Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 26.09.2020
Қазақстан Республикасы
 Инвестициялар және даму
 министрінің міндетін
 атқарушының
 2015 жылғы 28 мамырдағы
 № 619 бұйрығына
 9-қосымша
«Кепiлдiк мiндеттеме (түпкiлiктi пайдаланушының сертификатын) беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті
Осы Регламент күшін жойды 2020 жылғы 26 қыркүйектен бастап ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 08.09.2020 жылғы № 457 Бұйрығына сәйкес 
Осы Регламент жаңа редакцияда жазылды ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 18.03.2019 жылғы № 138 Бұйрығына сәйкес (28.05.2015 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 15.04.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
= red>Редакция 15.04.2019 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен 
1. Мемлекеттiк қызметті Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлiгінің Индустриялық даму және өнеркәсiптiк қауiпсiздiк комитетi (бұдан әрi - көрсетілетін қызметті беруші) көрсетедi.
Өтiнiштерді қабылдау және мемлекеттiк қызмет көрсету нәтижесiн беру: «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғам (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация), «электронды үкiметтiң» www.egov.kz веб-порталы немесе «Е–лицензиялау» www.elicense.kz веб-порталы (бұдан әрi – Портал) арқылы жүзеге асырылады.
2. Мемлекеттiк қызмет көрсету нысаны – электрондық / қағаз түрiнде.
3. Мемлекеттiк қызмет көрсету нәтижесi – кепiлдiк мiндеттеме (түпкiлiктi пайдаланушының сертификаты).
Мемлекеттiк қызметтi көрсету нәтижесiн ұсыну нысаны: электронды және (немесе) қағаз түрінде.
2-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) іс-қимыл тәртібінің сипаттамасы
4. Мемлекеттік қызмет көрсету бойынша рәсімді (іс - қимылды) бастауға негіздеме «Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі өнеркәсiп және экспорттық бақылау саласында көрсететін мемлекеттiк көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекiту туралы» 2015 жылғы 30 сәуірдегі № 563 Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді тіркеу тізілімінде № 11636 болып тіркелген) «Кепiлдiк мiндеттеме (түпкiлiктi пайдаланушының сертификатын) беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-тармағымен көзделген көрсетілетін қызметті берушінің көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттарды алу болып табылады.
5. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің құрамына кіретін әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) мазмұны, оны орындау ұзақтығы:
1) көрсетілетін қызметті беруші кеңсесінің маманы 15 минут ішінде порталда көрсетілетін қызметті алушының өтінішін тіркейді және Экспорттық бақылау және лицензиялау басқармасының (бұдан әрі – Басқарма) басшысына жібереді;
2) Басқарма басшысы 15 минут ішінде өтнішті қарайды және Басқарманың бас сарапшысына (сарапшыға) орындау үшін жібереді;
3) көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметті алу үшін қажетті құжаттар топтамасын ұсынбаған жағдайда, Басқарманың бас сарапшысы (сарапшы) көрсетілетін қызметті берушіге ұсынған қажетті құжаттарды алған күннен бастап 2 жұмыс күнінен аспайтын мерзімде өтінішті одан әрі қараудан бас тарту туралы дәлелді жауапты ресімдейді;
4) Басқарманың бас сарапшысы (сарапшы) 4 жұмыс күні мерзімінде көрсетілетін қызмет алушының мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттарын кепiлдiк мiндеттеме (түпкiлiктi пайдаланушының сертификатын) беру шартына сәйкестігін қарайды, мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін дайындайды және Басқарма басшысына алдын ала келісуге енгізеді;
5) Басқарма басшысы 15 минут ішінде мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесін келіседі;
6) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы Басқарма басшысы келіскеннен кейін 15 минут ішінде мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесіне қол қояды.
6. Мемлекеттік қызметті көрсету бойынша рәсімнің (іс-қимыл) нәтижесі мынадай рәсімді (іс-қимыл) орындауды бастау үшін негіздеме болады:
1) көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметті көрсету үшін ұсынған қажетті өтінішін көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі маманының порталда тіркеуі және оны Басқарма басшысына жіберу;
Полная версия
ИС BestProfi