1. «II, III және IV санаттағы объектілер үшін мемлекеттік экологиялық сараптама қорытындысын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет).
Внимание! Документ утратил силу с 01.07.2020
Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 23 сәуірдегі № 301 бұйрығына 7-қосымша
7-қосымша жаңа редакцияда жазылды ҚР Энергетика министрінің 21.01.2016 жылғы № 19 Бұйрығына сәйкес (23.04.2015 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту қолданысқа енгізіледі 01.03.2016 жылдан бастап) 7-қосымша жаңа редакцияда жазылды ҚР Энергетика министрінің м.а. 15.03.2017 жылғы № 96 Бұйрығына сәйкес (21.01.2016 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 21 (жиырма бір) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 11.05.2017 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
«II, III және IV санаттағы объектілер үшін мемлекеттік экологиялық сараптама қорытындысын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты
Осы Стандарт жаңа редакцияда жазылды ҚР Энергетика министрінің 27.12.2018 жылғы № 537 Бұйрығына сәйкес (15.03.2017 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 06.02.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі) Осы Стандарт күшін жойды 2020 жылғы 1 шілдеден бастап ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 02.06.2020 жылғы № 130 Бұйрығына сәйкес
Редакция 06.02.2019 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
1-тарау. Жалпы ережелер
2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) әзірледі.
3. Мемлекеттік қызметті облыстардың, Астана, Алматы және Шымкент қалаларының жергілікті атқарушы органдары (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру www.egov.kz, www.elicense.kz «электрондық үкіметтің» веб-порталы (бұдан әрі - портал) арқылы жүзеге асырылады.
2-тарау. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі
4. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі порталға жүгінген сәттен бастап:
мемлекеттік экологиялық сараптама қорытындысын беру:
II санаттағы объектілер үшін – 30 (отыз) жұмыс күні ішінде;
III және IVсанаттағы объектілер үшін – 15 (он бес) жұмыс күні ішінде;
ұсынылған құжаттардың толықтығын тексеру – 3 (үш) жұмыс күнінен асырмай.
Ұсынылған құжаттардың толық еместігі және (немесе) қолдану мерзімі өткен құжаттар анықталған жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші көрсетілген мерзімде өтінішті әрі қарай қараудан бас тарту туралы уәжді жауап береді.
Ұсынылған құжаттардың мазмұны бойынша ескертулер болған жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші портал арқылы көрсетілетін қызметті алушыға:
II санатты объектілер үшін 15 (он бес) жұмыс күні ішінде уәжді ескертулерді жолдайды, көрсетілетін қызметті алушы оларды ескертулер берілген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде жояды.
III және IV санатты объектілер үшін 7 (жеті) жұмыс күні ішінде уәжді ескертулерді жолдайды, көрсетілетін қызметті алушы оларды ескертулер берілген күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде жояды.
Бұл ретте, көрсетілген мерзімдер өткеннен кейін көрсетілетін қызметті беруші ескертулер бойынша өңделген құжаттарды қабылдамайды.
Олар белгіленген мерзімде жойылған жағдайда, мемлекеттік экологиялық сараптаманың оң қорытындысы беріледі.
Полная версия