1. «Медициналық ұйымдар қызметінің аккредиттеу стандарттарына сәйкестігін тану мақсатында оларды аккредиттеу» мемлекеттік көрсетілетін қызметін (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Қоғамдық денсаулық сақтау комитеті (бұдан әрі – Комитет) және оның аумақтық бөлімшелері (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 28 сәуірдегі № 294 бұйрығымен бекітілген Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11356 болып тіркелген «Медициналық ұйымдар қызметінің аккредиттеу стандарттарына сәйкестігін тану мақсатында оларды аккредиттеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына (бұдан әрі – Стандарт) сәйкес көрсетеді.
Внимание! Документ утратил силу с 23.11.2020
Документ показан в демонстрационном режиме!
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрiнiң 2015 жылғы 28 мамырдағы № 401 бұйрығына 3-қосымша
«Медициналық ұйымдар қызметінің аккредиттеу стандарттарына сәйкестігін тану мақсатында оларды аккредиттеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті
Регламент өзгертілді ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 29.02.2016 жылғы № 160 Бұйрығымен (28.05.2015 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 07.04.2016 жылы "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланды Регламент жаңа редакцияда жазылды ҚР Денсаулық сақтау министрінің 21.11.2017 жылғы № 856 Бұйрығына сәйкес (29.02.2016 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 04.01.2018 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды Осы Регламент күшін жойды 2020 жылғы 23 қарашадан бастап ҚР Денсаулық сақтау министрінің 04.11.2020 жылғы № ҚР ДСМ-180/2020 Бұйрығына сәйкес
1 - тарау. Жалпы ережелер
Мемлекеттік қызмет көрсетуге өтінішті қабылдау:
1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі – Комитет, Комитеттің аумақтық бөлімшелері және денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган аккредиттеген ұйым;
2) www.egov.kz, www.elicense.kz «электрондық үкімет» веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады.
Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру портал арқылы жүзеге асырылады.
2. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: электрондық ішінара автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрінде.
3. Мемлекеттік қызметті көрсетудің нәтижесі – аккредиттеу туралы куәлік (бұдан әрі – куәлік) не көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті тұлғасының электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі – ЭЦҚ) куәландырылған электрондық құжат нысанындағы куәлікті беруден бас тарту туралы уәжді жауап.
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: электрондық.
2 - тарау. Мемлекеттік қызметті көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) әрекеттерінің тәртібін сипаттау
4. Мемлекеттік қызметті көрсету бойынша рәсімді (әрекетті) бастау үшін көрсетілетін қызметті алушының өтінішті немесе электрондық сұратуды, сондай-ақ Стандарттың 9-тармағында көрсетілген құжаттарды ұсынуы негіз болып табылады.
5. Мемлекеттік қызметті көрсету процесінің құрамына кіретін әрбір рәсімнің (әрекеттің) мазмұны, оны орындау ұзақтығы:
1) қағаз тасығышта өтініш келіп түскен жағдайда, көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері «Медициналық қызметтердің сапасын басқару жүйесі» ақпараттық жүйесінде (бұдан әрі – МҚСБЖ АЖ) көрсетілетін қызметті алушының өтінішін қабылдауды, тіркеуді жүзеге асырады және көрсетілетін қызметті берушінің басшысына жібереді. Басшылық бөлім басшысына қарар береді. Көрсетілетін қызметті берушінің бөлім басшысы жауапты орындаушыны айқындайды, орындалу мерзімі – 1 (бір) жұмыс күні.
2) жауапты орындаушы өтініштің толықтығын және дұрыс толтырылуын анықтайды. Көрсетілетін қызметті алушының өтінішін қарау нәтижелері бойынша сыртқы кешенді бағалау жүргізу күні және тартылатын сарапшылар туралы көрсетілетін қызметті алушыға хабарлайды. Көрсетілетін қызметті алушы туралы мәліметтер МҚСБЖ АЖ-не енгізіледі, ұсынылған өтініш сәйкес болмаған жағдайда Стандарттың 9-1-тармағына сәйкес көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті тұлғасының ЭЦҚ куәландырылған электронды құжат нысанында өтінішті қараудан бас тарту туралы уәжді жауапты жібереді, орындалу мерзімі – 2 (екі) жұмыс күні;
3) жауапты орындаушы медициналық ұйымдарға сыртқы кешенді бағалау жүргізу кестесі, сараптау топтарының құрамы бойынша бұйрық жобасын қалыптастырады және басшыға бекітуге енгізеді – орындалу мерзімі 10 (он) жұмыс күні;
4) жауапты орындаушы медициналық ұйымдарға сыртқы кешенді бағалау жүргізудің бекітілген кестесін МҚСБЖ АЖ-ға тіркейді, орындалу мерзімі – 1 (бір) жұмыс күні;
5) жауапты орындаушы МҚСБЖ АЖ-да өзін өзі бағалау нәтижелерін енгізу үшін көрсетілетін қызметті алушыларға логиндер мен парольдер береді, орындалу мерзімі – 3 (үш) жұмыс күні;
Полная версия