Близость слов: Окончание:





Кемелермен болған авариялық жағдайларды тергеп-тексеру қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің м.а. 2015 жылғы 23 ақпандағы № 147 бұйрығы. 
Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 14 сәуірде № 10709 тіркелді
Редакция 13.05.2023 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
«Сауда мақсатында теңізде жүзу туралы» 2002 жылғы 17 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 4-бабы 3-тармағының 55-12) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН: 1. Қоса беріліп отырған Кемелермен болған авариялық жағдайларды тергеп-тексеру қағидалары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Көлік комитеті (Ә.А. Асавбаев):
1) осы бұйрықтың заңнамада белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмелерін мерзімді баспа басылымдарында және «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберуді;
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастырылуын;
4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін 10 жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Заң департаментіне осы бұйрықтың 2-тармағының 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шараларды орындау туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушы Ж. Қасымбек
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Сыртқы істер министрінің
міндетін атқарушы
________________ А. Волков
2015 жылғы 2 наурыз
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Iшкi iстер министрі 
______________ Қ. Қасымов
2015 жылғы 4 наурыз
Қазақстан Республикасы
 Инвестициялар және даму министрі
 міндетін атқарушысының
 2015 жылғы 23 ақпандағы
 № 147 бұйрығымен
 бекітілген
Кемелермен болған авариялық жағдайларды тергеп-тексеру қағидалары
Қағидалар жаңа редакцияда жазылды ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің м.а. 05.08.2019 жылғы № 618 Бұйрығына сәйкес (23.02.2015 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 20.08.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1. Осы Кемелермен болған авариялық жағдайларды тергеп-тексеру қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) «Сауда мақсатында теңізде жүзу туралы» 2002 жылғы 17 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 4-бабы 3-тармағының 55-12) тармақшасына сәйкес әзірленді және кемелермен болған авариялық жағдайларды тергеп-тексеру тәртібін айқындайды.
2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) авариялық жағдай - авариялық жағдай – кеменің апатқа ұшырауына әкеп соққан және оның теңізде жүзу қасиеттерінен ішінара немесе толық айырылуына (жоғалтуына) алып келген, кеменің басқа кемені (кемелерді), навигациялық жабдық құралдарын, жағалау құрылысжайын зақымдауына, кеменің сүйретіп жүзу объектісін жоғалтуына немесе зақымдауына, адамның қаза болуына немесе денсаулығына зиян келуіне, кемеден адамның жоғалуына, сондай-ақ қоршаған ортаға зиян келуіне алып келген, кемемен болған оқиға;
2) навигациялық қауіпсіздік - навигациялық картаның және жүзуге арналған оқу құралының жеткіліктілігі мен дәлдігінің дәрежесі, навигациялық жабдық құралдарының штаттық орнынан ауысуы және олардың сипаттамаларының өзгеруі туралы навигациялық жедел ақпараттың уақтылығы, жүзу ауданын гидрографиялық қамтамасыз етудің толықтығы мен сенімділігі, радионавигациялық құралдар сипаттамасының тұрақтылығы, ауа райы жағдайын болжау сапасы, жүзудің қауіпсіз жолдары туралы ұсынымдар және теңізде жүзу қауіпсіздігін қамтамасыз ететін басқа да факторлар;
Полная версия
ИС BestProfi