1-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда жазылды ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 29.04.2020 жылғы № 101 Бұйрығына сәйкес (27.02.2015 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 17.05.2020 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1. Осы Мемлекеттік орман кадастрын жүргізу қағидалары (бұдан әрi – Қағидалар) Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің мәселелері» 2019 жылғы 5 шілдедегі № 479 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігі туралы ереженің 15-тармағы 277) тармақшасына сәйкес әзiрлендi және мемлекеттік орман кадастрын жүргізу тәртібін айқындайды.
1-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Экология және табиғи ресурстар министрінің 01.11.2025 жылғы № 262 Бұйрығына сәйкес (01.11.2025 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 16.11.2025 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
2. Мемлекеттік орман кадастры Қазақстан Республикасы табиғи ресурстарының мемлекеттiк кадастрлары бiрыңғай жүйесiнiң құрамдас бөлiгi болып табылады және оны мемлекеттік орман орналастыру ұйымы жүргiзедi.
3. Мемлекеттiк орман кадастры мемлекеттік жер кадастрымен өзара байланысты. Мемлекеттік орман кадастрын жүргiзу үшiн қажетті орман қорының жер учаскелерi туралы мәлiметтер мемлекеттік жер кадастрынан алынады.
2-тарау. Мемлекеттiк орман кадастрын жүргiзу тәртiбi»
2-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда жазылды ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 29.04.2020 жылғы № 101 Бұйрығына сәйкес (27.02.2015 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 17.05.2020 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
2) орман иеленушінің шаруашылық қызметінің қорытындылары бойынша есептік кезеңдегі мемлекеттік орман қорының құрамындағы өзгерістер туралы осы Қағидалардың 2-қосымшасына сәйкес нысан бойынша жыл сайын беріліп тұратын мемлекеттік орман кадастрын жүргізу үшін қажет мәліметтер;
3) «Орман қоры мемлекеттік есебінің нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2010 жылғы 28 қыркүйектегі № 630 бұйрығыменбекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6609 нөмірімен тіркелген) орман қорының мемлекеттік есебін жүргізу нысандары (бұдан әрі – Есепке алу материалдары) болып табылады.
5. Мемлекеттік орман иеленушілер жыл сайын ақпарат жинаудың, өңдеудің және сақтаудың электрондық жүйелерін:
5-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Экология және табиғи ресурстар министрінің 18.04.2023 жылғы № 127 Бұйрығына сәйкес (29.04.2020 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту қолданысқа енгізіледі 05.05.2023 жылдан бастап)
5-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Экология және табиғи ресурстар министрінің 25.06.2024 жылғы № 131 Бұйрығына сәйкес (18.04.2023 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 13.07.2024 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
6. Аумақтық бөлімшелер мен Құрылымдық бөлімшелер жыл сайын электрондық жинау жүйелерін, есептi жылдан кейiнгі жылдың 10 сәуірдегі дейiнгі мерзімде, түсіндірме жазбалары бар облыс бойынша жиынтық есептерді мемлекеттік орман орналастыру ұйымына жібереді.
6-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Экология және табиғи ресурстар министрінің 25.06.2024 жылғы № 131 Бұйрығына сәйкес (18.04.2023 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 13.07.2024 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
7. Мемлекеттік орман орналастыру ұйымы жыл сайын, 1 маусымға дейін түсіндірме жазбахаттары бар облыс бойынша және республика бойынша жиынтық есептерді электрондық тасығыштарда орман шаруашылығы саласындағы уәкілетті органның ведомствосына, Аумақтық бөлімшелерге және Құрылымдық бөлімшелерге жібереді.
7-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Экология және табиғи ресурстар министрінің 25.06.2024 жылғы № 131 Бұйрығына сәйкес (18.04.2023 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 13.07.2024 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
8. Мемлекеттiк орман кадастрын жүргізу шеңберiнде алынған нәтижелер Қазақстан Республикасы табиғи ресурстар мемлекеттік кадастрларының бiрыңғай жүйесiне берiледi.