Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 31.10.2020
Қазақстан Республикасы
 Инвестициялар және даму министрінің
 міндетін атқарушының
 2015 жылғы 28 мамырдағы
 № 621 бұйрығына
 2-қосымша
«Экипаж мүшесінің куәлігін беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті
Осы Регламент жаңа редакцияда жазылды ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 15.03.2019 жылғы № 136 Бұйрығына сәйкес (28.05.2015 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 25.05.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Осы Регламент күшін жойды 2020 жылғы 31 қазаннан бастап ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 13.10.2020 жылғы № 527 Бұйрығына сәйкес
Редакция 25.05.2019 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен 
1. «Экипаж мүшесінің куәлігін беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметті (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2018 жылғы 28 сәуірдегі № 514 бұйрығымен (Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11344 болып тіркелген) бекітілген «Экипаж мүшесінің куәлігін беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына (бұдан әрі – Стандарт) сәйкес Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Азаматтық авиация комитеті (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
Құжаттарды қабылдау www.egov.kz, www.elicense.kz «электрондық үкімет» веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады.
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі «Азаматтарға арналған үкімет» мемелекеттік корпорация» коммерциялық емес акционерлік қоғам (бұдан әрі – Мемкорпорация) филиалдары арқылы беріледі.
2. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: электронды/қағаз түрінде.
3. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесі экипаж мүшесінің куәлігі немесе Стандарттың 9-1-тармағында көрсетілген негіздері бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы көрсетілетін қызметті берушінің дәлелді жауабы болып табылады.
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру нысаны: қағаз түрінде.
2-тарау. Мемлекеттік қызметті көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) іс-қимыл тәртібінің сипаттамасы
4. Мемлекеттік қызметті көрсету бойынша рәсімінің (іс-қимылдың) басталуына негіздеме көрсетілетін қызметті алушының өтінімді, сондай-ақ Стандарттың 9-тармағында көрсетілген құжаттарды ұсынуы болып табылады.
5. Мемлекеттік қызметті көрсету процесінің құрамына кіретін әр рәсімнің (іс-қимылдық) мазмұны, оны орындаудың жалпы мерзімі:
1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері өтінім-хат түскен сәттен бастап он бес минут ішінде оны тіркейді және көрсетілетін қызметті берушінің басшысына қарауға береді;
2) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы екі сағат ішінде өтініш-хатты қарайды және оны көрсетілетін қызметті беруші басшысының орынбасарына қарауға береді;
3) көрсетілетін қызметті беруші басшысының орынбасары екі сағат ішінде өтініш-хатты қарайды және оны көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшесінің басшысына қарауға береді;
4) құрылымдық бөлімшенің басшысы екі сағат ішінде өтінім-хатты қарайды және оны жауапты орындаушыға орындауға береді;
5) жауапты орындаушы өтінімді бес жұмыс күн ішінде қарайды, экипаж мүшесінің куәлігін (бұдан әрі – ЭМК) немесе мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауапты ресімдейді және оған көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшесінің басшысы қол қояды;
6) жауапты орындаушы ЭМК-ны тіркейді және курьер арқылы Мемлекеттік корпорацияға жібереді.
6. Мынадай рәсімдерді (іс-қимылдарды) орындауды бастау үшін негіз ретінде саналатын мемлекеттік қызмет көрсету бойынша рәсімдердің (іс-қимылдардың) нәтижесі:
1) өтінім-хаттың қабылдау және көрсетілетін қызметті беруші кеңсесінде тіркеу;
3) өтінім-хатты жауапты орындаушының қарастыруы;
4) ЭМК-ны, не бас тарту туралы дәлелді жауапты ресімдеу;
3-тарау. Мемлекеттік қызметті көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара іс-қимыл тәртібінің сипаттамасы
7. Мемлекеттік қызметті көрсету процесінде қатысатын көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) тізбесі:
1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері;
2) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы;
3) көрсетілетін қызметті беруші басшысының орынбасары;
8. Әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) ұзақтығын көрсете отырып, құрылымдық бөлімшелер (қызметкерлер) арасындағы рәсімдердің (іс-қимылдардың) бірізділігінің сипаттамасы осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентіне 1-қосымшаға сәйкес мемлекеттік қызмет көрсету бойынша бизнес-процестердің анықтамалығында келтірілген.
4-тарау. Мемлекеттік корпорациямен және (немесе) өзге де көрсетілетін қызметті берушілермен өзара іс-қимыл тәртібінің, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету процесінде ақпараттық жүйелерді пайдалану тәртібінің сипаттамасы
9. Портал және Мемлекеттік корпорация арқылы мемлекеттік қызметті көрсету кезінде көрсетілетін қызметті беруші мен көрсетілетін қызметті алушы процессдерінің (әрекеттерінің) үндеуінің және кезегінің тәртібі көрсетіледі:
1) көрсетілетін қызметті алушы жеке сәйкестендіру нөмірінің (бұдан әрі –ЖСН) және (немесе) бизнес сәйкестендіру нөмірінің (бұдан әрі – БСН), сондай-ақ парольдің (порталда тіркелмеген көрсетілетін қызметті алушылар үшін жүзеге асырылады) көмегімен порталда тіркелуді жүзеге асырады;
2) 1-процесс – көрсетілетін қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушының порталға ЖСН және (немесе) БСН және парольді (авторизациялау процесі) енгізуі;
3) 1-шарт – ЖСН және (немесе) БСН және пароль арқылы тіркелген көрсетілетін қызметті алушының деректерінің дұрыстығын порталда тексеру;
4) 2-процесс – көрсетілетін қызметті алушының мәліметтерінде бұзушылықтардың болуына байланысты порталда авторландырудан бас тарту туралы хабарламаның қалыптастырылуы;
5) 3-процесс – көрсетілетін қызметті алушының осы регламентте көрсетілген қызметті таңдауы, экранға мемлекеттік қызметті көрсетуге арналған сұрау салу нысанын шығаруы және көрсетілетін қызметті алушының нысанды оның құрылымы мен үлгілік талаптарын ескере отырып толтыруы (деректерді енгізуі), сұрау салу нысанына құжаттардың қажетті көшірмелерін электрондық түрде жалғауы, сондай-ақ сұрау салу куәландыру (қол қою) үшін көрсетілетін қызметті алушының электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі – ЭЦҚ) тіркеу куәлігін таңдауы;
6) 2-шарт – порталда ЭЦҚ тіркеу куәлігінің қолданылу мерзімі және кері қайтарылған (күші жойылған) тіркеу куәліктерінің тізімінде жоқтығын, сондай-ақ бірдейлендіру деректерінің (сұрау салуда көрсетілген ЖСН және (немесе) БСН және ЭЦҚ тіркеу куәлігінде көрсетілген ЖСН және (немесе) БСН арасындағы) сәйкестігін тексеру;
7) 4-процесс – көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ түпнұсқалығының расталмауына байланысты, сұратылып отырған мемлекеттік көрсетілетін қызметтен бас тарту туралы хабарлама қалыптастыру;
8) 5-процесс – көрсетілетін қызметті берушінің сұранысты өңдеуі үшін көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ куәландырылған (қол қойылған) электрондық құжаттар топтамасын (көрсетілетін қызметті алушының сұрау салу) электрондық үкімет шлюзі (бұдан әрі – ЭҮШ) арқылы электрондық үкіметтің шлюзінің автоматтандырылған жұмыс орнына ЭҮШ АЖО жолдауы;
9) 3-шарт – көрсетілетін қызметті берушінің мемлекеттік қызметті көрсетуге негіз болатын көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттардың сәйкестігін тексеруі;
10) 6-процесс – көрсетілетін қызметті алушының құжаттарында бұзушылықтардың болуына байланысты сұратылып отырған мемлекеттік қызметтен бас тарту туралы хабарлама қалыптастыру;
11) 7-процесс – көрсетілетін қызметті алушының порталда қалыптастырылған мемлекеттік қызмет нәтижесін (электрондық құжат нысанындағы ЭМК-нің дайын екендігі туралы хабарлама) алуы;
12) 8-процесс – Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі (ЭМК) Мемлекеттік корпорация қызметкері арқылы жүзеге асырылады және пайдаланушының уәкілетті өкілі өзі келген кезде берілген ЭМК есепке алу және тіркеу журналына қол қойғызып беріледі.
Портал және Мемлекеттік корпорация арқылы мемлекеттік қызметті көрсетуге тартылған ақпараттық жүйелердің функционалдық өзара іс-қимыл диаграммасы осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентіне 2-қосымшада келтірілген.
«Экипаж мүшесінің куәлігін беру»
мемлекеттік көрсетілетін
қызмет регламентіне
1-қосымша
Мемлекеттік қызметті көрсету бойынша бизнес-процестердің анықтамалығы
«Экипаж мүшесінің куәлігін беру»
мемлекеттік көрсетілетін
қызмет регламентіне
2-қосымша
Портал және Мемлекеттік корпорация арқылы мемлекеттік қызметті көрсетуге тартылған ақпараттық жүйелердің функционалдық өзара іс-қимыл диаграммасы  
Полная версия
ИС BestProfi