1. «Медициналық технологияларға клиникалық зерттеу жүргізуге рұқсат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметті (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 28 сәуірдегі № 294 бұйрығымен бекітілген Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11356 болып тіркелген «Медициналық технологияларға клиникалық зерттеу жүргізуге рұқсат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына (бұдан әрі – Стандарт) сәйкес Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
Внимание! Документ утратил силу с 23.11.2020
Документ показан в демонстрационном режиме!
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрiнiң 2015 жылғы 28 мамырдағы № 401 бұйрығына 7-қосымша
«Медициналық технологияларға клиникалық зерттеу жүргізуге рұқсат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті
Регламент жаңа редакцияда жазылды ҚР Денсаулық сақтау министрінің 21.11.2017 жылғы № 856 Бұйрығына сәйкес (29.02.2016 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 04.01.2018 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды Осы Регламент күшін жойды 2020 жылғы 23 қарашадан бастап ҚР Денсаулық сақтау министрінің 04.11.2020 жылғы № ҚР ДСМ-180/2020 Бұйрығына сәйкес
Редакция 21.11.2017 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
1-тарау. Жалпы ережелер
Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы жүзеге асырылады.
2. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: қағаз түрінде.
3. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі – клиникалық зерттеу жүргізуге рұқсат не рұқсатты беруден бас тарту туралы уәжді жауап.
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: қағаз түрінде.
2 - тарау. Мемлекеттік қызметті көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) әрекеттерінің тәртібін сипаттау
4. Мемлекеттік қызметті көрсету бойынша рәсімді (әрекетті) бастау үшін көрсетілетін қызметті алушының өтінішті немесе электрондық сұратуды, сондай-ақ Стандарттың 9-тармағында көрсетілген құжаттарды ұсынуы негіз болып табылады.
5. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің құрамына кіретін әрбір рәсімнің (әрекеттің) мазмұны, оны орындау ұзақтығы:
1) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Ғылым және адами ресурстар департаменті (бұдан әрі – Департамент) қеңсесінің қызметкері мемлекеттік қызметті көрсету үшін құжаттарды қабылдауды және тіркеуді жүзеге асырады. Көрсетілетін қызметті берушінің басшысы орындаушыны анықтайдығ орындалу мерзімі – 1 (бір) жұмыс күні;
2) Департаменттің жауапты орындаушысы өтініштерді қарайды, Стандарттың 9-тармағында көзделген құжаттардың толықтығын, сәйкестігін (сәйкес еместігін) тексереді, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің Медицина ғалымдары кеңесінің (бұдан әрі – Ғалымдар кеңесі) мүшелеріне сараптамаға жіберу үшін құжаттарды дайындауды жүргізеді. Ұсынылған құжаттар толық болмаған және (немесе) белгіленген талаптарға сәйкес келмеген жағдайда, өтінішті қараудан бас тарту туралы уәжді жауап дайындайды, орындалу мерзімі – 1 (бір) жұмыс күні;
3) Ғалымдар кеңесінің мүшелері ұсынылған құжаттарға сараптама жүргізеді, орындалу мерзімі – 16 (он алты) жұмыс күні;
4) Департаменттің жауапты орындаушысы Ғалымдар кеңесінің төрағасымен Ғалымдар кеңесі өтетін күнді келіседі, орындалу мерзімі - 1 (бір) жұмыс күні;
5) Ғалымдар кеңесінің мүшелері отырыста сараптаманың нәтижелерін қарайды және рұқсат беру не рұқсат беруден бас тарту туралы уәжді жауап туралы шешім қабылдайды, орындалу мерзімі – 1 (бір) жұмыс күні;
6) Департаменттің жауапты орындаушысы рұқсат беру не рұқсат беруден бас тарту туралы уәжді жауапты ресімдейді және Ғалымдар кеңесі төрағасы қол қояды, орындалу мерзімі - 2 (екі) жұмыс күні.
6. Келесі рәсімді (әрекетті) орындауды бастау үшін негіз болып табылатын мемлекеттік қызмет көрсету бойынша рәсімнің (әрекеттің) нәтижесі:
1) кіріс нөмірі бар тіркелген өтініш;
Полная версия