1. «Жеке кәсіпкерлік субъектісіне жатпайтын заңды тұлға, сондай-ақ акционерлік қоғам, олардың филиалдары мен өкілдіктері жарғысының (ережесінің) телнұсқасын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет).
Внимание! Документ утратил силу с 01.07.2019
Документ показан в демонстрационном режиме!
«Жеке кәсіпкерлік субъектісіне жатпайтын заңды тұлға, сондай-ақ акционерлік қоғам, олардың филиалдары мен өкілдіктері жарғысының (ережесінің) телнұсқасын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты
Стандарт жаңа редакцияда жазылды ҚР Әділет министрінің 28.01.2016 жылғы № 46 Бұйрығына сәйкес (24.04.2015 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту қолданысқа енгізіледі 01.03.2016 жылдан бастап) Осы Стандарт күшін жойды 2019 жылғы 1 шілдеден бастап ҚР Әділет министрінің 26.06.2019 жылғы № 349 Бұйрығына сәйкес
1. Жалпы ережелер
2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі (бұдан әрі - Министрлік) әзірледі.
3. Мемлекеттік қызметті Министрлік және аумақтық әділет органдары (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
3-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Денсаулық сақтау министрінің м.а. 05.01.2018 жылғы № 24 Бұйрығына сәйкес (31.10.2016 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 20.02.2018 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру:
1) «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация);
2) www.egov.kz «электрондық үкімет» веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады.
Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі
4. Құжаттарды тапсырған кезден бастап мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдері:
4-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Денсаулық сақтау министрінің м.а. 05.01.2018 жылғы № 24 Бұйрығына сәйкес (31.10.2016 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 20.02.2018 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
1) Мемлекеттік корпорацияда:
жеке кәсіпкерлік субъектісіне жатпайтын заңды тұлға, сондай-ақ акционерлік қоғам, олардың филиалдары мен өкілдіктері жарғысының телнұсқасын беру үшін: қажетті құжаттарды қоса бере отырып, өтініш берілген күннен кейін көрсетілетін қызмет берушінің орналасқан жері бойынша үш жұмыс күннен кешіктірмей, көрсетілетін қызмет берушінің орналасқан жерінен тыс сегіз жұмыс күннен кешіктірілмей жүргізіледі.
Мемлекеттік корпорацияға жүгіну кезінде қабылдау күні мемлекеттік қызмет көрсету мерзіміне кірмейді.
Құжаттар топтамасын тапсыру үшін күтудің ең ұзақ уақыты – 15 минуттан аспайды;
Көрсетілетін қызметті алушыға қызмет көрсетудің рұқсат етілетін ең ұзақ уақыты – 20 минуттан аспайды;
2) порталда –үш жұмыс күн ішінде.
5. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет нысаны: электрондық (ішінара автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрінде.
6. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі:
6-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Денсаулық сақтау министрінің м.а. 05.01.2018 жылғы № 24 Бұйрығына сәйкес (31.10.2016 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 20.02.2018 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
Полная версия