Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 17.01.2018
Азаматтық әуе кемесі данасын сертификаттау және оның ұшуға жарамдылық нормаларына сәйкестігіне куәлік беру қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің м.а. 2015 жылғы 24 ақпандағы № 193 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 22 шілдеде № 11723 болып тіркелді
Осы Бұйрық күшін жойды 2018 жылғы 17 қаңтардан бастап ҚР Инвестициялар және даму министрінің 19.07.2017 жылғы № 483 Бұйрығына сәйкес
«Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы» 2010 жылғы 15 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабы 1-тармағының 41-21) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Азаматтық әуе кемесі данасын сертификаттау және оның ұшуға жарамдылық нормаларына сәйкестігіне куәлік беру қағидаларын бекіту туралы қағидалары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Азаматтық авиация комитеті (Б.К. Сейдахметов):
1) осы бұйрықты заңнамамен бекітілген тәртіппен Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Құқықтық ақпарат республикалық орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорына «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесіне және кезеңдік баспа шығарылымдарға ресми жариялауға көшірмелерін жіберуді;
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастырылуын;
4) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Заң департаментіне осы бұйрықтың 2-тармағының 1 ), 2 ) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шараларды орындау туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
4. Осы бұйрық оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушы Ж. Қасымбек
«КЕЛІСІЛДІ» 
Қазақстан Республикасы 
Ұлттық экономика министрі 
Е.А. Досаев __________________ 
2015 жылғы 18 маусым
Қазақстан Республикасы
 Инвестициялар және даму
 Министрі міндетін атқарушысының
 2015 жылғы 24 ақпандағы
 № 193 бұйрығымен
 бекітілген
Азаматтық әуе кемесі данасын сертификаттау және оның ұшуға
 жарамдылық нормаларына сәйкестігіне куәлік беру қағидалары
1. Осы Азаматтық әуе кемесі данасын сертификаттау және оның ұшуға жарамдылық нормаларына сәйкестігіне куәлік беру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 15 шілдедегі Заңының 14-бабының 41-21) тармақшасына сәйкес әзірленді.
2. Осы Қағидалар әуе кемесі данасын сертификаттау және оның ұшуға жарамдылық нормаларына сәйкестігіне куәлік (бұдан әрі – сәйкестік куәлігі) беру тәртібін анықтайды.
3. Осы Қағидаларда мынадай терминдер мен анықтамалар пайдаланылады:
1) азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган – Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және азаматтық және эксперименттік авиация қызметі саласында басшылықты жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;
2) АӘКД пайдалану құжаттамасы – АӘКД ұшу және техникалық пайдалануды регламенттейтін (реттейтін) құжаттар жиынтығы, ол нақты АӘКД және оның құрауыштарына техникалық қызмет көрсету мен жөндеуді, сондай-ақ пайдалану шарттары мен пайдалану шектеулерін қамтиды;
3) АӘКД ҰЖН-ға сәйкестік куәлігі – АӘКД конструкциясының сәйкестігін, сипаттамалары мен пайдалану-техникалық құжаттамасының ұшу жарамдылығы нормаларына сәйкестігін куәландыратын, уәкілетті орган берген құжат;
Полная версия
ИС BestProfi