Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 21.11.2020
Өсімдік шаруашылығындағы міндетті сақтандыру шартының үлгі нысанын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің м.а. 2015 жылғы 29 шілдедегі № 9-2/702 бұйрығы
Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 4 қыркүйекте № 12024 болып тіркелді
Осы Бұйрық күшін жойды 2020 жылғы 21 қарашадан бастап ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 20.10.2020 жылғы № 321 Бұйрығына сәйкес 
«Өсiмдiк шаруашылығындағы мiндеттi сақтандыру туралы» 2004 жылғы 10 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабы 2-тармағының 12-1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған өсiмдiк шаруашылығындағы мiндеттi сақтандыру шартының үлгi нысаны бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Инвестициялық саясат және қаржы құралдары департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялануға жіберілуін;
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушы С. Омаров
«КЕЛІСІЛГЕН»
Қазақстан Республикасының
Ішкі істер министрінің
міндетін атқарушы
 _____________ Р. Жақыпов
2015 жылғы 30 шілде
«КЕЛІСІЛГЕН»
Қазақстан Республикасының
Энергетика министрінің
міндетін атқарушы
 ___________ Ұ. Қарабалин
2015 жылғы 31 шілде
Қазақстан Республикасы
 Ауыл шаруашылығы министрінің
 міндетін атқарушының
 2015 жылғы 29 шілдедегі
 № 9-2/702 бұйрығымен
 бекітілген
Өсiмдiк шаруашылығындағы мiндеттi сақтандыру шартының үлгi нысаны
_______ қаласы № ___ 20__ жылғы «___»_____ ______ сериясы_____
       Бiрлесiп Тараптар, ал жеке Тарап деп аталатын, бұдан әрi «Сақтандырушы» деп аталатын, ___________________ атынан ___________ негiзiнде әрекет ететiн ________________ бiр тараптан және «Сақтанушы» деп аталатын, ___________ атынан ____________ негiзiнде әрекет ететiн _____________________________________________________ екiншi тараптан Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 1 шілдедегі Азаматтық кодексi (ерекше бөлім) және «Өсiмдiк шаруашылығындағы мiндеттi сақтандыру туралы» Қазақстан Республикасы 2004 жылғы 10 наурыздағы Заңының (бұдан әрi - Заң) негiзiнде төмендегi туралы осы Мiндеттi сақтандыру шартын (бұдан әрi - Шарт) жасасты:
1. Шартта мынадай негiзгi ұғымдар пайдаланылады:
1) астықтан түсетін болжамды кіріс - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2007 жылғы 14 мамырдағы № 316 бұйрығымен (Нормативтiк құқықтық актілерінің тізімінде № 4707 болып тіркелген) бекітілген Егістіктің жойылған алаңын анықтау әдістемесіне сәйкес комиссия айқындайтын кіріс;
2) бағалаушы (тәуелсіз сарапшы) - бағалау қызметін жүзеге асыруға лицензиясы бар жеке немесе заңды тұлға;
3) егістіктің толық жойылуы - одан әрі өсіруге және астық жинауға арналған шығындар астықтан түсетін болжамды кірістен асып түсетін, егістікке қолайсыз табиғат құбылысы әсерінің салдары;
Полная версия
ИС BestProfi