Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 06.06.2023
Қазақстан Республикасында урологиялық және андрологиялық көмек көрсетуді ұйымдастыру стандартын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 14 тамыздағы № 666 бұйрығы
Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 10 қыркүйекте № 12049 болып тіркелді
Осы Бұйрық 2023 жылғы 6 маусымнан бастап күшін жойды ҚР Денсаулық сақтау министрінің 18.05.2023 жылғы № 83 Бұйрығына сәйкес
«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Кодексінің 7-бабының 1-тармағының 6) тармақшасына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 23 қыркүйектегі № 1005 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі туралы ереженің 16-тармағының 9) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасында урологиялық және андрологиялық көмек көрсетуді ұйымдастыру стандарты бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің Медициналық көмекті ұйымдастыру департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он күн ішінде мерзімді баспасөз басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберуді;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін;
4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларымен көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметті ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму вице-министрі А.В. Цойға жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрі Т. Дүйсенова
Қазақстан Республикасы
 Денсаулық сақтау және
 әлеуметтік даму министрінің
 2015 жылғы 14 тамыздағы
 № 666 бұйрығымен бекітілген
Қазақстан Республикасында урологиялық және андрологиялық көмек көрсетуді ұйымдастыру стандарты
1. Қазақстан Республикасында урологиялық және андрологиялық көмек көрсетуді ұйымдастыру стандарты (бұдан әрі – Стандарт) «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Кодексінің 7-бабының 1-тармағының  6) тармақшасына (бұдан әрі – Кодекс) және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 23 қыркүйектегі № 1005 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі туралы ереженің 16-тармағының 9) тармақшасына сәйкес әзірленген.
2. Осы Стандарт урологиялық және андрологиялық пациенттерге амбулаториялық-емханалық, стационарлық және стационарды алмастыратын деңгейлерде медициналық көмек көрсетуді ұйымдастыруға қойылатын талаптарды белгілейді. 
3. Урологиялық және андрологиялық ұйымдардың штаттары Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2010 жылғы 7 сәуірдегі № 238 бұйрығымен (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6173 болып тіркелген) бекітілген денсаулық сақтау ұйымдарының үлгі штаттарына және штат нормативтеріне сәйкес белгіленеді. 
4. Осы Стандартта пайдаланылатын терминдер мен анықтамалар: 
1) бейінді маман – жоғары медициналық білімі, белгілі бір мамандық бойынша сертификаты бар медицина қызметкері;
2) емдеуге жатқызу бюросы порталы (бұдан әрі – Портал) – пациенттерді тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде стационарға жоспарлы емдеуге жатқызу жіберу жолдамадарын электрондық тіркеудің, есепке алудың, өңдеу мен сақтаудың бірыңғай жүйесі;
Полная версия
ИС BestProfi