Близость слов: Окончание:





Электр энергиясының теңгерімдеуші нарығының жұмыс істеу қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 20 ақпандағы № 112 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 26 наурызда № 10532 тіркелді
Редакция 01.01.2025 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
«Электр энергетикасы туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабы 1-тармағының 6) тармақшасына, 12-1-бабының 2-тармағына, 15-10-бабының 2, 3, 4, 5, 6, 10, 11, 12, 13, 16-тармақтарына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 19 қыркүйектегі № 994 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі туралы ереженің 15-тармағының 260) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Кіріспе жаңа редакцияда жазылды ҚР Энергетика министрінің 30.06.2023 жылғы № 250 Бұйрығына сәйкес (24.12.2020 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 02.07.2023 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Кіріспе жаңа редакцияда жазылды ҚР Энергетика министрінің м.а. 11.12.2024 жылғы № 455 Бұйрығына сәйкес (08.04.2024 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 30.12.2024 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1. Қоса беріліп отырған Электр энергиясының теңгерімдеуші нарығының жұмыс істеу қағидалары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Электр энергетикасы департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде мерзімді баспасөз басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберілуін;
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің ресми интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастыруын;
4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 2) және 3) тармақшаларымен көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Энергетика вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық 2022 жылғы 1 қаңтарға дейін қолданылатын Қағидалардың 5-тармағын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
4-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Энергетика министрінің 30.11.2015 жылғы № 676 Бұйрығына сәйкес (20.02.2015 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 28.12.2015 жылы "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланды
4-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Энергетика министрінің 13.12.2018 жылғы № 504 Бұйрығына сәйкес (30.11.2015 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізілуі тиіс) 24.12.2018 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
4-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Энергетика министрінің м.а. 24.12.2020 жылғы № 463 Бұйрығына сәйкес (13.12.2018 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 30.12.2020 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Қазақстан Республикасының Энергетика министрі В. Школьник
Қазақстан Республикасы
 Энергетика министрінің
 2015 жылғы 20 ақпандағы
 № 112 бұйрығымен
 бекітілген
Электр энергиясының теңгерімдеуші нарығының жұмыс істеу қағидалары
Осы Қағидалар жаңа редакцияда жазылды ҚР Энергетика министрінің 30.06.2023 жылғы № 250 Бұйрығына сәйкес (24.12.2020 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 02.07.2023 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1. Осы Электр энергиясының теңгерімдеуші нарығының жұмыс істеу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 19 қыркүйектегі № 994 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі туралы ереженің 15-тармағының 260) тармақшасына сәйкес әзірленді және электр энергиясының теңгерімдеуші нарығының жұмыс істеу тәртібін, Қазақстан Республикасының Біртұтас электр энергетикалық жүйесін теңгерімдеу аймақтарын айқындауды, электр энергиясының теңгерімдеуші нарығы субъектілерінің жүйелік операторға жоғарылатуға (төмендетуге) теңгерімдеуге қатысуға өтінімдер беруді, электр энергиясының теңгерімдеуші нарығы субъектілерінің жоғарылатуға (төмендетуге) теңгерімдеуге қатысуға өтінімдерін іріктеу және іске қосуды, теңгерімдеуші электр энергиясының көлемін, теңгерімдеуші электр энергиясын сатуға сағаттық орташа өлшенген бағаларын есептеуді, теңгерімдеуші электр энергиясының сағаттық көлемдерін және электр энергиясының теңгерімдеуші нарығы субъектілерінің сағаттық теңгерімсіздіктерін есептеуді, теңгерім провайдерлерінің тізбесін қалыптастыру тәртібін айқындайды.
1-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Энергетика министрінің м.а. 11.12.2024 жылғы № 455 Бұйрығына сәйкес (08.04.2024 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 30.12.2024 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
2. Осы Қағидаларда келесі негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) генерация-тұтыну объектісі – электр энергиясын өндіруге (беруге) және (немесе) тұтынуға (жинақтауға) қабілетті электр станциясы, зауыт немесе өзге де физикалық объект;
2) генерация-тұтынудың жоспарлы сальдосы – электр энергиясын өндіру-тұтынудың сағаттық тәуліктік кестесінде жүйелік оператор бекіткен электр энергиясының теңгерімдеуші нарығы субъектісінің электр энергиясын өндіру және тұтыну (операциялық тәуліктің бір сағаты үшін) мәндерінің кВт*сағаттағы айырмасы;
3) генерация-тұтынудың нақты сальдосы – электр энергиясының теңгерімдеуші нарығы субъектісінің электр энергиясын өндіру мен тұтынудың нақты мәндерінің кВт*сағ айырмасы (операциялық тәуліктің бір сағаты үшін), в кВт*сағ;
Полная версия
ИС BestProfi