасқан жері _________________________________ 
4. Массасы, кг _______________ 
Орталықтандыру, % СAX __________
Полная версия
ИС BestProfi