Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 04.01.2021
Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде медициналық қызметтер көрсететін денсаулық сақтау субъектілерінің жұмыскерлерін көтермелеу қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 29 мамырдағы № 429 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 1 шілдеде № 11526 тіркелді
Осы Бұйрық күшін жойды 2021 жылғы 4 қантардан бастап ҚР Денсаулық сақтау министрінің 15.12.2020 жылғы № ҚР ДСМ-278/2020 Бұйрығына сәйкес  
Осы Бұйрықтың тақырыбы жаңа редакцияда жазылды ҚР Денсаулық сақтау министрінің 25.08.2017 жылғы № 643 Бұйрығына сәйкес (30.05.2017 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту қолданысқа енгізіледі 01.01.2018 жылдан бастап)
Редакция 02.04.2020 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен 
«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Кодексінің 7-бабының 1-тармағының 11) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде медициналық қызметтер көрсететін денсаулық сақтау субъектілерінің жұмыскерлерін көтермелеу қағидалары бекітілсін.
1-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Денсаулық сақтау министрінің 25.08.2017 жылғы № 643 Бұйрығына сәйкес (30.05.2017 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту қолданысқа енгізіледі 01.01.2018 жылдан бастап)
2. Осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
3. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің Медициналық қызметке ақы төлеу комитеті:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін күнтізбелік он күннің ішінде оны мерзімді баспасөз басылымдарында және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберуді;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін күнтізбелік он күннің ішінде осы бұйрықтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шараларды орындау жөніндегі мәліметтерді Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму бірінші вице-министрі С.З.Қайырбековаға жүктелсін.
5. Осы бұйрық оны алғашқы ресми жариялаған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрі Т. Дүйсенова
Қазақстан Республикасы  
Денсаулық сақтау және  
әлеуметтік даму министрінің  
2015 жылғы 29 мамырдағы  
№ 429 бұйрығына  
1-қосымша
Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде медициналық қызметтер көрсететін денсаулық сақтау субъектілерінің жұмыскерлерін көтермелеу қағидалары
Қағидалар тақырыбы жаңа редакцияда жазылды ҚР Денсаулық сақтау министрінің 25.08.2017 жылғы № 643 Бұйрығына сәйкес (30.05.2017 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту қолданысқа енгізіледі 01.01.2018 жылдан бастап)
1-тарау. Жалпы ережелер
1-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда жазылды ҚР Денсаулық сақтау министрінің 30.05.2017 жылғы № 349 Бұйрығына сәйкес (29.05.2015 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс және 01.01.2017 жылдан бастап туындаған құқықтық қатынастарға қолданылады) 11.07.2017 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
1. Осы Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде медициналық қызметтер көрсететін денсаулық сақтау субъектілерінің жұмыскерлерін көтермелеу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде медициналық қызметтер көрсететін денсаулық сақтау субъектісінің (бұдан әрі – денсаулық сақтау субъектісі) жұмыскерлерін көтермелеу тәртібін айқындайды.
1-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Денсаулық сақтау министрінің 25.08.2017 жылғы № 643 Бұйрығына сәйкес (30.05.2017 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту қолданысқа енгізіледі 01.01.2018 жылдан бастап)
2. Денсаулық сақтау субъектісінің қызметкерлерін көтермелеу:
2-тармақ өзгертілді ҚР Денсаулық сақтау министрінің 25.08.2017 жылғы № 643 Бұйрығымен (30.05.2017 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту қолданысқа енгізіледі 01.01.2018 жылдан бастап)
2-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Денсаулық сақтау министрінің 27.03.2020 жылғы № ҚР ДСМ-21/2020 Бұйрығына сәйкес (05.11.2019 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 02.04.2020 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
2-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Денсаулық сақтау министрінің 18.07.2020 жылғы № КР ДСМ - 86/2020 Бұйрығына сәйкес (27.03.2020 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 01.04.2020 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
сараланған қосымша ақы түрінде бюджеттік және бюджеттен тыс қаражаттың қалыптасқан үнемдеуінің (бұдан әрі – қаражатты үнемдеу) есебінен;
тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсететін денсаулық сақтау субъектілерінде (бұдан әрі – МСАК субъектісі) кешенді жан басына шаққандағы нормативтің ынталандырушы компонентінің (бұдан әрі – КЖНЫК) қаражаты есебінен жүзеге асырылады.
Полная версия
ИС BestProfi