«Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы» 2004 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабы 1-тармағының 52) тармақшасына және «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» 2014 жылғы 16 мамырдағы Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабы 1-тармағының 4) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Құрып кету қаупi төнген жабайы фауна мен флора түрлерімен халықаралық сауда туралы конвенцияның күші қолданылатын жануарлар түрлерiн Қазақстан Республикасының аумағына импорттауға, Қазақстан Республикасының аумағынан экспорттауға және (немесе) кері экспорттауға әкiмшiлiк органның рұқсаттар беру қағидаларын бекiту туралы Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің м.а. 2015 жылғы 27 ақпандағы № 18-03/143 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 25 тамызда № 11935 болып тіркелді
Осы Бұйрықтың тақырыбы жаңа редакцияда жазылды ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 18.05.2020 жылғы № 108 Бұйрығына сәйкес (22.04.2019 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 11.06.2020 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Редакция 11.12.2021 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
1. Қоса беріліп отырған Құрып кету қаупi төнген жабайы фауна мен флора түрлерімен халықаралық сауда туралы конвенцияның күші қолданылатын жануарлар түрлерiн Қазақстан Республикасының аумағына импорттауға, Қазақстан Республикасының аумағынан экспорттауға және (немесе) кері экспорттауға әкiмшiлiк органның рұқсаттар беру қағидалары бекiтілсін.
1-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 18.05.2020 жылғы № 108 Бұйрығына сәйкес (22.04.2019 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 11.06.2020 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберілуін;
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушы С. Омаров
«КЕЛІСІЛГЕН» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрі _____________Ә. Исекешев 2015 жылғы 23 шілде
«КЕЛІСІЛГЕН» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрі ____________ Е. Досаев 2015 жылғы 16 шілде
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 27 ақпандағы № 18-03/143 бұйрығымен бекітілген
«Құрып кету қаупі төнген жабайы фауна мен флора түрлерімен халықаралық сауда туралы конвенцияның күші қолданылатын жануарлар түрлерін Қазақстан Республикасының аумағына импорттауға, Қазақстан Республикасының аумағынан экспорттауға және (немесе) кері экспорттауғаәкімшілік органның рұқсаттар беру қағидалары
Осы Қағидалар өзгертілді ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 13.06.2017 жылғы № 239 Бұйрығымен (27.02.2015 ж. редакцияны қараңыз)(алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 21 (жиырма бір) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 11.08.2017 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды Осы Қағидалар өзгертілді ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 22.04.2019 жылғы № 166 Бұйрығымен (13.06.2017 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 06.06.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі) Осы Қағидалар жаңа редакцияда жазылды ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 18.05.2020 жылғы № 108 Бұйрығына сәйкес (22.04.2019 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 11.06.2020 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Құрып кету қаупі төнген жабайы фауна мен флора түрлерімен халықаралық сауда туралы конвенцияның күші қолданылатын жануарлар түрлерін Қазақстан Республикасының аумағына импорттауға, Қазақстан Республикасының аумағынан экспорттауға және (немесе) кері экспорттауға әкімшілік органның рұқсаттар беру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы» 2004 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабы 1-тармағының 52) тармақшасына және «Рұқсаттар және хабарламалар туралы»2014 жылғы 16 мамырдағы Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабы 1-тармағының 4) тармақшасына сәйкес әзірленді және Құрып кету қаупі төнген жабайы фауна мен флора түрлерімен халықаралық сауда туралы конвенцияның күші қолданылатын жануарлар түрлерін Қазақстан Республикасының аумағына импорттауға, Қазақстан Республикасының аумағынан экспорттауға және (немесе) кері экспорттауға әкімшілік органның рұқсаттар беру тәртібін айқындайды.
2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) әкiмшiлiк орган – «Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабының 5-тармағына сәйкес ұрып кету қаупі төнген жабайы фауна мен флора түрлерімен халықаралық сауда туралы конвенция бойынша Қазақстан Республикасының міндеттемелерін орындауды ұйымдастыру Қазақстан Республикасының Үкіметі тағайындаған ұлттық әкімшілік орган;
2) өтiнiш беруші –лицензиялаудан немесе рұқсат беру рәсімінен өту үшін тиісті рұқсат беру органына жүгінген немесе хабарлама жіберген жеке немесе заңды тұлға, заңды тұлғаның филиалы немесе өкілдігі, лицензиат, екінші санаттағы рұқсатты иеленуші;
Полная версия