Энергетика кәсіпорындары үшін өрт қауіпсіздігі қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 20 ақпандағы № 123 бұйрығы.
Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 24 сәуірде № 10799 тіркелді
«Электр энергетикасы туралы» Қазақстан Республикасы Заңы 5-бабының 29) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Кіріспе жаңа редакцияда жазылды ҚР Энергетика министрінің 02.10.2023 жылғы № 353 Бұйрығына сәйкес (20.02.2015 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 22.10.2023 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгенінен кейін оны күнтізбелік он күн ішінде мерзімдік баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберуді;
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің ресми интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында жариялануын;
4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 2) және 3) тармақшаларымен көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
1. Осы Энергетика кәсіпорындары үшін өрт қауіпсіздігі қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Электр энергетикасы туралы» Қазақстан Республикасы Заңы (бұдан әрі – Заң) 5-бабының 29) тармақшасына сәйкес әзірленген және энергетика кәсіпорындары үшін өрт қауіпсіздігінің тәртібін айқындайды.
1-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Энергетика министрінің 02.10.2023 жылғы № 353 Бұйрығына сәйкес (20.02.2015 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 22.10.2023 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1) азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті орган – табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алу және жою, халыққа шұғыл медициналық және психологиялық көмек көрсету, өрт қауіпсіздігін және Азаматтық қорғанысты ұйымдастыруды қамтамасыз ету бөлігінде азаматтық қорғау саласында басшылықты және салааралық үйлестіруді, мемлекеттік саясатты әзірлеуді және іске асыруды жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;