1. «Қазақстан Республикасында босқын мәртебесін беру және ұзарту» мемлекеттік қызметінің регламенті (бұдан әрі – Регламент) Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 7 сәуірдегі № 315 бұйрығымен бекітілген «Қазақстан Республикасында босқын мәртебесін беру және ұзарту» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына (бұдан әрі – Стандарт) сәйкес көрсетілетін қызметті алушының тұрғылықты жері бойынша көрсетеді.
Внимание! Документ утратил силу с 14.04.2020
«Қазақстан Республикасында босқын мәртебесін беру және ұзарту» мемлекеттік қызметінің регламенті
Осы Регламент күшін жойды 2020 жылғы 14 сәуірден бастап ҚР Ішкі істер министрінің 30.03.2020 жылғы № 265 Бұйрығына сәйкес
Редакция 06.10.2019 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
1-тарау. Жалпы ережелер
1-тараудың атауы жаңа редакцияда жазылды ҚР Ішкі істер министрінің 19.02.2019 жылғы № 136 Бұйрығына сәйкес (24.01.2018 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 23.03.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
2. Мемлекеттік қызметті Министрліктің www.mvd.gov.kz интернет-ресурсында, «Министрлік туралы» бөлімде, «Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі құрылымдық бөліністерінің веб-ресурстары» деген кіші бөлімде көрсетілген мекенжайлар бойынша Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің аумақтық көші-қон қызметі бөліністері (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді
2-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Ішкі істер министрінің 24.01.2018 жылғы № 45 Бұйрығына сәйкес (30.06.2015 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 07.03.2018 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
3. Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны – қағаз түрінде.
4. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі – Қазақстан Республикасында шетелдіктерге, азаматтығы жоқ адамдарға мемлекеттік қызмет ұсынуда босқын мәртебесін беру және босқынның куәлігін беру, босқынның мәртебесін ұзарту беру не осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 10-тармағында көзделген жағдайларда және негіздер бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: қағаз түрінде.
2-тарау. Мемлекеттік қызметті көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөліністерінің (қызметкерлерінің) іс-әрекеттері тәртібінің сипаттамасы
2-тараудың атауы жаңа редакцияда жазылды ҚР Ішкі істер министрінің 19.02.2019 жылғы № 136 Бұйрығына сәйкес (24.01.2018 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 23.03.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
5. Көрсетілетін қызметті берушінің құжаттарды қабылдауы «терезе» арқылы жүзеге асырылады, оларда көші-қон қызметі қызметкерінің тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде) және лауазымы көрсетіледі.
5-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Ішкі істер министрінің 24.01.2018 жылғы № 45 Бұйрығына сәйкес (30.06.2015 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 07.03.2018 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
6. Көрсетілетін қызметті алушының қағаз тасымалдағышта көрсетілетін қызметті берушіге берген Стандарттың 9-тармағына сәйкес көрсетілетін қызметті алушының құжаттар қоса берілген өтінішінің (бұдан әрі – өтініш) бар болуы мемлекеттік қызметті көрсету бойынша рәсімді (іс-әрекетті) бастау үшін негіз болып табылады.
7. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің құрамына кіретін әрбір рәсімнің (іс-әрекеттің) мазмұны, орындалу ұзақтығы:
1) он минут ішінде орындаушының өтініште көрсетілген мәліметтердің шынайлығын, сондай-ақ стандарттың 9-тармағында көрсетілген тізбеге сәйкес келуін тексеруі;
2) он минут ішінде орындаушының көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде мемлекеттік қызметті алуға арналған өтінішті тіркеуі;
3) он минут ішінде көрсетілетін қызметті беруші басшысының жауапты орындаушыны таңдауы;
4) көрсетілетін қызметті алушыдан құжаттарды бес күн ішінде Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің аумақтық бөліністерімен (бұдан әрі – ҰҚКД) келісу үшін орындаушының өтінішті жолдауы;
5) 1 жұмыс күні ішінде тиісті санаттағы визаны жапсыру не ҰҚКД жауабының негізінде мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап;
6) көрсетілетін қызметті берушінің бір жұмыс күні ішінде қабылданған шешім туралы көрсетілетін қызметті алушыға хабарлануы;
7) босқынның куәлігін төрт күн ішінде көрсетілетін қызметті алушыға беру.
8. Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі күнтізбелік 90 (тоқсан) жұмыс күнін құрайды.
3-тарау. Мемлекеттік қызметті көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөліністерінің (қызметкерлерінің) өзара іс-қимыл жасасуының сипаттамасы
3-тараудың атауы жаңа редакцияда жазылды ҚР Ішкі істер министрінің 19.02.2019 жылғы № 136 Бұйрығына сәйкес (24.01.2018 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 23.03.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
9. Мемлекеттік қызмет көрсету процесіне қатысатын көрсетілетін қызметті беруші мен мемлекеттік органдар құрылымдық бөліністерінің (қызметкерлерінің) тізбесі:
1) көрсетілетін қызметті беруші кеңсесінің қызметкері;
2) көрсетілетін қызметті алушыдан құжаттарды қабылдауды жүзеге асыратын орындаушы;
3) сұрау салуды қарайтын және ҰҚКД-ге жолдайтын жауапты орындаушы;
4) көрсетілетін қызметті берушінің бастығы;
5) ҰҚКД қызметкерлері.
10. Құрылымдық бөліністер (қызметкерлер) арасындағы әрбір рәсімдердің (әрекеттердің) ұзақтығын көрсететін рәсімдер (әрекеттер) кезектілігінің сипаттамасы:
1) мемлекеттік қызмет алуға қағаз тасымалдағышта келіп түскен өтінішті келіп түскен күні тіркеу;
2) ұсынылған құжаттардың толықтығы мен шынайлығын көрсетілетін қызметті алушының құжаттарын алған күні тексеру;
3) көрсетілетін қызметті алушыдан ұсынылған құжаттар толық және шынайы болған жағдайда оларды қабылдаған күні келісу үшін ҰҚКД-ге сұрау салу жолдау;
4) орындаушының істерді Комиссия қарауына өңдеуі;
11. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі және қажетті құжаттар туралы толық ақпарат, сондай-ақ оларды толтыру үлгілері Министрліктің – www.mvd.gov.kz «Министрлік туралы» бөлімде, «Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің құрылымдық бөліністерінің веб-ресурстары» кіші бөлімде, облыстардың, республикалық маңызы бар, қалалардың және астананың Полиция департаментінің интернет-ресурстарында, сондай-ақ ресми ақпарат көздері мен көші-қон қызметі бөліністерінде орналасқан стендтерде орналастырылады.
11-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Ішкі істер министрінің 24.01.2018 жылғы № 45 Бұйрығына сәйкес (30.06.2015 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 07.03.2018 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды 11-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Ішкі істер министрінің 19.02.2019 жылғы № 136 Бұйрығына сәйкес (24.01.2018 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 23.03.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі) 11-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Ішкі істер министрінің 16.09.2019 жылғы № 799 Бұйрығына сәйкес (19.02.2019 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 06.10.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
«Қазақстан Республикасында босқын мәртебесін беру және ұзарту» мемлекеттік қызметінің регламентіне 1-қосымша
1-қосымша жаңа редакцияда жазылды ҚР Ішкі істер министрінің 24.01.2018 жылғы № 45 Бұйрығына сәйкес (30.06.2015 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 07.03.2018 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
Мемлекеттік қызметті көрсету процесінде әкімшілік іс-әрекет логикалық реттілігі мен ҚФБ-ның арасындағы өзара байланыстың сызбасы
1. Қызметті алушының құжаттарды жинауы
3. Арнайы есептер бойынша тексеру (көші-қон полициясы қызметкері)
4. Комиссияда қарау
5. Босқын мәртебесін беру туралы қорытынды шығару
6. Қабылданған шешім туралы хабарлау
7. Босқын мәртебесін беруде бас тарту туралы уәкілетті органның шешіміне шағымдану
«Қазақстан Республикасында босқын мәртебесін беру және ұзарту» мемлекеттік қызметінің регламентіне 2-қосымша
2-қосымша жаңа редакцияда жазылды ҚР Ішкі істер министрінің 24.01.2018 жылғы № 45 Бұйрығына сәйкес (30.06.2015 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 07.03.2018 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
мемлекеттік қызмет көрсету бизнес-процесстерінің анықтамасы
Полная версия