Близость слов: Окончание:





Электр энергиясының бөлшек сауда нарығын ұйымдастыру және оның жұмыс істеуі, сондай-ақ осы нарықта қызмет көрсету қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 20 ақпандағы № 111 бұйрығы. 
Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 26 наурызда № 10533 тіркелді
Редакция 05.01.2025 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 19 қыркүйектегі № 994 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі туралы ереженің 15-тармағы 261) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Кіріспе жаңа редакцияда жазылды ҚР Энергетика министрінің 20.12.2024 жылғы № 471 Бұйрығына сәйкес (30.06.2023 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 05.01.2025 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1. Қоса беріліп отырған Электр энергиясының бөлшек сауда нарығын ұйымдастыру және оның жұмыс iстеуі, сондай-ақ осы нарықта қызмет көрсету қағидаларын бекітілсін.
1. 2. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Электр энергетикасы департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде мерзімді баспасөз басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберілуін;
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің ресми интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастыруын;
4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 2) және 3) тармақшаларымен көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Энергетика вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы
 Энергетика министрінің
 2015 жылғы 20 ақпандағы
 № 111 бұйрығымен
 бекітілген
Электр энергиясының бөлшек сауда нарығын ұйымдастыру және оның жұмыс iстеуі, сондай-ақ осы нарықта қызмет көрсету қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
1-тарау тақырыбы жаңа редакцияда жазылды ҚР Энергетика министрінің 11.02.2021 жылғы № 54 Бұйрығына сәйкес (06.02.2020 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 01.03.2021 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1. Осы Электр энергиясының бөлшек сауда нарығын ұйымдастыру және оның жұмыс iстеуі, сондай-ақ осы нарықта қызмет көрсету қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 19 қыркүйектегі № 994 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі туралы ереженің 15-тармағы 261) тармақшасына сәйкес әзiрлендi және электр энергиясының бөлшек сауда нарығын ұйымдастыру және оның жұмыс iстеуі, сондай-ақ осы нарықта қызмет көрсету тәртібін айқындайды.
1-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Энергетика министрінің 20.12.2024 жылғы № 471 Бұйрығына сәйкес (30.06.2023 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 05.01.2025 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
2. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар мен анықтамалар пайдаланылады:
2-тармақ өзгертілді ҚР Энергетика министрінің 25.12.2017 жылғы № 471 Бұйрығымен(14.06.2017 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 19.01.2018 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
2-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Энергетика министрінің 30.06.2023 жылғы № 248 Бұйрығына сәйкес (11.02.2021 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 01.07.2023 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1) есеп айырысу кезеңi – электрмен жабдықтау шартында айқындалатын, көрсетiлген қызметтер және (немесе) электр энергиясын жеткiзгенi үшiн есеп айырысу жүргiзiлетiн уақыт бөлiгi;
2) нақты теңгерім – электр энергиясының бөлшек сауда нарығындағы субъектiлердiң есеп айырысу кезеңінде жеткiзген және тұтынған электр энергиясы көлемiнiң атаулы бөлiнуiн белгiлейтiн, өңірлік деңгейдегі электр желілерін пайдаланатын энергия беруші ұйым жасаған құжат;
3) өңірлік деңгейдегі электр желілері – бір облыс ішіндегі аудандар арасында не әртүрлі облыстардың аудандары арасында электр энергиясын беруге арналған кіші станциялардың, тарату құрылғыларының және оларды қосатын электр беру желілерінің жиынтығы;
Полная версия
ИС BestProfi