1. «Кеме (жасалып жатқан кеме) ипотекасын мемлекеттік тіркеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) Портының теңiз әкiмшiлiгiмен (бұдан әрi – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетіледі.
Внимание! Документ утратил силу с 21.11.2019
Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 28 тамыздағы № 666 бұйрығына 1-қосымша
«Кеме (жасалып жатқан кеме) ипотекасын мемлекеттік тіркеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті
Осы Регламент күшін жойды 2020 жылғы 6 қыркүйектен бастап ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 17.08.2020 жылғы № 433 Бұйрығына сәйкес Регламент күшін жойды 2019 жылғы 21 қарашадан бастап ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 22.10.2019 жылғы № 790 Бұйрығына сәйкес
1. Жалпы ережелер
Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы жүзеге асырылады.
2. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: қағаз түрінде.
3. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесі:
1) кеме (жасалып жатқан кеме) ипотекасын мемлекеттiк тiркеу туралы куәлік (бұдан әрi – куәлік);
2) 2002 жылғы 17 қаңтарындағы «Сауда мақсатында теңізде жүзу туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 212-бабында көзделген негіздеме бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы уәжделген жауап болып табылады.
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: қағаз түрінде.
2. Көрсетілетін қызметті беруші құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) мемлекеттік көрсетілетін қызмет процесiндегi іс-қимыл тәртібінің сипаттамасы
4. Мемлекеттік қызметті көрсету бойынша рәсімдерді (іс-қимылдарды) бастау үшін Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11354 болып тіркелген «Сауда мақсатында теңізде жүзу саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 30 сәуірдегі № 558 бұйрығымен бекітілген «Кеме (жасалып жатқан кеме) ипотекасын мемлекеттiк тiркеу» мемлекеттік көрсетілетін қызметтің стандартының (бұдан әрі – стандарт) 9-тармағында көрсетілген өтінішті мен басқа құжаттарды (бұдан әрі – өтінішті) беру негіздеме болып табылады.
5. Мемлекеттік қызметті көрсету процесінің құрамына кіретін әрбір рәсімнің (іс-қимылдардың) мазмұны, оны орындау ұзақтығы:
1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі қызметкерінің он бес минуттың ішінде тіркеу нөмірі мен күнін көрсете отырып, өтінішті қабылдауы және тіркеуі;
2) өтініш тіркелген сәттен бастап көрсетілетін қызметті берушінің Порт қадағалау және кемелерді тіркеу бөлімі (бұдан әрі - Бөлім) стандарттың 10-тармағында белгіленген талаптарға сәйкесттікке төрт сағат ішінде өтінішті қарауы;
3) белгіленген талаптарға сәйкес болған жағдайда құжаттарды алу сәтінен бастап бір сағат ішінде көрсетілетін қызметті берушінің басшымен куәлікке немесе негіздеме бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы уәжделген жауапқа қол қою;
4) тіркелген куәлікті немесе мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы уәжделген жауабы көрсетілетін қызметті алушыға оны тіркеген күні беруі.
6. Мына рәсімдерді (іс-қимылдарды) орындауды бастау үшін негіздеме болып табылатын мемлекеттiк көрсетілетін қызмет бойынша рәсімінің (іс-қимылдың) нәтижесі:
1) мемлекеттік көрсетілетін қызмет көрсету үшін көрсетілетін қызмет алушының ұсынылған құжаттарды көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде тіркеу және оны көрсетілетін қызметті берушінің басшысына беру;
2) көрсетілетін қызметті беруші басшысының Бөлімге қарау үшін қарары;
3) куәлікті немесе мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы уәжделген жауабы рәсімдеу;
4) куәлікті немесе мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы уәжделген жауабы беру.
3. Мемлекеттiк көрсетілетін қызмет процесiндегi көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлердің) өзара iс-қимыл тәртiбiн сипаттау
7. Мемлекеттік қызметті көрсету процесіне қатысатын көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) тізбесі:
1) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы немесе оның орынбасары;
2) Бөлім басшысы;
3) жауапты орындаушы;
4) кеңсе қызметкері.
8. Көрсетілетін қызмет берушінің құрылымдық бөлімшелері арасындағы рәсімдердің (әрекеттердің) бірізділігін сипаттау:
1) кеңсе қызметкері тіркеу нөмірі мен күнін көрсете отырып, өтінішті тіркейді, содан кейін он бес минуттың ішінде көрсетілетін қызметті берушінің бірінші басшысына және (немесе) оның орынбасарына жібереді;
2) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы немесе оның орынбасары бір сағат ішінде өтінішті Бөлім басшысына береді;
3) Бөлім басшысы бір сағат ішінде жауапты орындаушыны айқындайды және қарауға береді;
4) жауапты орындаушы өтініш тіркелген сәттен бастап үш сағат ішінде стандарттың 10-тармағында белгіленген талаптарға сәйкесттікке өтінішті қарайды;
5) белгіленген талаптарға сәйкес болған жағдайда құжаттарды алу сәтінен бастап бір сағат ішінде көрсетілетін қызметті берушінің басшысымен немесе оның орынбасары куәлікке немесе негіздеме бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы уәжделген жауапқа қол қояды;
6) жауапты орындаушы куәлікке немесе негіздеме бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы уәжделген жауапқа қол қойылған сәттен бастап екі сағат ішінде оның тіркелуін жүргізеді және тіркелген куәлікті немесе негіздеме бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы уәжделген жауапқа көрсетілетін қызметті алушыға береді.
9. «Кеме (жасалып жатқан кеме) ипотекасын мемлекеттiк тiркеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет процесіндегі рәсімдердің (іс-қимылдардың), көрсетілетін қызметті беруші құрылымдық бөлімшелерінің (жұмыскерлерінің) өзара іс-қимылы реттілігінің толық сипаттамасы осы Регламентке қосымшаға сәйкес мемлекеттік қызметті көрсету бизнес-процестерінің анықтамасында көрсетілген.
«Кеме (жасалып жатқан кеме) ипотекасын мемлекеттiк тiркеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентіне қосымша
«Кеме (жасалып жатқан кеме) ипотекасын мемлекеттiк тiркеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет бизнес-процестерінің анықтамасы
Полная версия