1. Осы Ормандардың мемлекеттік мониторингін жүргізу қағидалары (бұдан әрi – Қағидалар) Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 8 шілдедегі Орман кодексінің 13-бабының 1-тармағының 8) тармақшасына сәйкес әзiрлендi және ормандардың мемлекеттiк мониторингiн жүргiзу тәртiбiн белгiлейдi.
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушы 2015 жылғы 27 ақпандағы № 18-02/163 бұйрығына 3-қосымша
Ормандардың мемлекеттік мониторингін жүргізу қағидалары
Редакция 05.05.2023 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
1-тарау. Жалпы ережелер
1-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда жазылды ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 29.04.2020 жылғы № 101 Бұйрығына сәйкес (30.06.2016 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 17.05.2020 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
2. Ормандардың мемлекеттік мониторингi орман қорын күзету, қорғау, пайдалану және орман өсіру, ормандардың биологиялық әралуандығы мен экологиялық функцияларын сақтау саласында мемлекеттік басқару мақсатында орман қорының жай-күйi мен серпінін байқау, бағалау және болжау, оның ішінде Жерді ғарыштан қашықтықтан зондтау деректерін пайдалана отырып байқау, бағалау және болжау жүйесiн бiлдiредi.
2-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 30.06.2016 жылғы № 293 Бұйрығына сәйкес (27.02.2015 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 23.09.2016 жылы "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланды
3. Ормандардың мемлекеттік мониторингiн жүргiзудi осы Қағидаларға сәйкес мемлекеттік орман орналастыру ұйымы Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында бiрыңғай жүйе бойынша жүзеге асырады.
2-тарау. Ормандардың мемлекеттiк мониторингiн жүргізу тәртiбi
2-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда жазылды ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 29.04.2020 жылғы № 101 Бұйрығына сәйкес (30.06.2016 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 17.05.2020 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
4. Мемлекеттік орман иеленушілер жыл сайын, есепті жылдан кейінгі жылдың 20 қаңтарына дейін ведомстволық тиесілігі бойынша орман қорында болған өзгерiстер туралы мәлiметтердi орман шаруашылығы саласындағы уәкiлеттi орган ведомствосының аумақтық бөлімшелеріне (бұдан әрі – Аумақтық бөлімше) және орман шаруашылығымен айналысатын облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органдарының құрылымдық бөлімшелеріне (бұдан әрі – Құрылымдық бөлімше) бередi.
4-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Экология және табиғи ресурстар министрінің 18.04.2023 жылғы № 127 Бұйрығына сәйкес (29.04.2020 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту қолданысқа енгізіледі 05.05.2023 жылдан бастап)
5. Аумақтық бөлімшелер мен Құрылымдық бөлімшелер ормандардың мемлекеттік мониторингі бойынша материалдар дайындап, оларды есепті жылдан кейінгі жылдың 1 наурызына дейін мемлекеттік орман орналастыру ұйымына береді.
6. Аумақтың қамтылуына байланысты ормандардың республикалық, өңірлiк және жергілікті мемлекеттiк мониторингі жүзеге асырылады:
1) республикалық – Қазақстан Республикасы орман қорының бүкіл аумағын қамтиды;
2) өңiрлік – физика-географиялық, әкiмшілік, орман-өсiмдiк, орман-экономикалық шекаралармен шектелген аумақтарды қамтиды;
3) жергілікті – орман қорының жекелеген учаскелерiне дейiн өңiрлiк деңгейден төмен аумақтық объектілерде жүргiзіледi.
7. Ормандардың мониторингi:
1) мемлекеттік орман қорының санаттары бойынша жүйелi қадағалауды орындау (iздестіру, таспаға түсiру, тексеру, түгендеу);
2) орман қорының жай-күйiне бағалау жүргізу;
3) орман қорының жай-күйiне болжам жасау жөнiндегi жұмыстарды қамтиды.
8. Ормандардың мемлекеттiк мониторингiн жүргiзу үшiн:
1) қашықтықтан зондтау;
2) орман қорының мемлекеттiк есебi мен мемлекеттiк орман кадастрының;
3) орман орналастырудың;
4) қор деректерiнiң (жоспарлардың, карталардың, схемалардың, кестелік және басқа да материалдардың);
5) табиғи зерттеулер мен iздестірулердiң материалдары пайдаланылады.
9. Орман қорының жай-күйiн бағалау жүргiзiлетiн қадағалауды талдау, өзгерiстердiң бағыты мен қарқындылығын зерделеу арқылы орындалады.
10. Мемлекеттік орман орналастыру ұйымы ормандардың мемлекеттік мониторингінiң нәтижелерi бойынша орман қорының жай-күйi туралы түсіндірме жазбаны жасайды және есепті жылдан кейінгі 1 маусымға дейін картографиялық материалдармен диаграммаларды қоса бере отырып, облыстық орман шаруашылығы саласындағы уәкілетті органның ведомствосына береді.
Полная версия