Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 23.11.2020
Документ показан в демонстрационном режиме!
Қазақстан Республикасы
 Денсаулық сақтау және
 әлеуметтік даму министрінің
 2015 жылғы 28 cәуірдегі
 № 294 бұйрығына
 5-қосымша
8-қосымшаның оң жақтағы жоғарғы бұрышы жаңа редакцияда жазылды ҚР Денсаулық сақтау министрінің 10.07.2017 жылғы № 496 Бұйрығына сәйкес (30.09.2016 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 10.10.2017 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
Осы Стандарт күшін жойды 2020 жылғы 23 қарашадан бастап ҚР Денсаулық сақтау министрінің 04.11.2020 жылғы № ҚР ДСМ-180/2020 Бұйрығына сәйкес
«Адам ағзаларын (ағзаларының бөлiктерiн) және (немесе) адам тiндерiн, қан мен оның компоненттерiн Қазақстан Республикасының аумағына әкелуге және (немесе) Қазақстан Республикасының аумағынан әкетуге лицензия беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты
Редакция 10.07.2017 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
1-тарау. Жалпы ережелер
1-тараудың атауы жаңа редакцияда жазылды ҚР Денсаулық сақтау министрінің 10.07.2017 жылғы № 496 Бұйрығына сәйкес (30.09.2016 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 10.10.2017 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
1. «Адам ағзаларын (ағзаларының бөлiктерiн) және (немесе) адам тiндерiн, қан мен оның компоненттерін Қазақстан Республикасының аумағына әкелуге және (немесе) Қазақстан Республикасының аумағынан әкетуге лицензия беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет).
2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) әзірледі.
2-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Денсаулық сақтау министрінің 10.07.2017 жылғы № 496 Бұйрығына сәйкес (30.09.2016 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 10.10.2017 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
3. Мемлекеттік қызметті Министрліктің Қоғамдық денсаулық сақтау комитеті(бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
3-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Денсаулық сақтау министрінің 10.07.2017 жылғы № 496 Бұйрығына сәйкес (30.09.2016 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 10.10.2017 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру:
1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі;
2) www.egov.kz, www.elicense.kz «электрондық үкімет» веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады.
2-тарау. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі
2-тараудың атауы жаңа редакцияда жазылды ҚР Денсаулық сақтау министрінің 10.07.2017 жылғы № 496 Бұйрығына сәйкес (30.09.2016 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 10.10.2017 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
4. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімдері:
4-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 30.09.2016 жылғы № 831 Бұйрығына сәйкес (28.04.2015 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 12.12.2016 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
1) көрсетілетін қызметті берушіге құжаттар пакетін тапсырған кезден бастап, сондай-ақ порталға жүгінген кезде:
адам тіндерін, қан мен оның компоненттерін әкелуге, әкетуге лицензия беру кезінде – 3 (үш) жұмыс күні;
адам ағзаларын (ағзаларынң бөліктерін) әкелуге және (немесе) әкетуге лицензия беру кезінде – 1 (бір) жұмыс күні;
- адам тіндерін, қан мен оның компоненттерін әкелуге, әкетуге лицензия беру кезінде – құжаттарын алған күннен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде;
- адам ағзаларын (ағзаларынң бөліктерін) әкелуге және (немесе) әкетуге лицензия беру кезінде – құжаттарын алған күннен бастап 1 (бір) жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді.
Ұсынылған құжаттардың осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-тармағында көзделген тізбеге сәйкес толық емес және (немесе) мерзімі өткен құжаттарды ұсыну фактісі анықталған жағдайларда көрсетілетін қызметті беруші көрсетілген мерзімде өтінішті қарауды тоқтату туралы жазбаша дәлелді жауап береді;
2) құжаттарды тапсыру үшін күтудің рұқсат етілетін ең ұзақ уақыты – 15 (он бес) минут;
Полная версия
ИС BestProfi