Близость слов: Окончание:

Внимание! Документ утратил силу с 26.09.2020
Қазақстан Республикасы
 Инвестициялар және даму
 министрінің міндетін
 атқарушының
 2015 жылғы 28 мамырдағы
 № 619 бұйрығына
 10-қосымша
«Тауарларды, технологияларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді, ақпаратты экспорттық бақылауға жататын өнімге жатқызу туралы қорытынды беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті
Осы Регламент күшін жойды 2020 жылғы 26 қыркүйектен бастап ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 08.09.2020 жылғы № 457 Бұйрығына сәйкес 
Осы Регламент жаңа редакцияда жазылды ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 18.03.2019 жылғы № 138 Бұйрығына сәйкес (28.05.2015 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 15.04.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
= red>Редакция 15.04.2019 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен 
1. Мемлекеттiк қызметті Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлiгінің Индустриялық даму және өнеркәсiптiк қауiпсiздiк комитетi (бұдан әрi - көрсетілетін қызметті беруші) көрсетедi.
Өтініштерді қабылдау және мемлекеттiк қызмет көрсету нәтижесiн беру «электрондық үкiметтiң» www.egov.kz веб-порталы немесе «Е–лицензиялау» www.elicense.kz веб-порталы (бұдан әрi – Портал) арқылы жүзеге асырылады.
2. Мемлекеттiк қызмет көрсету нысаны – электрондық түрде.
3. Мемлекеттiк қызмет көрсету нәтижесi – тауарларды, технологияларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді, ақпаратты экспорттық бақылауға жататын өнімге жатқызу туралы қорытынды.
Мемлекеттiк қызметтi көрсету нәтижесiн ұсыну нысаны: электрондық түрде.
2-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) іс-қимыл тәртібінің сипаттамасы
4. Мемлекеттік қызмет көрсету бойынша рәсімді (іс - қимылды) бастауға негіздеме «Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі өнеркәсiп және экспорттық бақылау саласында көрсететін мемлекеттiк көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекiту туралы» 2015 жылғы 30 сәуірдегі № 563 Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді тіркеу тізілімінде № 11636 болып тіркелген) «Тауарларды, технологияларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді, ақпаратты экспорттық бақылауға жататын өнімге жатқызу туралы қорытынды беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-тармағымен көзделген көрсетілетін қызметті берушінің көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттарды алу болып табылады.
5. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің құрамына кіретін әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) мазмұны, оны орындау ұзақтығы:
1) мемлекеттік органдармен келісу талап етпейтін қорытындыны қоспағанда тауарларды, технологияларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді, ақпаратты экспорттық бақылауға жататын өнімге жатқызу туралы қорытынды беру кезінде:
көрсетілетін қызметті беруші кеңсесінің маманы 15 минут ішінде порталда көрсетілетін қызметті алушының өтінішін тіркейді және Экспорттық бақылау және лицензиялау басқармасының (бұдан әрі – Басқарма) басшысына жібереді;
Басқарма басшысы 15 минут ішінде өтнішті қарайды және Басқарманың бас сарапшысына (сарапшыға) орындау үшін жібереді;
көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметті алу үшін қажетті құжаттар топтамасын ұсынбаған жағдайда, Басқарманың бас сарапшысы (сарапшы) көрсетілетін қызметті берушіге ұсынған қажетті құжаттарды алған күннен бастап 3 жұмыс күнінен аспайтын мерзімде өтінішті одан әрі қараудан бас тарту туралы дәлелді жауапты ресімдейді;
Басқарманың бас сарапшысы (сарапшы) 3 жұмыс күні мерзімінде көрсетілетін қызмет алушының мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттарын тауарларды, технологияларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді, ақпаратты экспорттық бақылауға жататын өнімге жатқызу туралы қорытынды беру шартына сәйкестігін қарайды, мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін дайындайды және Басқарма басшысына алдын ала келісуге енгізеді;
Басқарма басшысы 15 минут ішінде мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесін келіседі;
көрсетілетін қызметті берушінің басшысы Басқарма басшысы келіскеннен кейін 15 минут ішінде мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесіне қол қояды;
2) мемлекеттік органдармен келісуді талап ететін тауарларды, технологияларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді, ақпаратты экспорттық бақылауға жататын өнімге жатқызу туралы қорытынды беру кезінде:

Басқарманың бас сарапшысы (сарапшы) мемлекеттік органдармен келіскен жағдайда, 11 жұмыс күні мерзімінде көрсетілетін қызмет алушының мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттарын тауарларды, технологияларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді, ақпаратты экспорттық бақылауға жататын өнімге жатқызу туралы қорытынды беру шартына сәйкестігін қарайды, мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін дайындайды және Басқарма басшысына алдын ала келісуге енгізеді;
Басқарма басшысы 15 минут ішінде мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесін келіседі;
көрсетілетін қызметті берушінің басшысы Басқарма басшысы келіскеннен кейін 15 минут ішінде мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесіне қол қояды.
6. Мемлекеттік қызметті көрсету бойынша рәсімнің (іс-қимыл) нәтижесі мынадай рәсімді (іс-қимыл) орындауды бастау үшін негіздеме болады:
1) көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметті көрсету үшін ұсынған қажетті өтінішін көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі маманының порталда тіркеуі және оны Басқарма басшысына жіберу;
2) Басқарманың бас сарапшысына (сарапшысына) Басқарма басшысының тапсырма тағайындауы;
3) Басқарманың бас сарапшысының (сарапшы) тауарларды, технологияларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді, ақпаратты экспорттық бақылауға жататын өнімге жатқызу туралы қорытындыны ресімдеуі және оны қол қою үшін қызмет берушіге тапсыруы;
4) көрсетілетін қызметті алушыға тауарларды, технологияларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді, ақпаратты экспорттық бақылауға жататын өнімге жатқызу туралы қорытынды беру.
3-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметтіберушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара іс-қимыл тәртібін сипаттау
7. Мемлекеттік қызмет көрсету процесіне қатысатын көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) тізбесі:
1) көрсетілетін қызметті беруші кеңсесінің маманы;
2) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы;
8. Көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшілері арасындағы рәсімдердің (іс-қимылдар) бірізділігін сипаттау:
1) мемлекеттік органдармен келісу талап етпейтін қорытындыны қоспағанда тауарларды, технологияларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді, ақпаратты экспорттық бақылауға жататын өнімге жатқызу туралы қорытынды беру кезінде:
көрсетілетін қызметті беруші кеңсесінің маманы 15 минут ішінде порталда көрсетілетін қызметті алушының өтінішін тіркейді және Экспорттық бақылау және лицензиялау басқармасының (бұдан әрі – Басқарма) басшысына жібереді;
Басқарма басшысы 15 минут ішінде өтнішті қарайды және Басқарманың бас сарапшысына (сарапшыға) орындау үшін жібереді;
көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметті алу үшін қажетті құжаттар топтамасын ұсынбаған жағдайда, Басқарманың бас сарапшысы (сарапшы) көрсетілетін қызметті берушіге ұсынған қажетті құжаттарды алған күннен бастап 3 жұмыс күнінен аспайтын мерзімде өтінішті одан әрі қараудан бас тарту туралы дәлелді жауапты ресімдейді;
Басқарманың бас сарапшысы (сарапшы) 3 жұмыс күні мерзімінде көрсетілетін қызмет алушының мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттарын тауарларды, технологияларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді, ақпаратты экспорттық бақылауға жататын өнімге жатқызу туралы қорытынды беру шартына сәйкестігін қарайды, мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін дайындайды және Басқарма басшысына алдын ала келісуге енгізеді;
Басқарма басшысы 15 минут ішінде мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесін келіседі;
көрсетілетін қызметті берушінің басшысы Басқарма басшысы келіскеннен кейін 15 минут ішінде мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесіне қол қояды;
2) мемлекеттік органдармен келісуді талап ететін тауарларды, технологияларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді, ақпаратты экспорттық бақылауға жататын өнімге жатқызу туралы қорытынды беру кезінде:
көрсетілетін қызметті беруші кеңсесінің маманы 15 минут ішінде порталда көрсетілетін қызметті алушының өтінішін тіркейді және Экспорттық бақылау және лицензиялау басқармасының (бұдан әрі – Басқарма) басшысына жібереді;
Басқарма басшысы 15 минут ішінде өтнішті қарайды және Басқарманың бас сарапшысына (сарапшыға) орындау үшін жібереді;
көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметті алу үшін қажетті құжаттар топтамасын ұсынбаған жағдайда, Басқарманың бас сарапшысы (сарапшы) көрсетілетін қызметті берушіге ұсынған қажетті құжаттарды алған күннен бастап 3 жұмыс күнінен аспайтын мерзімде өтінішті одан әрі қараудан бас тарту туралы дәлелді жауапты ресімдейді;
Басқарманың бас сарапшысы (сарапшы) мемлекеттік органдармен келіскен жағдайда, 11 жұмыс күні мерзімінде көрсетілетін қызмет алушының мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттарын тауарларды, технологияларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді, ақпаратты экспорттық бақылауға жататын өнімге жатқызу туралы қорытынды беру шартына сәйкестігін қарайды, мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін дайындайды және Басқарма басшысына алдын ала келісуге енгізеді;
Басқарма басшысы 15 минут ішінде мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесін келіседі;
көрсетілетін қызметті берушінің басшысы Басқарма басшысы келіскеннен кейін 15 минут ішінде мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесіне қол қояды.
9. Көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелері (қызметкерлер) арасындағы рәсімдердің (іс-қимылдар) реттілігінің сипаттамасы осы «Тауарларды, технологияларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді, ақпаратты экспорттық бақылауға жататын өнімге жатқызу туралы қорытынды беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентіне 1-қосымшаға сәйкес көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлер) өзара іс-қимылының блок-схемасында берілген.
4-тарау. Мемлекеттiк қызметті көрсету процесiнде ақпараттық жүйелердi пайдалану тәртiбiн сипаттау
10. Портал арқылы мемлекеттiк қызметті көрсету кезiнде көрсетiлетін қызметті берушi мен көрсетiлетін қызметті алушының өтініш жасау және рәсiмдердiң (iс-қимылдардың) бірізділігі тәртiбiнің сипаттамасы.
1) көрсетiлетін қызметті берушiнің рәсiмдерi (iс-қимылдары) бірізділігінің сипаттамасы:
1-рәсiм – мемлекеттiк қызмет көрсету үшiн «Е-лицензиялау» Мемлекеттiк дерекқоры» ақпараттық жүйесіне (бұдан әрі - ЕЛ МД АЖ) көрсетілетін қызметті берушінің логині мен паролін енгiзуi;
1-шарт – логин және пароль арқылы ЕЛ МД АЖ-да көрсетілетін қызметті берушінiң тiркелген қызметкерi туралы деректердiң түпнұсқалығын тексеру;
2-рәсiм – ЕЛ МД АЖ-да көрсетілетін қызметті беруші қызметкерiнiң деректерiнде бұзушылықтардың болуына байланысты авторландырудан бас тарту туралы хабарламаны қалыптастыру;
3-рәсiм – көрсетiлетін қызметті беруші қызметкерiнiң осы регламентте көрсетiлген қызметтi таңдауы, қызмет көрсету үшiн сұрау салу нысанын экранға шығаруы және көрсетiлетін қызметті беруші қызметкерiнiң көрсетiлетін қызметті алушы деректерiн енгiзуі;
4-рәсiм – электрондық үкiмет шлюзі арқылы көрсетілетін қызметті алушының деректері туралы сұрау салуды «Заңды тұлғалар» мемлекеттiк дерекқорына (бұдан әрі - ЗТ МДБ) немесе «Жеке тұлғалар» мемлекеттiк дерекқорына (бұдан әрі - ЖТ МДБ) жiберу;
2-шарт – көрсетiлетін қызметті алушы деректерiнiң ЖТ МДБ/ЗТ МДБ-да болуын тексеру;
5-рәсiм – көрсетiлетін қызметті беруші деректерiнiң ЖТ МДБ/ЗТ МДБ-да болмауына байланысты деректердi алудың мүмкiн еместiгi туралы хабарламаны қалыптастыру;
6-рәсiм – құжаттардың қағаз нысанда болуы туралы белгiсi бөлiгiнде сұрау нысанын толтыру;
7-рәсiм – сұрау салуды ЕЛ МД АЖ-да тiркеу және ЕЛ МД АЖ-да көрсетілетін қызметтердi өңдеу;
8-рәсiм – көрсетiлетін қызметті берушінің көрсетiлетін қызметті алушының рұқсат беру шарттарына және талаптарына сәйкестiгiн тексеру;
9-рәсiм –көрсетiлетін қызметті алушының мемлекеттiк қызметтi көрсету нәтижесiн алуы.
2) көрсетiлетін қызметті алушының өтініш жасау тәртібінің және рәсiмдер (iс-қимылдар) бірізділігінің сипаттамасы:
1-рәсiм – мемлекеттiк көрсетілетін қызметтi алу үшiн Порталда көрсетiлетін қызметті алушының парольді енгiзуі (авторлау процесi);
1-шарт – логин (жеке сәйкестендiру нөмiрi/бизнес-сәйкестендiру нөмiрi) және пароль арқылы Порталда тiркелген көрсетiлетін қызметті алушы туралы деректердiң түпнұсқалығын тексеру;
2-рәсiм – Порталда көрсетiлетін қызметті алушы деректерiнде бұзушылықтардың болуына байланысты авторлаудан бас тарту туралы хабарламаны қалыптастыру;
3-рәсiм – көрсетiлетін қызметті алушының осы регламентте көрсетiлген қызметтi таңдауы, қызмет көрсету үшін сұрау нысанын экранға шығару және көрсетiлетін қызметті алушының сұрау нысанына қажеттi құжаттарды электрондық нысанда бекіте отырып, нысанның құрылымы мен форматтық талаптарын ескере отырып оны толтыруы (деректерді енгізу);
4-рәсiм – қызметтi электрондық үкiметтiң төлем шлюзі арқылы төлеу, одан кейiн бұл ақпарат ЕЛ МД АЖ-ға түседi;
2-шарт – мемлекеттік қызметті көрсеткенi үшiн төлем фактiсiн ЕЛ МД АЖ-да тексеру;
5-рәсiм – ЕЛ МД АЖ-да қызметті көрсету үшiн төлемнiң болмауына байланысты, сұратылып отырған мемлекеттік қызметтен бас тарту туралы хабарламаны қалыптастыру;
6-рәсiм – сұрау салуды куәландыру (қол қою) үшiн көрсетiлетін қызметті алушының электрондық цифрық қолтаңбасының (бұдан әрі – ЭЦҚ) тiркеу куәлiгiн таңдауы;
7-рәсiм – көрсетiлетін қызметті алушының ЭЦҚ арқылы қызмет көрсетуге сұрау салудың толтырылған (енгiзiлген деректер) нысанын куәландыру (қол қою);
8-рәсiм – ЕЛ МД АЖ-да электрондық құжатты (көрсетiлетін қызметті алушының сұрау салуын) тiркеу және ЕЛ МД АЖ-да сұрау салуды өңдеу;
9-рәсiм – көрсетiлетін қызметті берушінің көрсетiлетін қызметті алушының лицензия және (немесе) лицензияға қосымша беру/қайта ресiмдеу шарттарына, сондай-ақ қойылатын бiлiктiлiк талаптарға сәйкестiгiн тексеруі;
10-рәсiм – көрсетiлетін қызметті алушының ЕЛ МД АЖ-да қалыптастырылған мемлекеттiк қызметтi көрсету нәтижесiн алуы.
Көрсетiлетін қызметті берушi арқылы мемлекеттiк қызметті көрсетуге тартқан ақпараттық жүйелердiң функционалдық өзара iс-қимыл диаграммасы, және көрсетілетін қызметті алушы арқылы мемлекеттік қызметті көрсетуге тартқан ақпараттық жүйелердің функционалдық өзара іс-қимылының диаграммасы осы регламентке 2, 3-қосымшаларда келтірілген.
«Тауарларды, технологияларды, жұмыстарды, 
көрсетілетін қызметтерді, ақпаратты экспорттық 
бақылауға жататын өнімге жатқызу туралы 
қорытынды беру» мемлекеттік көрсетілетін 
қызмет регламентіне
1-қосымша
Қызметкерлер рәсімдерінің (іс-қимылдарының) бірізділік анықтамасы
«Тауарларды, технологияларды, жұмыстарды, 
көрсетілетін қызметтерді, ақпаратты 
экспорттық бақылауға жататын өнімге 
жатқызу туралы қорытынды беру» 
​мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентіне
2-қосымша
Көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттiк қызметті көрсетуге тартқан ақпараттық жүйелердiң функционалдық өзара iс-қимыл диаграммасы
«Тауарларды, технологияларды, жұмыстарды, 
көрсетілетін қызметтерді, ақпаратты 
экспорттық бақылауға жататын өнімге жатқызу 
туралы қорытынды беру» мемлекеттік 
көрсетілетін қызмет регламентіне
3-қосымша
Мемлекеттік көрсетілетін қызметті алушыға мемлекеттiк қызметті көрсету кезiнде тартқан ақпараттық жүйелердiң функционалдық өзара iс-қимыл диаграммасы
Полная версия
ИС BestProfi