1. "Жарылғыш және пиротехникалық (азаматтықты қоспағанда) заттар мен олар қолданылып жасалған бұйымдарды әзірлеу, өндіру, сатып алу, өткізу, сақтау жөніндегі қызметті жүзеге асыруға лицензия беру" мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет).
Внимание! Документ утратил силу с 26.09.2020
Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 30 сәуірдегі № 563 бұйрығына 1-қосымша
1-қосымша күшін жойды 2020 жылғы 26 қыркүйектен бастап ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 08.09.2020 жылғы № 457 Бұйрығына сәйкес
"Жарылғыш және пиротехникалық (азаматтықты қоспағанда) заттар мен олар қолданылып жасалған бұйымдарды әзірлеу, өндіру, сатып алу, өткізу, сақтау жөніндегі қызметті жүзеге асыруға лицензия беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты
Стандарт өзгертілді ҚР Инвестициялар және даму министрінің 12.07.2017 жылғы № 465 Бұйрығымен (30.04.2015 ж. редакцияны қараңыз)(алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 21 (жиырма бір) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс)17.10.2017 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды Стандарт жаңа редакцияда жазылды ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 30.07.2019 жылғы № 581 Бұйрығына сәйкес (12.07.2017 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 30.08.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Редакция 30.08.2019 жылғы жағдай бойынша өзгерістер мен толықтырулармен
1-тарау. Жалпы ережелер
2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі (бұдан әрі - Министрлік) әзірледі.
3. Мемлекеттік қызметті Министрліктің Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру "электрондық үкіметтің" www.egov.kz, www.elіcense.kz веб-порталы (бұдан әрі - портал) арқылы жүзеге асырылады.
2-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі
4. Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі құжаттар топтамасы порталға тапсырылған сәттен бастап:
1) лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны беру кезінде - 10 (он) жұмыс күні;
2) лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдеу кезінде - 3 (үш) жұмыс күні;
3) көрсетілетін қызметті алушы бөліп шығару немесе бөліну нысанында қайта ұйымдастырылған жағдайда лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдеу кезінде - 10 (он) жұмыс күні.
Көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушының құжаттарын алған сәттен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді.
Көрсетілетін қызметті алушы құжаттардың толық топтамасын ұсынбаған жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші көрсетілген мерзімде өтінішті одан әрі қараудан дәлелді бас тартады.
5. Мемлекеттік қызметті көрсету - электрондық түрде.
6. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі - жарылғыш және пиротехникалық (азаматтықты қоспағанда) заттар мен олар қолданылып жасалған бұйымдарды әзірлеу, өндіру, сатып алу, өткізу, сақтау жөніндегі қызметті жүзеге асыруға лицензия және (немесе) лицензияға қосымша, қайта ресімделген лицензия және (немесе) лицензияға қосымша, лицензияның және (немесе) лицензияға қосымшанының телнұсқасы не осы мемлекеттік қызмет стандартының 10-тармағында көзделген жағдайларда және негіздер бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: электрондық түрде.
Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі - ЭЦҚ) куәландырылған электрондық құжат нысанында "жеке кабинетіне" жіберіледі.
7. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет заңды және жеке тұлғаларға (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті алушы) ақылы негізінде көрсетіледі. Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушының орналасқан жері бойынша бюджетке жекелеген қызмет түрлерімен айналысу құқығына лицензиялық алым төленеді:
Полная версия