1. «Адам ағзаларын (ағзаларының бөлiктерiн) және (немесе) адам тiндерiн, қан мен оның компоненттерін Қазақстан Республикасының аумағына әкелуге және (немесе) Қазақстан Республикасының аумағынан әкетуге лицензия беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Қоғамдық денсаулық сақтау комитеті (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 28 сәуірдегі № 294 бұйрығымен бекітілген Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11356 болып тіркелген «Адам ағзаларын (ағзаларының бөлiктерiн) және (немесе) адам тiндерiн, қан мен оның компоненттерін Қазақстан Республикасының аумағына әкелуге және (немесе) Қазақстан Республикасының аумағынан әкетуге лицензия беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына (бұдан әрі – Стандарт) сәйкес көрсетіледі.
Внимание! Документ утратил силу с 23.11.2020
Документ показан в демонстрационном режиме!
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрiнiң 2015 жылғы 28 мамырдағы № 401 бұйрығына 4-қосымша
«Адам ағзаларын (ағзаларының бөлiктерiн) және (немесе) адам тiндерiн, қан мен оның компоненттерін Қазақстан Республикасының аумағына әкелуге және (немесе) Қазақстан Республикасының аумағынан әкетуге лицензия беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті
Регламент өзгертілді ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 29.02.2016 жылғы № 160 Бұйрығымен (28.05.2015 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 07.04.2016 жылы "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланды Регламент жаңа редакцияда жазылды ҚР Денсаулық сақтау министрінің 21.11.2017 жылғы № 856 Бұйрығына сәйкес (29.02.2016 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 04.01.2018 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды Осы Регламент күшін жойды 2020 жылғы 23 қарашадан бастап ҚР Денсаулық сақтау министрінің 04.11.2020 жылғы № ҚР ДСМ-180/2020 Бұйрығына сәйкес
1-тарау. Жалпы ережелер
Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру:
1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі;
2) www.egov.kz, www.elicense.kz «электрондық үкімет» веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады.
2. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: электрондық және (немесе) қағаз түрінде.
3. Мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесі – қағаз нысанында немесе көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті лауазымды тұлғасының электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі – ЭЦҚ) куәландырылған электрондық құжат нысанында адам ағзаларын (ағзаларының бөлiктерiн) және (немесе) адам тiндерiн, қан мен оның компоненттерін Қазақстан Республикасының аумағына әкелуге және (немесе) Қазақстан Республикасының аумағынан әкетуге арналған лицензия.
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: электронды.
2-тарау. Мемлекеттік қызметті көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) әрекеттерінің тәртібін сипаттау
4. Мемлекеттік қызметті көрсету бойынша рәсімді (әрекетті) бастау үшін көрсетілетін қызметті алушының өтінішті немесе электрондық сұратуды, сондай-ақ Стандарттың 9-тармағында көрсетілген құжаттарды ұсынуы негіз болып табылады.
5. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің құрамына кіретін әрбір рәсімнің (әрекеттің) мазмұны, оны орындау ұзақтығы:
Адам ағзаларын (ағзаларының бөлiктерiн) әкелуге және (немесе) әкетуге лицензия беру кезінде:
1) кеңсе қызметкері портал арқылы келіп түскен мемлекеттік қызмет көрсетуге арналған электрондық сұратуды тіркеуді жүзеге асырады. Өтініш қағаз тасығышта келіп түскен жағдайда кеңсе қызметкері қажетті ақпараттық жолдарды толтырып және қажетті құжаттарды қоса тіркеп, өтінішті порталда тіркеуді жүргізеді, орындалу мерзімі – 2 (екі) сағат ішінде;
2) басшы жауапты орындаушыны белгілейді, орындалу мерзімі – 1 (бір) сағат ішінде;
3) жауапты орындаушы лицензия беруден бас тарту үшін негіздердің болуына (болмауына) құжаттарды тексереді. Құжаттарды қарау нәтижелері бойынша жауапты орындаушы электрондық құжат нысанында лицензияны немесе лицензия беруден бас тарту туралы уәжді жауапты ресімдейді және басшыға қол қоюға жібереді, орындалу мерзімі – 4 (төрт) сағат ішінде;
4) басшы лицензияға немесе лицензия беруден бас тарту туралы уәжді жауапқа қол қояды, орындалу мерзімі – 1 (бір) сағат ішінде.
Адам тіндерін, қанды және оның компоненттерін әкелуге, әкетуге лицензия беру кезінде:
Полная версия