Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 06.09.2020
Қазақстан Республикасы
 Инвестициялар және даму
 министрінің
 2015 жылғы 28 тамыздағы
 № 666 бұйрығына
 6-қосымша
«Ұйымдарды және сынақ зертханаларын техникалық куәландыруды жүргізу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті
Осы Регламент күшін жойды 2020 жылғы 6 қыркүйектен бастап ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 17.08.2020 жылғы № 433 Бұйрығына сәйкес
1. «Ұйымдарды және сынақ зертханаларын техникалық куәландыруды жүргізу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлiктің Көлiк комитетi «Қазақстан кеме қатынасының тіркелімі» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнымен (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетіледі.
Өтініштерді қабылдауды және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беруді көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы жүзеге асырылады.
2. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: қағаз түрінде.
3. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесі тану туралы куәлікті (бұдан әрі – куәлік) беру болып табылады.
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: қағаз түрінде.
2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет процесінде құрылымдық
 бөлімшелердің (қызметкерлердің) өзара іс-қимыл тәртібін
 сипаттау
4. Мемлекеттік қызметті көрсету бойынша рәсімдерді (іс-қимылдарды) бастау үшін Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11354 болып тіркелген «Сауда мақсатында теңізде жүзу саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 30 сәуірдегі № 558 бұйрығымен бекітілген «Ұйымдарды және сынақ зертханаларын техникалық куәландыруды жүргізу» мемлекеттік көрсетілетін қызметтің стандартының (бұдан әрі – стандарт) 9-тармағында көрсетілген өтінішті мен басқа құжаттарды (бұдан әрі – өтінішті) беру негіздеме болып табылады. 
5. Мемлекеттік қызметті көрсету процесінің құрамына кіретін әрбір рәсімнің (іс-қимылдардың) мазмұны, оны орындау ұзақтығы:
1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі қызметкерінің он бес минуттың ішінде тіркеу нөмірі мен күнін көрсете отырып, өтінімді қабылдауы және тіркеуі;
2) өтініш тіркелген сәттен бастап көрсетілетін қызметті берушінің Нормативтік қызмет және сертификаттау, техникалық құжаттарды сараптау бөлімінің (бұдан әрі – Бөлім) стандарттың 9-тармағында белгіленген талаптарға сәйкесттікке күнтізбелік жиырма үш күн ішінде өтінішті қарауы;
3) көрсетілетін қызметті берушінің сыныптау және техникалық есеп бөлімінің аумақтық қызметкеріне (бұдан әрі - СТЕБ) екі жұмыс күн ішінде ұйымдарға немесе сынақ зертханаларына куәландыру жүргізуі;
4) Бөліммен екі жұмыс күн ішінде куәлікті рәсімдеу;
5) белгіленген талаптарға сәйкес болған жағдайда өтінішті қарау сәтінен бастап бір сағат ішінде басшының куәлікке қол қою;
4) тіркелген күәліктті көрсетілетін қызметті алушыға беру.
6. Мына рәсімдерді (іс-қимылдарды) орындауды бастау үшін негіздеме болып табылатын мемлекеттiк көрсетілетін қызмет бойынша рәсімінің (іс-қимылдың) нәтижесі:
1) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету үшін ұсынылған қажетті құжаттарды көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде тіркеу және оны көрсетілетін қызметті берушінің басшысына беру;
2) көрсетілетін қызметті беруші басшысының Басқармаға қарау үшін қарары;
3. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет процесінде қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінде (қызметкерлер) өзара іс-қимыл тәртібін сипаттау 
7. Мемлекеттік қызметті көрсету процесіне қатысатын көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) тізбесі:
1) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы және (немесе) оның орынбасары;
8. Көрсетілетін қызмет берушінің құрылымдық бөлімшелері арасындағы рәсімдердің (іс-қимылдардың) бірізділігін сипаттау:
1) іс жүргізуші бір сағат ішінде өтінішті қабылдауды, ашуды және кіріс хат-хабар журналында тіркеуді жүргізеді және оны көрсетілетін қызметті берушінің басшысына немесе оның орынбасарына береді;
2) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы немесе оның орынбасары төрт сағат ішінде өтінішті қарайды және оны Бөлім басшысына береді;
3) Бөлім басшысы отыз минут ішінде өтінішті қарайды және оны Бөлім жауапты орындаушысына береді;
4) Бөлім жауапты орындаушысы өтініш тіркелген сәттен бастап стандарттың 9-тармағында белгіленген талаптарға сәйкесттікке күнтізбелік жиырма үш күн ішінде өтінішті қарайды және оны көрсетілетін қызметті берушінің СТЕБ өңірлік қызметкеріне ұйымдарды немесе сынақ зертханаларын куәландыруға жібереді;
5) СТЕБ өңірлік қызметкері екі жұмыс күн ішінде ұйымдарға немесе сынақ зертханаларына куәландыру жүргізеді және куәландыру актісін Бөлім жауапты орындаушысына жолдайды;
6) Бөлім жауапты орындаушысы екі жұмыс күні ішінде куәлікті ресімдейді және оны көрсетілетін қызметті берушінің басшысына немесе оның орынбасарына қол қоюға жібереді;
7) белгіленген талаптарға сәйкес болған жағдайда өтінішті қарау сәтінен бастап үш сағат ішінде көрсетілетін қызметті берушінің басшысы немесе оның орынбасары куәлікке қол қояды;
8) жауапты орындаушы өтінішті қол қойылған сәтінен бастап бір сағат ішінде көрсетілетін қызметті алушыға куәлікті береді.
9. «Ұйымдарды және сынақ зертханаларын техникалық куәландыруды жүргізу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет процесіндегі рәсімдердің (іс-қимылдардың), көрсетілетін қызметті беруші құрылымдық бөлімшелерінің (жұмыскерлерінің) өзара іс-қимылы реттілігінің толық сипаттамасы осы Регламентке қосымшаға сәйкес мемлекеттік қызметті көрсету бизнес-процестерінің анықтамасында көрсетілген.
«Ұйымдарды және сынақ зертханаларын
 техникалық куәландыруды жүргізу»
 мемлекеттік көрсетілетін қызмет
 регламентіне қосымша
«Ұйымдарды және сынақ зертханаларын техникалық куәландыруды жүргізу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет көрсету бизнес-процестерінің анықтамасы
Полная версия
ИС BestProfi