1. «Кең таралған пайдалы қазбаларды барлау және өндіру, барлаумен және өндірумен байланысты емес жерасты құрылыстарын салу және (немесе) пайдалану үшін берілген жер қойнауының учаскелеріне арналған сервитуттарды тіркеу» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет).
Внимание! Документ утратил силу с 07.06.2019
Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 28 сәуірдегі № 501 бұйрығына 9–қосымша
«Кең таралған пайдалы қазбаларды барлау және өндіру, барлаумен және өндірумен байланысты емес жерасты құрылыстарын салу және (немесе) пайдалану үшін берілген жер қойнауының учаскелеріне арналған сервитуттарды тіркеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты
Осы Стандарт күшін жойды 2019 жылғы 7 маусымнан бастап ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 04.05.2019 жылғы № 274 Бұйрығына сәйкес Осы Стандарт күшін жойды 2020 жылғы 20 маусымнан бастап ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің м.а. 22.05.2020 жылғы № 117 Бұйрығына сәйкес
1. Жалпы ережелер
2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) әзірледі.
3. Мемлекеттік қызметті облыстардың, Астана және Алматы қалаларының жергілікті атқарушы органдары (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерін беру көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы жүзеге асырылады.
2. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі
4. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі:
1) көрсетілетін қызметті берушіге құжаттар топтамасы тапсырылған сәттен бастап күнтізбелік – 15 (он бес) күн;
2) мемлекеттік көрсетілетін қызметті алушы өтініш берген күні сол жерде көрсетілетін мемлекеттік қызметті алу кезінде құжаттар топтамасын тапсыру үшін күтудің барынша рұқсат етілетін уақыты – 30 (отыз) минуттан аспайды;
3) мемлекеттік көрсетілетін қызметті алушы өтініш берген күні сол жерде көрсетілетін мемлекеттік қызметті алушыға қызмет көрсетудің барынша рұқсат етілетін уақыты – 15 (он бес) минуттан аспайды.
5. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет нысаны: электрондық, қағаз түрінде.
6. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесі – «Жер қойнауын және жер қойнауын пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының заңында көзделген жағдайларда Кең таралған пайдалы қазбаларды барлау және өндіру, барлаумен және өндірумен байланысты емес жерасты құрылыстарын салу және (немесе) пайдалану үшін берілген жер қойнауының учаскелеріне арналған сервитуттарды тіркеу туралы хабарлама-хат.
Мемлекеттік қызметті көрсетудің нәтижесін беру нысаны – қағаз түрінде.
7. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) ақылы негізде көрсетіледі.
«Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» (Салық кодексі) 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексіне сәйкес сервитуттарды мемлекеттік тіркеу үшін 0,5 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде алым алынады.
Мемлекеттік алымды төлеу қолма-қол және қолма-қол емес нысандарда екінші деңгейдегі банктер мен банктік операциялардың жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар арқылы жүзеге асырылады.
8. Жұмыс кестесі:
көрсетілетін қызметті беруші – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, дүйсенбі – жұма аралығында сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін, түскі үзіліс сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін.
Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижілерін беру сағат 9.00 – ден 17.30-ға дейін, түскі үзіліс сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін.
Мемлекеттік көрсетілетін қызмет кезек күту тәртібімен алдын ала жазылусыз және жеделдетілген қызмет көрсетусіз жүзеге асырылады.
9. Көрсетілетін қызметті алушы (не сенімхат бойынша оның өкілі) көрсетілетін қызметті берушіге өтініш берген кезде мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі:
1) еркін нысандағы өтініш;
2) сервитут белгілеу туралы шарттың нотариалды расталған көшірмесі;
3) сервитутты мемлекеттік тіркеу үшін алым мөлшерлемесінің төленгені туралы түбіртек.
Көрсетілетін қызметті алушы барлық қажетті құжаттарды (қолма-қол немесе пошта байланысы арқылы) тапсырған кезде көшірмесіне құжаттар топтамасының қабылданған күні мен уақыты туралы қойылған белгі көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде қағаз түріндегі өтініштің қабылданғанын растау болып табылады.
3. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша орталық мемлекеттік органның, көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) олардың лауазымды тұлғаларының шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі
10. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) олардың лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым осы стандарттың 12-тармағында көрсетілген мекенжай бойынша көрсетілетін қызметті берушінің басшысының атына не 010000, Астана қаласы, Қабанбай батыр даңғылы, 32/1, «Транспорт Тауэр» ғимараты, 2117-кабинет, телефоны 8 (7172) 24-04-75, 29-08-48 мекенжайы бойынша Министрлік басшысының атына беріледі.
Шағым көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрліктің кеңсесі арқылы қолма-қол не пошта арқылы жазбаша нысанда беріледі
Шағымды қабылдаған адамның тегі мен аты-жөні, берілген шағымға жауап алу мерзімі мен орны көрсетіліп, шағымның көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрліктің кеңсесінде тіркелуі (мөртабан, кіріс нөмірі мен күні) шағымның қабылдануын растау болып табылады. Шағым тіркелгеннен кейін, жауапты орындаушыны анықтау және тиісті шаралар қабылдау үшін көрсетілетін қызметті берушінің басшысына жіберіледі.
Көрсетілетін қызметті берушінің мекенжайына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде қаралуға тиіс. Шағымды қарау нәтижелері туралы дәлелді жауап көрсетілетін қызметті алушыға пошта байланысы арқылы жіберіледі не көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрліктің кеңсесінде қолма-қол беріледі.
Көрсетілетін қызметті беруші қызметкерінің әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі туралы ақпаратты мемлекеттік көрсетілетін қызметтер мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығының телефоны арқылы алуға болады.
Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағыммен жүгінеді.
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның мекенжайына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап он бес жұмыс күні ішінде қаралуы тиіс.
11. Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінеді.
4. Мемлекеттік қызметті көрсетудің, оның ішінде электрондық нысанда және халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы көрсетілетіндердің ерекшеліктері ескерілетін өзге де талаптар
12. Мемлекеттік қызмет көрсетілетін жерлердің мекенжайы Министрліктің www.mid.gov.kz интернет-ресурсында «Мемлекеттік органның қызметі» деген бөлімнің «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер мен стандарттар» деген кіші бөлімінде орналастырылған.
13. Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығының 1414 телефоны арқылы мемлекеттік көрсетілетін қызметтің мәртебесі мен тәртібі туралы ақпарат алуға мүмкіндігі бар.
14. Мемлекеттік қызметті көрсету мәселелері жөніндегі анықтама қызметтерінің байланыс телефондары Министрліктің www.mid.gov.kz интернет-ресурсында: «Мемлекеттік органның қызметі» деген бөлімнің «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер мен стандарттар» деген кіші бөлімінде орналастырылған. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы: 1414.
Полная версия

