Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 09.10.2020
Әлеуметтік мәні бар аурулардың және айналадағылар үшін қауіп төндіретін аурулардың тізбесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 21 мамырдағы № 367 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 30 маусымда № 11512 тіркелді
Осы Бұйрық күшін жойды 2020 жылғы 9 қазаннан бастап ҚР Денсаулық сақтау министрінің 23.09.2020 жылғы № ҚР ДСМ-108/2020 Бұйрығына сәйкес  
Редакция 15.02.2020 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Кодексінің 7-бабының 89) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес Әлеуметтік мәні бар аурулардың және айналадағылар үшін қауіп төндіретін аурулардың тізбесі бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің Медициналық көмекті ұйымдастыру департаменті:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді; 
2) осы бұйрықты мемлекеттік тіркегеннен кейін күнтізбелік он күннің ішінде мерзімдік баспа басылымдарында және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберуді; 
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін. 
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму вице-министрі А.В. Цойға жүктелсін.
4. Осы бұйрық оны алғашқы ресми жариялаған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрі Т. Дүйсенова
«КЕЛІСІЛГЕН» 
Қазақстан Республикасының 
Ұлттық экономика министрі 
Е. Досаев _______________ 
2015 жылғы 29 мамыр
Қазақстан Республикасы
 Денсаулық сақтау және
 әлеуметтік даму министрінің
 2015 жылғы 21 мамырдағы
 № 367 бұйрығымен
 бекітілген
Әлеуметтік мәні бар аурулардың тізбесі
Тізбе жаңа редакцияда жазылды ҚР Денсаулық сақтау министрінің 03.07.2017 жылғы № 451 Бұйрығына сәйкес (21.05.2015 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 15.08.2017 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
Тізбе жаңа редакцияда жазылды ҚР Денсаулық сақтау министрінің 31.01.2020 жылғы № ҚР ДСМ-7/2020 Бұйрығына сәйкес (03.07.2017 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 15.02.2020 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)

Аурулар

АХЖ 10 кодтары

1

Туберкулез

A15-A19;

2

Адамның иммунитет тапшылығы вирусы (АИВ) тудыратын ауру

B20-B24;

3

Созылмалы вирустық гепатиттер және бауыр циррозы

В18.0, В18.1, В18.2, В18.8, В19, К74;

4

Қатерлі ісіктер

С00-97; D00-09; D37-48;

5

Қант диабеті

E10-E14;

6

Психикалық бұзылулар және мінез-құлықтың бұзылуы

F00-F99;

7

Балалардың церебралдық параличі

G80;

8

Миокардтың жіті инфаргі (алғашқы 6 ай)

I21, I22, I23;

9

Ревматизм

I00-I02; I05-I09; M12.3; M35.3;

10

Дәнекер тіннің жүйелі зақымданулары

M30-M36;

11

Нерв жүйесінің дегенерациялық аурулары

G30-G32;

12

Орталық нерв жүйесінің миелинсіздендіруші аурулары

G35-G37;

13

«Орфандық (сирек кездесетін) аурулардың тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 22 мамырдағы № 370 бұйрығымен айқындалған орфандық аурулар (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11511 болып тіркелген, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 15 шілдеде жарияланған)

В55, D56, D56.0-D56.2, D56.4, D57, D57.0-D57.2, D59.5, D61.9, D69.3, D76.0, D80-D84, Е53.1, E74.0, E75.2, E76.0- E76.2, E80.2, E83.0, Е84.8, E85.0, Е88.0, G12.2, G35, G40.4, G93.4, J84, J84.0, J84.1, J84.8, J84.9, I27.0, K50, K51, L10, L13.0, M08.2, М30.3, М31.3, M31.4, М31.8, М32.1, М33, М33.2, M35.2, Q78.0, Q80, Q81

Айналадағылар үшін қауіп төндіретін аурулардың тізбесі

Аурулар

АХЖ-10 кодтары

1

Адамның иммунитет тапшылығы вирусы тудыратын ауру (АИВ)

B20-B24;

2

Геморрагиялық қызба

А90-А99;

3

Дифтерия

А36;

4

Менингококтік жұқпа

А39;

5

Полиомиелит

А80;

6

Мерез

А50-А53.9

7

Алапес

А30;

8

Безге к

В50-54;

9

Күйдіргі

А22;

10

Туляремия

А21;

11

Туберкулез

А15.0- А19;

12

Тырысқақ

А00;

13

Оба

А20;

14

Іш сүзегі

A01.0.

15

Жіті вирустық гепатит

В 15; 16; 17;

16

Психикалық бұзылулар және мінез-құлықтың бұзылуы

F06.0-F06.3, F06.8-F07.9, F10.2-F10.8, F11.2-F11.8, F12.2-F12.8, F13.2-F13.8, F14.2-F14.8, F15.2-F15.8, F16.2-F16.8, F18.2-F18.8, F19.2-F19.8, F20.0-F20.2, F22, F30.2, F31.2, F31.4-F31.5, F32.2-F32.3, F33.2-F33.3, F60.0-F60.3, F70-F79, F91.1-F91.3;

17

Анықталмаған локализациядағы коронавирустық инфекция

В 34.2

Полная версия
ИС BestProfi