1. Мемлекеттiк қызметті Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлiгінің Индустриялық даму және өнеркәсiптiк қауiпсiздiк комитетi (бұдан әрi - көрсетілетін қызметті беруші) болып табылады.
Внимание! Документ утратил силу с 26.09.2020
Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 28 мамырдағы № 619 бұйрығына 3-қосымша
«Экспорттық бақылауға жататын өнiмнiң транзитіне рұқсат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті
Осы Регламент күшін жойды 2020 жылғы 26 қыркүйектен бастап ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 08.09.2020 жылғы № 457 Бұйрығына сәйкес Осы Регламент жаңа редакцияда жазылды ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 18.03.2019 жылғы № 138 Бұйрығына сәйкес (28.05.2015 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 15.04.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1-тарау. Жалпы ережелер
Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация), «электрондық үкiметтiң» www.egov.kz веб-порталы немесе «Е–лицензиялау» www.elicense.kz веб-порталы (бұдан әрi – портал) арқылы жүзеге асырылады.
2. Мемлекеттiк қызмет көрсету нысаны – электрондық / қағаз түрiнде.
3. Мемлекеттiк қызметтi көрсету нәтижесi – экспорттық бақылауға жататын өнiмнiң транзитіне рұқсат.
Мемлекеттiк қызметтi көрсету нәтижесiн ұсыну нысаны: электрондық түрде.
2-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) іс-қимыл тәртібінің сипаттамасы
4. Мемлекеттік қызметті көрсету бойынша рәсімді (іс - қимылды) бастауға негіздеме «Өнеркәсiп және экспорттық бақылау саласындағы мемлекеттiк көрсетілетін қызметтердің стандарттарын бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 30 сәуірдегі № 563 бұйрығымен бекітілген (Нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде № 11636 болып тіркелген) «Экспорттық бақылауға жататын өнiмнiң транзитіне рұқсат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-тармағымен көзделген көрсетілетін қызметті берушінің көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттарды алу болып табылады.
5. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің құрамына кіретін әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) мазмұны, оны орындау ұзақтығы:
1) көрсетілетін қызметті беруші кеңсесінің маманы 15 минут ішінде порталда көрсетілетін қызметті алушының өтінішін тіркейді және Экспорттық бақылау және лицензиялау басқармасының (бұдан әрі – Басқарма) басшысына жібереді;
2) Басқарма басшысы 15 минут ішінде өтнішті қарайды және Басқарманың бас сарапшысына (сарапшыға) орындау үшін жібереді;
3) көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметті алу үшін қажетті құжаттар топтамасын ұсынбаған жағдайда, Басқарманың бас сарапшысы (сарапшы) көрсетілетін қызметті берушіге ұсынған қажетті құжаттарды алған күннен бастап 3 жұмыс күнінен аспайтын мерзімде өтінішті одан әрі қараудан бас тарту туралы дәлелді жауапты ресімдейді;
көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметті алу үшін қажетті құжаттар топтамасын толық ұсынған жағдайда, Басқарманың бас сарапшысы (сарапшы) көрсетілетін қызметті берушіге ұсынған құжаттарды алған күннен бастап 3 жұмыс күнінен аспайтын мерзімде келісім алу үшін тиісті мемлекеттік органдарға сұрау салу жібереді;
4) Басқарманың бас сарапшысы (сарапшы) 11 жұмыс күні мерзімінде көрсетілетін қызмет алушының мемлекеттік қызметті көрсетуге қажетті құжаттарын экспорттық бақылауға жататын өнімнің транзитіне рұқсат беру қызметті алушы құжаттарының лицензия және (немесе) лицензияның қосымшаларын беру, қайта ресімдеу шартына сәйкестігін қарайды, мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін дайындайды және Басқарма басшысына алдын ала келісуге енгізеді;
5) Басқарма басшысы 15 минут ішінде мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесін келіседі;
6) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы Басқарма басшысы келіскеннен кейін 15 минут ішінде мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесіне қол қояды.
6. Мемлекеттік қызметті көрсету бойынша рәсімнің (іс-қимылдың) нәтижесі мынадай рәсімді (іс-қимылды) орындауды бастау үшін негіздеме болады:
Полная версия