Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 08.05.2020
Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің көмірсутектер мен газ және газбен жабдықтау салаларындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 23 ақпандағы № 132 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 5 маусымда № 11279 болып тіркелді
Осы Бұйрықтың тақырыбы жаңа редакцияда жазылды ҚР Энергетика министрінің 30.11.2018 жылғы № 469 Бұйрығына сәйкес (13.02.2018 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту қолданысқа енгізіледі 04.01.2019 жылдан бастап)
Осы Бұйрық күшін жойды 2020 жылғы 8 мамырдан бастап ҚР Энергетика министрінің 10.04.2020 жылғы № 139 Бұйрығына сәйкес 
Редакция 19.12.2019 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1) «Шикі газды алау етіп жағуға рұқсат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес;
1-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР Энергетика министрінің 30.11.2018 жылғы № 469 Бұйрығына сәйкес (13.02.2018 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту қолданысқа енгізіледі 04.01.2019 жылдан бастап)
2) «Теңiздегі объектілерді құруға және орналастыруға рұқсат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес;
2-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР Энергетика министрінің 30.11.2018 жылғы № 469 Бұйрығына сәйкес (13.02.2018 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту қолданысқа енгізіледі 04.01.2019 жылдан бастап)
3) тармақша алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
3-тармақша алынып тасталды ҚР Энергетика министрінің 30.11.2018 жылғы № 469 Бұйрығына сәйкес (13.02.2018 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту қолданысқа енгізіледі 04.01.2019 жылдан бастап)
4) тармақша алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
4-тармақша алынып тасталды ҚР Энергетика министрінің 07.03.2017 жылғы № 83 Бұйрығымен (28.01.2016 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 21 (жиырма бір) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 16.05.2017 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
5) тармақша алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
5-тармақша алынып тасталды ҚР Энергетика министрінің 30.11.2018 жылғы № 469 Бұйрығына сәйкес (13.02.2018 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту қолданысқа енгізіледі 04.01.2019 жылдан бастап)
6) «Көмірсутектер саласындағы тау-кен өндірістерін (көмірсутектер), мұнай-химия өндірістерін жобалауға (технологиялық) және (немесе) пайдалануға, магистральдық газ құбырларын, мұнай құбырларын, мұнай өнімдері құбырларын пайдалануға арналған лицензия» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты осы бұйрыққа 6-қосымшаға сәйкес;
6-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР  Энергетика министрінің 13.02.2018 жылғы № 48 Бұйрығына сәйкес (07.03.2017 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 21 (жиырма бір) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 27.03.2018 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
6-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР Энергетика министрінің 30.11.2018 жылғы № 469 Бұйрығына сәйкес (13.02.2018 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту қолданысқа енгізіледі 04.01.2019 жылдан бастап)
7) «Газ желісі ұйымдарын аккредиттеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты осы бұйрықтың 7-қосымшасына сәйкес бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Мұнай-газ кешеніндегі экологиялық реттеу, бақылау және мемлекеттік инспекция комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде осы бұйрықтың мемлекеттік тіркелуін;
2) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгенінен кейін күнтізбелік он күн ішінде осы бұйрықтың көшірмесін мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жолдануын;
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің ресми интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастыруын;
4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 2) және 3) тармақшаларымен көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Энергетика вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық оның алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Энергетика министрі В. Школьник
«КЕЛІСІЛГЕН»
Қазақстан Республикасы
Инвестициялар және даму
министрі
________________ Ә. Исекешев
2015 жылғы 27 сәуір
«КЕЛІСІЛГЕН»
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика
министрі
________________ Е. Досаев
2015 жылғы 25 сәуір
Полная версия
ИС BestProfi