«Электр энергетикасы туралы» 2004 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабы 33) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Техникалық жаңғыртылудан кейін электр станцияларының, электр және жылу желілерінің энергия объектілерін пайдалануға қабылдап алу қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасының Энергетика министрінің 2015 жылғы 13 ақпандағы № 90 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 17 наурызда № 10453 тіркелді
Осы Бұйрықтың тақырыбы жаңа редакцияда жазылды ҚР Энергетика министрінің 30.11.2015 жылғы № 676 Бұйрығына сәйкес (13.02.2015 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 28.12.2015 жылы "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланды
Редакция 25.12.2017 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
1. Қоса беріліп отырған Техникалық жаңғыртылудан кейін электр станцияларының, электр және жылу желілерінің энергия объектілерін пайдалануға қабылдап алу қағидалары бекітілсін.
1-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Энергетика министрінің 30.11.2015 жылғы № 676 Бұйрығына сәйкес (13.02.2015 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 28.12.2015 жылы "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланды
2. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Электр энергетикасы департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберілуін;
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің ресми интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастыруын;
4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 2) және 3) тармақшаларымен көзделген іс–шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Энергетика вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Министр В. Школьник
Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 13 ақпандағы № 90 бұйрығымен бекітілді
Техникалық жаңғыртылудан кейін электр станцияларының, электр және жылу желілерінің энергия объектілерін пайдалануға қабылдап алу қағидалары
Қағидалардың тақырыбы жаңа редакцияда жазылды ҚР Энергетика министрінің 30.11.2015 жылғы № 676 Бұйрығына сәйкес (13.02.2015 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 28.12.2015 жылы "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланды
1. Жалпы ережелер
1. Осы Техникалық жаңғыртылудан кейін электр станцияларының, электр және жылу желілерінің энергия объектілерін пайдалануға қабылдап алу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Электр энергетикасы туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 шілдедегі Заңы 5-бабының 33) тармақшасына сәйкес әзірленді және техникалық жаңғыртылудан кейін электр станцияларының, электр және жылу желілерінің энергия объектілерін пайдалануға қабылдап алу тәртібін айқындайды.
1-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Энергетика министрінің 30.11.2015 жылғы № 676 Бұйрығына сәйкес (13.02.2015 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 28.12.2015 жылы "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланды
2. Осы Қағидалар Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 16 шілдедегі «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» Заңына сәйкес пайдалануға қабылданған энергия объектілеріне қолданылмайды.
3. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар қолданылады:
3-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Энергетика министрінің 30.11.2015 жылғы № 676 Бұйрығына сәйкес (13.02.2015 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 28.12.2015 жылы "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланды
1) жасырын жұмыстарды куәландыру актісі – техникалық жаңғыртылу жөніндегі барлық жұмыстар кешені аяқталғаннан кейін орындалғанын нақтылы тексеруге болмайтын жұмыстардың куәландырылғанын растайтын құжат;
2) жобалаушы – техникалық жаңғыртылу жөніндегі жобаны әзірлеген тұлға;
Полная версия