1. «Ұлттық мәдени игілік объектілерінің мемлекеттік тізіліміне объектілерді қосу туралы жеке және (немесе) заңды тұлғалардың өтініштерін қарау» мемлекеттік көрсетілетін қызметті Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2015 жылғы 22 сәуірдегі № 146 бұйрығымен бекітілген, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11238 тіркелген «Ұлттық мәдени игілік объектілерінің мемлекеттік тізіліміне объектілерді қосу туралы жеке және (немесе) заңды тұлғалардың өтініштерін қарау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына сәйкес (бұдан әрі – стандарт) Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
Внимание! Документ утратил силу с 24.09.2017
Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрі міндетін атқарушының 2015 жылғы 22 мамырдағы № 191 бұйрығына 3 қосымша
«Ұлттық мәдени игілік объектілерінің мемлекеттік тізіліміне объектілерді қосу туралы жеке және (немесе) заңды тұлғалардың өтініштерін қарау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті
Осы Регламент күшін жойды 2020 жылғы 29 шілдеден бастап ҚР Мәдениет және спорт министрінің 25.06.2020 жылғы № 188 Бұйрығына сәйкес Регламент алынып тасталды 2017 жылғы 24 қыркүйектен бастап ҚР Мәдениет және спорт министрінің 21.07.2017 жылғы № 212 Бұйрығына сәйкес
1. Жалпы ережелер
«Ұлттық мәдени игілік объектілерінің мемлекеттік тізіліміне объектілерді қосу туралы жеке және (немесе) заңды тұлғалардың өтініштерін қабылдау (бұдан әрі - өтініш) және мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижелерін беру көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы іске асырылады.
2. Мемлекеттік қызмет көрсетудің нысаны – қағаз түрінде.
3. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі – объектілерге уақытша негізгі тәртіппен шешім шығару.
Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру нысаны – қағаз түрінде.
2. Көрсетілетін қызметті беруші қызметкерлерінің мемлекеттік қызмет көрсету үдерісіндегі әрекет ету тәртібінің сипаттамасы
4. Мемлекеттік қызмет көрсету бойынша рәсімдерді (іс-қимыл) бастауға нотариалды куәландырылған сенімхат бойынша жеке немесе заңды тұлғадан немесе оның өкілінен Стандарттың 9-тармағында көзделген қолдаухат немесе құжаттарды қабылдау негіз болып табылады.
5. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің құрамына кіретін әр рәсімнің (іс-қимыл) мазмұны, оның орындалу мерзімінің ұзақтығы:
1) құжаттарды қабылдау және көрсетілетін қызметті алушының өтінішін тіркеу берілген күні (құжат сағат 17.30-дан кейін келіп түскен жағдайда, қолдаухаты тіркеу келесі жұмыс күні) жүзеге асырылады.
Құжатты қабылдау кезінде қолдаухаттың көшірмесіне көрсетілетін қызметті беруші кеңсесінің қызметкерлерімен оның фамилиясы, аты және әкесінің аты (бар болғанда) көрсетіле отырып қабылдау күні, уақыты және кіріс құжаттың нөмірінен тұратын мөртаңба қойылады;
2) келіп түскен құжаттардың стандарттың 9-тармағына сәйкестігін тексеру бір жұмыс жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады;
3) стандарттың 9-тармағына сәйкес құжаттар қаралады және екі жұмыс күні ішінде сараптау комиссиясының (бұдан әрі - комиссия) қарауына енгізіледі;
4) комиссияның тапсырылған құжаттарды қарауы үш жұмыс күні ішінде;
5) комиссияның қол қойылған хаттамасына сәйкес қаралып отырған объектіні Ұлттық мәдени игілік объектілерінің мемлекеттік тізіліміне (бұдан әрі – Мемлекеттік тізілім) енгізу немесе енгізбеу туралы қорытындыны дайындау және қарауға енгізу, бұрыштама қою (қол қою) бір жұмыс күні ішінде;
6) қол қойылған қорытынды негізінде көрсетілетін қызметті алушыны объектіге уақытша ерекше режим берілгені жөніндегі шешіммен таныстыру бір жұмыс күні ішінде.
6. Келесі рәсімдерді (іс-қимыл) орындап бастауға негіз болып табылатын мемлекеттік қызмет көрсету бойынша рәсімдердің (әрекеттердің) нәтижелері:
1) тіркелген қолдаухат;
2) ұсынылған құжаттар толық болмаса - өтінішті әрі қарай қараудан жазбаша дәлелді бас тарту, толық болған жағдайда – стандарттың 9-тармағына сәйкес құжаттар;
3) комиссияға стандарттың 9-тармағына сәйкес құжаттармен бірге ілеспе хат;
4) комиссия отырысының қол қойылған хаттамасы;
5) қол қойылған қорытынды;
6) шығыс нөмірі қойылған тіркелген ілеспе хат.
3. Мемлекеттік қызметті көрсету процесінде көрсетілетін қызметті беруші қызметкерлерінің өзара іс-қимыл тәртібінің сипаттамасы
7. Көрсетілетін қызметті берушінің мемлекеттік көрсетілетін қызмет үдерісіне қатысатын қызметкерлерінің (құрылымдық бөлімшелерінің) тізбесі:
1) кеңсе қызметкері;
2) басшы, басшы орынбасары, құрылымдық бөлімше басшысы;
3) жауапты орындаушы;
4) комиссия мүшелері.
8. Әрбір рәсімнің ұзақтылығын көрсете отырып, құрылымдық бөлімшелер (қызметкерлер) арасында рәсімдердің (іс-қимылдың) кезеңділігін сипаттау:
1) кеңсе қызметкерімен құжаттарды қабылдау және көрсетілетін қызметті алушының қолдаухатын тіркеу берілген күні (құжат сағат 17.30-дан кейін келіп түскен жағдайда, өтінішті тіркеу келесі жұмыс күні) жүзеге асырылады;
2) жауапты орындаушының келіп түскен құжаттардың стандарттың 9-тармағына сәйкестігін тексеру бір жұмыс жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады;
3) стандарттың 9-тармағына сәйкес құжаттар жауапты орындаушымен, құрылымдық бөлімше басшысымен қаралады және екі жұмыс күні ішінде сараптау комиссиясының (бұдан әрі - комиссия) қарауына енгізіледі;
4) комиссия мүшелерінің тапсырылған құжаттарды қарауы үш жұмыс күні ішінде;
5) қаралып отырған объектіні Ұлттық мәдени игілік объектілерінің мемлекеттік тізіліміне (бұдан әрі – Мемлекеттік тізілім) енгізу немесе енгізбеу туралы дайындау және көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімше басшысының, құрылымдық бөлімше басшысы орынбасарының қарауына және бұрыштама қоюына (қол қою) енгізу жауапты орындаушымен бір жұмыс күні ішінде;
6) қол қойылған қорытынды негізінде көрсетілетін қызметті алушыны объектіге уақытша ерекше режим берілгені жөніндегі шешіммен таныстыру жауапты орындаушы, кеңсе қызметкерімен бір жұмыс күні ішінде.
9. Рәсімдердің (іс-қимыл), көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлердің) көрсетілетін мемлекеттік қызмет процесіндегі іс-қимылдарының кезеңділігін толық сипаттау осы Регламентке қосымшаға сәйкес көрсетілетін мемлекеттік қызметтің бизнес-процестерінің анықтамалығында сипатталады.
Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің бизнес-процестерінің анықтамалығы «электронды үкіметтің» веб-порталында – «www.egov.kz» және көрсетілетін қызметті берушінің интернет-ресурсында орналасады.
«Ұлттық мәдени игілік объектілерінің мемлекеттік тізіліміне объектілерді қосу туралы жеке және (немесе) заңды тұлғалардың өтініштерін қарау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентіне қосымша
«Ұлттық мәдени игілік объектілерінің мемлекеттік тізіліміне объектілерді қосу туралы жеке және (немесе) заңды тұлғалардың өтініштерін қарау» мемлекеттік қызметін көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығы
Полная версия