Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 01.07.2020
Қазақстан Республикасы
 Энергетика министрінің
 2015 жылғы 23 сәуірдегі
 № 301 бұйрығына
 4-қосымша
4-қосымша жаңа редакцияда жазылды ҚР Энергетика министрінің м.а. 15.03.2017 жылғы № 96 Бұйрығына сәйкес (23.04.2015 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 21 (жиырма бір) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс)
11.05.2017 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
Осы Стандарт күшін жойды 2020 жылғы 1 шілдеден бастап ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 02.06.2020 жылғы № 130 Бұйрығына сәйкес
Редакция 06.02.2019 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен 
«І санаттағы объектілер үшін экологиялық рұқсаттар беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты
1. «І санаттағы объектілер үшін экологиялық рұқсаттар беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет).
2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі (бұдан әрі - Министрлік) әзірледі.
3. Мемлекеттік қызметті Министрліктің Экологиялық реттеу және бақылау комитеті және оның аумақтық бөлімшелері көрсетеді (бұдан әрі – қызмет көрсетуші).
3-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Энергетика министрінің 27.12.2018 жылғы № 537 Бұйрығына сәйкес (15.03.2017 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 06.02.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру www.egov.kz, www.elicense.kz «электрондық үкімет» веб-порталы (бұдан әрі - портал) арқылы жүзеге асырылады.
2- тарау. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі
4. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі порталға жүгінген сәттен бастап:
4-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Энергетика министрінің 27.12.2018 жылғы № 537 Бұйрығына сәйкес (15.03.2017 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 06.02.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1) көрсетілетін қызметті берушіге құжаттар топтамасын тапсырған сәттен бастап, сондай-ақ порталға жүгінген кезде:
рұқсат беру – 15 (он бес) жұмыс күнінен аспайды;
рұқсатты қайта ресімдеу - 15 (он бес) күнтізбелік күні ішінде.
Көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушының өтінішін тіркеген сәттен бастап, 5 (бес) жұмыс күнінен аспайтын мерзімде ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді.
Ұсынылған құжаттардың толық еместігі және (немесе) қолдану мерзімі өткен құжаттар анықталған жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші көрсетілген мерзімдерде өтінішті әрі қарай қараудан бас тарту туралы уәжді жауап береді.
5. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету нысаны: электрондық түрде.
5-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Энергетика министрінің 27.12.2018 жылғы № 537 Бұйрығына сәйкес (15.03.2017 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 06.02.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
6. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету нәтижесі –қоршаған ортаға эмиссияларға рұқсат, рұқсатты қайта ресімдеу немесе осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 10-тармағында көзделген жағдайларда және негіздер бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы уәжді жауап.
6-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Энергетика министрінің 27.12.2018 жылғы № 537 Бұйрығына сәйкес (15.03.2017 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 06.02.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету нәтижесін беру нысаны: электрондық түрде.
Порталда мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының электрондық цифрлық қолы (бұдан әрі - ЭЦҚ) қойылған электрондық құжаттар нысанында қызметті алушының «жеке кабинетіне» жолданады.
7. Мемлекеттік қызмет жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті алушы) тегін көрсетіледі.
Полная версия
ИС BestProfi