Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 07.08.2020
Документ показан в демонстрационном режиме!
Қазақстан Республикасы
Мәдениет және
спорт министрінің
2015 жылғы 17 сәуірдегі
№ 140 бұйрығына
1-қосымша
«Казино қызметімен айналысу үшін лицензия беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты
Осы Стандарт күшін жойды 2020 жылғы 7 тамыздан бастап ҚР Мәдениет және спорт министрінің 08.07.2020 жылғы № 195 Бұйрығына сәйкес
Осы Стандарт жаңа редакцияда жазылды ҚР Мәдениет және спорт министрінің 28.01.2016 жылғы № 19 Бұйрығына сәйкес (17.04.2015 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту қолданысқа енгізіледі 01.03.2016 жылдан бастап)
Осы Стандарт өзгертілді ҚР Мәдениет және спорт министрінің 03.07.2017 жылғы № 203 Бұйрығымен (28.01.2016 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 21 (жиырма бір) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 13.09.2017 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
Осы Стандарт өзгертілді ҚР Мәдениет және спорт министрінің 25.12.2018 жылғы № 374 Бұйрығымен (03.07.2017 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 26.01.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Осы Стандарт жаңа редакцияда жазылды ҚР Мәдениет және спорт министрінің 22.07.2019 жылғы № 207 Бұйрығына сәйкес (25.12.2018 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 24.08.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Редакция 24.08.2019 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
1. «Казино қызметімен айналысу үшін лицензия беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет).
2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) әзірледі.
3. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті Министрліктің Туризм индустриясы комитеті (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
Мемлекеттік қызметті көрсету өтінішін қабылдау және нәтижесін беру «электрондық үкіметтің» www.egov.kz веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады.
2-тарау. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі
4. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі құжаттар топтамасын порталға тапсырған сәттен бастап:
лицензияны қайта ресімдеу – 3 (үш) жұмыс күні.
5. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: электрондық (толық автоматтандырылған).
6. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі казино қызметімен айналысу құқығына лицензия, қайта ресімделген лицензия беру, не осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 10-тармағымен көзделген негіздемелер бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелденген жауап болып табылады.
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: электрондық түрінде.
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі – ЭЦҚ) куәландырылады.
7. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет ақылы негізде заңды тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) көрсетіледі. «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетоті төлемдер туралы» 2017 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Кодексінің 554-бабының 4-тармағына (Салық кодексі) сәйкес казино қызметімен айналысу құқығына жыл сайынғы лицензиялық алым мөлшерлемелері:
1) лицензия беру кезінде лицензиялық алым 3845 айлық есептік көрсеткішті (бұдан әрі – АЕК) құрайды;
2) лицензияны қайта ресімдеу үшін лицензиялық алым лицензия беру кезіндегі мөлшерлеменің 10 %-ын құрайды.
Төлем қолма-қол ақшалай және қолма-қол ақшасыз нысанда екінші деңгейдегі банктер және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар арқылы, сондай-ақ «электрондық үкіметтің» төлем шлюзі (бұдан әрі – ЭҮТШ) арқылы жүзеге асырылуы мүмкін.
Полная версия
ИС BestProfi