Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 01.07.2020
Қазақстан Республикасы
 Энергетика министрінің
 2015 жылғы 23 сәуірдегі
 № 301 бұйрығына
 2-қосымша
2-қосымша жаңа редакцияда жазылды ҚР Энергетика министрінің 21.01.2016 жылғы № 19 Бұйрығына сәйкес (23.04.2015 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту қолданысқа енгізіледі 01.03.2016 жылдан бастап)
2-қосымша жаңа редакцияда жазылды ҚР Энергетика министрінің м.а. 15.03.2017 жылғы № 96 Бұйрығына сәйкес (21.01.2016 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 21 (жиырма бір) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс)
11.05.2017 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
Осы Стандарт күшін жойды 2020 жылғы 1 шілдеден бастап ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 02.06.2020 жылғы № 130 Бұйрығына сәйкес
Редакция 14.06.2018 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
«Озонды бұзатын заттарды және құрамында озонды бұзатын заттар бар өнiмдердi Кеден одағына кірмейтін елдерден Қазақстан Республикасының аумағына әкелуге және Қазақстан Республикасының аумағынан осы елдерге әкетуге лицензия беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты
1. «Озонды бұзатын заттарды және құрамында озонды бұзатын заттар бар өнiмдердi Кеден одағына кірмейтін елдерден Қазақстан Республикасының аумағына әкелуге және Қазақстан Республикасының аумағынан осы елдерге әкетуге лицензия беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет).
2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) әзірледі.
3. Мемлекеттік қызметті Министрліктің Экологиялық реттеу және бақылау комитеті (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру www.egov.kz «электрондық үкімет» веб-порталы (бұдан әрі - портал) арқылы жүзеге асырылады.
2-тарау. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі
4. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі:
4-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Энергетика министрінің 27.04.2018 жылғы № 149 Бұйрығына сәйкес (15.03.2017 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 21 (жиырма бір) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 23.05.2018 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
лицензия беру - 8 (сегіз) жұмыс күнінен кешіктірмей.
Көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушының құжаттарын алған сәттен бастап екі жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді.
Ұсынылған құжаттардың толық еместігі және (немесе) мерзімі өтіп кеткен құжаттар анықталған жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші көрсетілген мерзімде өтінішті әрі қарай қараудан жазбаша дәлелді бас тарту береді.
5. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: электрондық.
6. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі – тиісті жылдық кезеңіне озонды бұзатын заттарды тұтыну лимиттерін (квоталарын) сәйкес озонды бұзатын заттарды және құрамында солардың өнімдері бар заттарды Кеден одағына кірмейтін елдерден Қазақстан Республикасының аумағына әкелуге және осы елдерге Қазақстан Республикасының аумағынан әкетуге лицензия, осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 10-тармағында көзделген жағдайларда және негіздер бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.
Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру нысаны: электрондық.
Порталда мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті тұлғасының электрондық цифрлық қолтаңбасы (бұдан әрі-ЭЦҚ) қойылған электрондық құжат нысанында көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетіне» жіберіледі және сақталады.
7. Мемлекеттік қызмет жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті алушылар) ақылы негізде көрсетіледі.
7-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Энергетика министрінің 27.04.2018 жылғы № 149 Бұйрығына сәйкес (15.03.2017 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 21 (жиырма бір) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 23.05.2018 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
Озонды бұзатын заттарды және құрамында озонды бұзатын заттар бар өнімдерді Кеден одағына кірмейтін елдерден Қазақстан Республикасының аумағына әкелуге және Қазақстан Республикасының аумағынан осы елдерге әкетуге лицензия беруге лицензиялық алым 2017 жылғы 25 желтоқсандағы «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» (Салық кодексі) Қазақстан Республикасы Кодексінің 554-бабына сәйкес жүзеге асырылады және:
лицензия беруге - 10 айлық есептік көрсеткішті (бұдан әрі - АЕК) құрайды.
Төлем екінші деңгейдегі банктер және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар арқылы қолма-қол және қолма-қол ақшасыз нысанда жүзеге асырылады, сондай-ақ портал арқылы төлем «электрондық үкіметтің» төлем шлюзі арқылы (бұдан әрі – ЭҮТШ) жүзеге асырылуы мүмкін.
порталда – жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді есептемегенде, тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген кезде Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру келесі жұмыс күнімен жүзеге асырылады).
9) Көрсетілетін қызметті алушы жүгінген кезде мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі:
осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша тауарлардың жеке түрлерін экспортқа шығаруға лицензия беру туралы өтініш;
осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша тауарлардың жеке түрлерін импортқа шығаруға лицензия беру туралы өтініш;
жекелеген қызмет түрлерімен айналысу құқығына лицензиялық алымның бюджетке төленгені туралы ЭҮТШ арқылы төлеуді есептемегенде түбіртектің электрондық көшірмесі;
делдалдық қызмет көрсету туралы (егер тапсырыс беруші ретінде делдал әрекет етсе) шарттың (келісімшарттың) электрондық көшірмесі;
әзірлеушінің (өндірушінің), ол шығарған озон қабатын бұзатын заттардың немесе оларды құрайтын өнімдердің оларға сәйкес әзірленетін құжаттардың талаптарына сәйкес келетіні туралы сәйкестік сертификатының және (немесе) жазбаша хабарламасының электрондық көшірмесі;
адамның денсаулығы мен қоршаған ортаға зиян келтіретін жағдайда, озон қабатын бұзатын заттардың және оларды құрайтын өнімдерді әкелуді жүзеге асыратын өтініш берушінің қолданыстағы сақтандыру полисінің немесе Одаққа мүше мемлекет заңнамасында көзделген өзге де кепілдіктерін қамтамасыз етуін растайтын құжаттың электрондық көшірмесі;
кәдеге жаратылған және (немесе) қайта айналысқа түскен озон қабатын бұзатын заттар әкелінген жағдайда озон қабатын бұзатын заттарды қалпына келтіруді жүзеге асыру туралы (егер қалпына келтіруді өтініш беруші жүзеге асырмаған жағдайда ұсынылады) ұйыммен жасасқан шарттың (келісімшарттың) электрондық көшірмесі және озон қабатын бұзатын заттарды қалпына келтіруді жүзеге асыруды жоспарлаған ұйымда белгіленген тиісті талаптарға сәйкес келетін қондырғының болуын растау;
кәдеге жаратылған және (немесе) қайта айналысқа түскен озон қабатын бұзатын заттар әкелінген жағдайда озон қабатын бұзатын заттарды жоюды жүзеге асыру туралы (қалпына келтіруді өтініш беруші жүзеге асырмаған жағдайда ұсынылады) ұйыммен жасасқан шарттың (келісімшарттың) электрондық көшірмесі және озон қабатын бұзатын заттарды жоюды жүзеге асыруды жоспарлаған ұйымда Монреаль хаттамасы Тараптарының шешімдерімен мақұлданған озон қабатын бұзатын заттарды жою технологияларына сай келетін қондырғының бар болуын растау;
озон қабатын бұзатын заттардың шикізат ретінде пайдалану үшін әкелу мақсатында озон қабатын бұзатын заттарды озон қауіпсіз химиялық заттарын өндіру үшін шикізат ретінде ғана пайдаланатынын растайтын өтініш берушінің электрондық хаты немесе озон қабатын бұзатын заттардың озон қауіпсіз химиялық заттарын өндіру үшін шикізат ретінде пайдаланатын ұйыммен шарттың электрондық көшірмесі;
егер Одаққа мүше мемлекеттің заңнамасында озон қабатын бұзатын заттардың бір рет пайдалану ыдысында әкелуге (әкетуге) тыйым салу белгіленген жағдайда озон қабатын бұзатын заттардың бірнеше рет пайдалану ыдысында тасымалданатынын растайтын мәліметтердың электрондық нысаны.
Жеке басын куәландыратын заңды тұлғаның мемлекеттік тіркелгені (қайта тіркелгені) туралы, дара, жеке кәсіпкердің мемлекеттік тіркелгені туралы мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік ақпараттық жүйелерге сәйкес келетін «электронды үкімет» шлюзінен алады.
Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметтерді көрсету кезінде егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе ақпараттық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісімін береді.
Көрсетілетін қызметті алушы барлық қажетті құжаттарды тапсырған кезде:
порталға – «жеке кабинетіне» мемлекеттік қызмет көрсетуге сұрау салуды қабылдау туралы мәртебе жіберіледі.
10. Мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту негіздемесі мыналар болып табылады:
1) жеке немесе заңды тұлғалардың осы санаты үшін қызмет түрімен айналысуға Қазақстан Республикасының заңдарында тыйым салынған;
3) мемлекеттік көрсетілетін қызметті алушының біліктілік талаптарына сай келмеуі;
4) мемлекеттік көрсетілетін қызметті алушыға қатысты өтініш білдірген қызмет түрлерімен айналысуға тыйым салатын заңды күшіне енген сот шешімінің (үкімінің) болуы;
5) сот орындаушысының ұсынуы негізінде соттың көрсетілетін қызметті алушыға лицензия алуға уақытша тыйым салуы;
6) Қазақстан Республикасының озон қабатын бұзатын заттар жөніндегі халықаралық шарттарына сәйкес қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган белгілейтін озонды бұзатын заттарды тұтыну квоталарының болмауы.
3- тарау . Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша орталық мемлекеттік органдардың, сондай-ақ көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының және (немесе) оның қызметкерлерінің шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі
11. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) олардың лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздіктеріне) шағымданған жағдайда, шағым көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына немесе Министрліктің басшысының атына осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 13-тармағында көрсетілген мекенжай бойынша беріледі.
Шағым жазбаша нысанда пошта бойынша, портал арқылы немесе жұмыс күндері қызмет берушінің немесе Министрліктің кеңсесі арқылы қабылданады.
1) жеке тұлға - оның тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда), пошталық мекенжайы, байланыс телефоны;
2) заңды тұлға - оның атауы, пошталық мекенжайы, шығыс нөмірі мен күні көрсетіледі. Көрсетілетін қызметті алушы өтінішке қол қоюы керек.
Шағымның қабылданғанын растау оның көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрліктің кеңсесінде шағымды қабылдаған тұлғаның тегі мен аты-жөні, тапсырылған шағымға жауапты алу орнымен мерзімі көрсетіле отырып тіркелуі (мөртабан, кіріс нөмірі және күні) болып табылады.
Көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрліктің мекенжайына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде қаралуға жатады. Шағымды қарау нәтижесі туралы дәлелді жауап көрсетілетін қызметті алушыға пошта байланысы арқылы жіберіледі не көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрліктің кеңсесінде қолма-қол беріледі.
Портал арқылы жүгінгенде шағымдану тәртібі туралы ақпаратты бірыңғай байланысорталығының телефоны 1414, 8 800 080 7777 бойынша алуға болады.
Шағымды портал арқылы жолдаған кезде көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетінен» көрсетілетін қызметті берушінің өтініштерді өңдеуі барысында (жеткені, тіркелгені, орындалғаны туралы белгі, қарау немесе қараудан бас тарту туралы жауап) жаңартылатын өтініш туралы ақпарат қолжетімді болады.
Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағыммен жүгіне алады.
Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның мекенжайына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап он бес жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.
12. Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайларда көрсетілетін қызметті алушының Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқығы бар.
4- тарау. Мемлекеттік қызмет көрсету, оның ішінде электрондық нысандакөрсетілетін қызметтер ерекшеліктері ескеріле отырып қойылатынөзге де талаптар
13. Мемлекеттік қызмет көрсету орындарының мекенжайлары мынадай:
1) Министрліктің - www.energo.gov.kzинтернет-ресурсы, «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер» бөлімі;
2) Министрліктің - www.cerc.energo.gov.kz, «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер» бөлімі;
14. Көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сы болған жағдайда портал арқылы электрондық нысанда мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуға мүмкіндігі бар.
15. Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты порталдағы «жеке кабинеті» арқылы қашықтықтан қол жеткізу режимінде, сондай-ақ мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы арқылы алу мүмкіндігі бар.
16. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша анықтама қызметтерінің байланыс телефондары: 8 (7172) 58 00 58, 119 және мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы: (1414, 8 800 080 7777).
«Озонды бұзатын заттарды және
құрамында озонды бұзатын заттар
бар өнiмдердi Кеден одағына кірмейтін
елдерден Қазақстан Республикасының
аумағына әкелуге және
Қазақстан Республикасының
аумағынан осы елдерге әкетуге
лицензия беру» мемлекеттік
көрсетілетін қызмет стандартына
1-қосымша
Тауарлардың жекелеген түрлерін экспорттауға лицензия беру туралы өтініш

1. Өтініш №

2. Қолданылу кезеңі

КК.АА.ЖЖЖЖ бастап

КК.АА.ЖЖЖЖ қоса алғанда|

3. Лицензия типі

| ЭКСПОРТ

4. Келісімшарт

5. Өтініш беруші |

6. Сатып алушы

7. Жөнелту елі |

8. Сатушы ел |

9. Келісімшарт валютасы |

10. Құны

11. Статистикалық

құны

12. Шығарылған ел |

13. Саны

14. Өлшем бірлігі

15. СЭҚ БТН бойынша тауар коды және оның сипаттамасы |

16. Қосымша ақпарат

17. Лицензия беру үшін негіз

18. Өтініш берушінің уәкілетті адамы

Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)

Лауазымы

Телефоны

Қолы және мөрі (болған жағдайда) күні

Ақпараттық жүйелерде қамтылған заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісемін.
«Озонды бұзатын заттарды және 
құрамында озонды бұзатын заттар
бар өнiмдердi Кеден одағына кірмейтін
елдерден Қазақстан Республикасының
 аумағына әкелуге және     
Қазақстан Республикасының  
аумағынан осы елдерге әкетуге 
лицензия беру» мемлекеттік  
көрсетілетін қызмет стандартына
2-қосымша
Тауарлардың жекелеген түрлерін импорттауға лицензия беру туралы өтініш

1. Өтініш

2. Қолданылу кезеңі

КК.АА.ЖЖЖЖ бастап

КК.АА.ЖЖЖЖ қоса алғанда |

3. Лицензия типі

| ИМПОРТ

4. Келісімшарт

5. Өтініш беруші |

6. Сатушы

7. Жөнелту елі |

8. Сатушы ел|

9. Келісімшарт валютасы |

10. Құны

11. Статистикалық

құны

12. Шығарылған ел |

13. Саны

14. Өлшем бірлігі

15. СЭҚ БТН бойынша тауар коды және оның сипаттамасы

16. Қосымша ақпарат

17. Лицензия беру үшін негіз

18. Өтініш берушінің уәкілетті адамы

Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)

Лауазымы

Телефоны

Қолы және мөрі (болған жағдайда) күні

Ақпараттық жүйелерде қамтылған заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісемін.
Полная версия
ИС BestProfi