Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 01.07.2019
Документ показан в демонстрационном режиме!
Қазақстан Республикасы
 Әділет министрінің
 2015 жылғы 24 сәуірдегі
 № 233 бұйрығына
 3-қосымша
Заңды тұлғаларды тіркеу (қайта тіркеу) туралы, олардың филиалдары мен өкілдіктерін есептік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтама беру
Стандарт жаңа редакцияда жазылды ҚР Әділет министрінің 28.01.2016 жылғы № 46 Бұйрығына сәйкес (24.04.2015 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту қолданысқа енгізіледі 01.03.2016 жылдан бастап)
Стандарттың тақырыбы жаңа редакцияда жазылды ҚР Әділет министрінің 31.10.2016 жылғы № 948 Бұйрығына сәйкес (28.01.2016 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 28.11.2016 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
Осы Стандарт күшін жойды 2019 жылғы 1 шілдеден бастап ҚР Әділет министрінің 26.06.2019 жылғы № 349 Бұйрығына сәйкес
="red">Редакция 03.03.2018 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
1. «Заңды тұлғаларды тіркеу (қайта тіркеу) туралы, олардың филиалдары мен өкілдіктерін есептік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет).
2. Мемлекеттік қызмет көрсету стандартын Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі (бұдан әрі - Министрлік) әзірледі.
3. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті Министрлік және аумақтық әділет органдары (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
3-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Денсаулық сақтау министрінің м.а. 05.01.2018 жылғы № 24 Бұйрығына сәйкес (27.04.2017 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 20.02.2018 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беруді:
1) «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация);
2) www.egov.kz «электрондық үкімет» веб-порталы (бұдан әрі – Портал) арқылы жүзеге асырылады.
2. Мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібі
4. Мемлекеттік корпорация және порталға жүгінген кезде мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдері:
құжаттар топтамасын тапсырған сәттен бастап – 20 (жиырма) минут. 
құжаттар топтамасын тапсыру үшін күтудің жол берілетін ең ұзақ уақыты – 15 минут;
Мемлекеттік корпорацияда көрсетілетін қызметті алушыға қызметтер көрсетудің жол берілетін ең ұзақ уақыты – 15 минут; 
5. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет нысаны – электрондық (автоматтандырылған).
6. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1, 2, 3 және 4-қосымшаларға сәйкес нысан бойынша заңды тұлғаны, филиалды (өкілдікті) мемлекеттік (есептік) тіркеу туралы анықтама және мемлекеттік (есептік) қайта тіркеу туралы анықтама.
6-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Денсаулық сақтау министрінің м.а. 05.01.2018 жылғы № 24 Бұйрығына сәйкес (27.04.2017 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 20.02.2018 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
Осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын 9-тармағында көзделген тізбеге сәйкес көрсетілетін қызметті алушы құжаттар топтамасын толық ұсынбаған жағдайда, Мемлекеттік корпорация қызметкері өтінішті қабылдаудан бас тартады және осы мемлекеттік көрсетілетін қызметстандартын 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхаты береді.
Мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін ұсыну нысаны: электрондық.
7. Мемлекеттік қызмет жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) тегін көрсетіледі.
7-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Денсаулық сақтау министрінің м.а. 05.01.2018 жылғы № 24 Бұйрығына сәйкес (27.04.2017 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 20.02.2018 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
Полная версия
ИС BestProfi