1. «Тегін медициналық көмектің кепілдендірілген көлемі шеңберінде және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде медициналық қызметтерді көрсетуге үміткер тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемінің және/немесе міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру қызметінің әлеуетті өнім берушісінің денсаулық сақтау субъектілерінің дерекқорына қосу үшін қойылатын талаптарға сәйкестігін (сәйкес келмеуін) айқындау» мемлекеттік көрсетілетін қызметін (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» коммерциялық емес акционерлік қоғамының (бұдан әрі – «ӘлМСҚ» КеАҚ) облыстардағы Астана, Алматы және Шымкент қалаларындағы филиалдары (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2015 жылғы 28 сәуірдегі № 294 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11356 болып тіркелген) бекітілген «Тегін медициналық көмектің кепілдендірілген көлемі шеңберінде және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде медициналық қызметтерді көрсетуге үміткер тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемінің және/немесе міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру қызметінің әлеуетті өнім берушісінің денсаулық сақтау субъектілерінің дерекқорына қосу үшін қойылатын талаптарға сәйкестігін (сәйкес келмеуін) айқындау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына (бұдан әрі – Стандарт) сәйкес көрсетеді.
Внимание! Документ утратил силу с 23.11.2020
Документ показан в демонстрационном режиме!
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрiнiң 2015 жылғы 28 мамырдағы № 401 бұйрығына 6-қосымша
«Тегін медициналық көмектің кепілдендірілген көлемі шеңберінде және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде медициналық қызметтерді көрсетуге үміткер тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемінің және/немесе міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру қызметінің әлеуетті өнім берушісінің денсаулық сақтау субъектілерінің дерекқорына қосу үшін қойылатын талаптарға сәйкестігін (сәйкес келмеуін) айқындау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті
Регламент өзгертілді ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 29.02.2016 жылғы № 160 Бұйрығымен (28.05.2015 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 07.04.2016 жылы "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланды Регламент жаңа редакцияда жазылды ҚР Денсаулық сақтау министрінің 21.11.2017 жылғы № 856 Бұйрығына сәйкес (29.02.2016 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 04.01.2018 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды Регламент жаңа редакцияда жазылды ҚР Денсаулық сақтау министрінің 12.03.2019 жылғы № ҚР ДСМ-7 Бұйрығына сәйкес (21.11.2017 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 09.04.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі) Осы Регламент күшін жойды 2020 жылғы 23 қарашадан бастап ҚР Денсаулық сақтау министрінің 04.11.2020 жылғы № ҚР ДСМ-180/2020 Бұйрығына сәйкес
1-тарау. Жалпы ережелер
Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы жүзеге асырылады.
2. Мемлекеттік қызметті ұсыну нысаны: қағаз түрінде.
3. Мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесі – тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі (бұдан әрі – ТМККК) шеңберінде және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде (бұдан әрі – МӘМС) медициналық қызметтерді көрсетуге үміткер денсаулық сақтау субъектілерінің дерекқорына қосу немесе Стандартқа 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ТМККК шеңберінде және МӘМС жүйесінде медициналық қызметтерді көрсетуге үміткер денсаулық сақтау субъектілерінің дерекқорына қосуға арналған өтінімнің қабылданбауы туралы хабарлама (бұдан әрі – қабылданбауы туралы хабарлама).
2-тарау. Мемлекеттік қызметті көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) әрекеттерінің тәртібін сипаттау
4. Мемлекеттік қызметті көрсету бойынша рәсімді (әрекетті) бастау үшін көрсетілетін қызметті алушының тегін медициналық көмектің кепілдендірілген көлемі шеңберінде және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде медициналық қызметтерді көрсетуге үміткер денсаулық сақтау субъектілерінің дерекқорына қосуға арналған өтінімді (бұдан әрі – өтінім) және Стандарттың 9-тармағында көрсетілген құжаттарды ұсынуы негіз болып табылады.
5. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің құрамына кіретін әрбір рәсімнің (әрекеттің) мазмұны, оны орындау ұзақтығы:
1) көрсетілетін қызметті берушіге жүгінген сәттен бастап «ӘлМСҚ» КеАҚ филиалы кеңсесінің қызметкері өтінімді және оған қоса берілетін құжаттарды қабылдауды, бір мезгілде ұсынылған құжаттардың толықтығын тексеруді жүзеге асырады. Құжаттар топтамасы толық ұсынылмаған жағдайда кеңсе қызметкері көрсетілетін қызметті алушыға өтінімді қабылдаудан бас тартады. Толық құжаттар пакеті ұсынылған жағдайда өтінімдерді тіркеу журналында өтінімді тіркеуді және «ӘлМСҚ» КеАҚ филиалы медициналық көмекті сатып алу бөлімінің жауапты қызметкеріне өтінімді және қоса берілетін құжаттарды беруді жүзеге асырады, орындау мерзімі – 15 минут;
2) «ӘлМСҚ» КеАҚ филиалы медициналық көмекті сатып алу бөлімінің жауапты қызметкері өтінімді және оған қоса берілген құжаттарды қойылатын талаптарға сәйкестігіне қарайды;
өтінім және оған қоса берілетін құжаттар қойылатын талаптарға сәйкес келген жағдайда «ӘлМСҚ» КеАҚ Басқарма Төрағасының немесе «ӘлМСҚ» КеАҚ Басқарма Төрағасы болмаған жағдайда оны алмастыратын адамның атына (бұдан әрі – «ӘлМСҚ» КеАҚ басшысы) көрсетілетін қызметті алушыны ТМККК шеңберінде және МӘМС жүйесінде медициналық қызметтерді көрсетуге үміткер денсаулық сақтау субъектілерінің дерекқорына қосу үшін көрсетілетін қызметті алушы туралы мәліметтерді қамтитын ілеспе хатты дайындайды;
көрсетілетін қызметті алушы белгіленген талаптарға сәйкес келмеген жағдайда қабылданбауы туралы хабарламаны ресімдейді, орындау мерзімі – күнтізбелік 1 (бір) күн;
3) «ӘлМСҚ» КеАҚ филиалының басшысы көрсетілетін қызметті алушыны ТМККК шеңберінде және МӘМС жүйесінде медициналық қызметтерді көрсетуге үміткер денсаулық сақтау субъектілерінің дерекқорына қосу туралы ілеспе хатқа/қабылданбауы туралы хабарламаға қол қояды;
«ӘлМСҚ» КеАҚ филиалы медициналық көмекті сатып алу бөлімінің жауапты қызметкері «ӘлМСҚ» КеАҚ-ға Электрондық құжат айналымы жүйесі арқылы ілеспе хатпен көрсетілетін қызметті алушы туралы мәлеметтерді жібереді не қабылданбауы туралы хабарламаны «ӘлМСҚ» КеАҚ филиалы кеңсесінің қызметкеріне береді, орындау мерзімі – күнтізбелік 1 (бір) күн;
4) «ӘлМСҚ» КеАҚ басшысы немесе оны алмастыратын адам ілеспе хатқа «ӘлМСҚ» КеАҚ Медициналық көмекті сатып алуды ұйымдастыру және мониторингтеу департаментіне жұмыс үшін деген қарар қояды;
«ӘлМСҚ» КеАҚ Медициналық көмекті сатып алуды ұйымдастыру және мониторингтеу департаменті медициналық көрсетілетін қызметтерді сатып алуды ұйымдастыру басқармасының жауапты қызметкері «ӘлМСҚ» КеАҚ ТМККК және/немесе МӘМС әлеуетті қызметті берушісінің мәліметтерін ТМККК шеңберінде және МӘМС жүйесінде медициналық қызметтерді көрсетуге үміткер денсаулық сақтау субъектілерінің дерекқорына қосады;
«ӘлМСҚ» КеАҚ филиалы кеңсесінің қызметкері көрсетілетін қызметті алушыға өтінімнің қабылданбауы туралы хабарламаны қолма-қол береді немесе көрсетілетін қызметті алушыға почта байланысы арқылы өтінімнің қабылданбауы туралы хабарламаны жібереді, орындау мерзімі – күнтізбелік 1 (бір) күн.
Полная версия