1. «Жекелеген тауарлар түрлерінің импортына және (немесе) экспортына лицензия беру» мемлекеттiк көрсетілетін қызметі (бұдан әрi - мемлекеттiк көрсетілетін қызмет).
Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 30 сәуірдегі № 563 бұйрығына 6-қосымша
6-қосымша күшін жойды 2020 жылғы 26 қыркүйектен бастап ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 08.09.2020 жылғы № 457 Бұйрығына сәйкес
«Жекелеген тауарлар түрлерінің импортына және (немесе) экспортына лицензия беру» мемлекеттiк көрсетілетін қызмет стандарты
Редакция 30.08.2019 жылғы жағдай бойынша өзгерістер мен толықтырулармен
1-тарау. Жалпы ережелер
1-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда жазылды ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 30.07.2019 жылғы № 581 Бұйрығына сәйкес (29.12.2018 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 30.08.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі (бұдан әрі - Министрлік) әзірледі.
2-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 30.07.2019 жылғы № 581 Бұйрығына сәйкес (29.12.2018 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 30.08.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
3. Мемлекеттiк қызметті Министрлiктің Индустриялық даму және өнеркәсiптiк қауiпсiздiк комитетi (бұдан әрi - көрсетілетін қызметті беруші) көрсетедi.
Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру:
3-ші тармақтың екінші бөлігі жаңа редакцияда жазылды ҚР Инвестициялар және даму министрінің 12.01.2018 жылғы № 27 Бұйрығына сәйкес (30.04.2015 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 21 (жиырма бір) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 31.05.2018 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
«электрондық үкiметтiң» www.egov.kz, www.elicense.kz веб-порталы (бұдан әрi - портал) арқылы жүзеге асырылады.
2-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі
2-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда жазылды ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 30.07.2019 жылғы № 581 Бұйрығына сәйкес (29.12.2018 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 30.08.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
4. Мемлекеттiк қызмет көрсету мерзiмi порталға жүгінген сәттен бастап:
4-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Инвестициялар және даму министрінің 12.01.2018 жылғы № 27 Бұйрығына сәйкес (30.04.2015 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 21 (жиырма бір) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 31.05.2018 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды 4-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Инвестициялар және даму министрінің 29.12.2018 жылғы № 964 Бұйрығына сәйкес (12.01.2018 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 02.02.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
экспортқа лицензия беру кезінде - 1 (бір) жұмыс күні;
импортқа лицензия беру кезінде - 5 (бес) жұмыс күні;
жедел-іздестіру шараларын жүргізуге арналған арнайы техникалық құралдардың немесе шифрлау (криптографиялық) құралдарының экспортына (импортына) немесе лицензия беру кезінде – 10 (он) жұмыс күні.
Көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушының құжаттарын алған сәттен бастап 1 (бір) жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді.
Ұсынылған құжаттардың толық болмауы фактісі белгіленген жағдайда көрсетілетін қызметті беруші көрсетілген мерзімде өтінішті одан әрі қараудан дәлелді бас тартады.
5. Мемлекеттiк қызметкөрсету нысаны – электрондық (толық автоматтандырылған) түрде.
5-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Инвестициялар және даму министрінің 12.01.2018 жылғы № 27 Бұйрығына сәйкес (30.04.2015 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 21 (жиырма бір) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 31.05.2018 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланд
6. Мемлекеттiк қызмет көрсету нәтижесi –жекелеген тауарлар түрлерінің импорты және (немесе) экспортына арналған лицензия не осы мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандартының 10-тармағында көзделген жағдайларда және негiздер бойынша мемлекеттiк қызметтi көрсетуден бас тарту туралы дәлелдi жауап.
6-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Инвестициялар және даму министрінің 12.01.2018 жылғы № 27 Бұйрығына сәйкес (30.04.2015 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 21 (жиырма бір) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 31.05.2018 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланд
Мемлекеттiк қызмет көрсету нәтижесiн ұсыну нысаны: электрондық түрде.
Мемлекеттiк қызмет көрсету нәтижесікөрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрi - ЭЦҚ) куәландырылған электрондық құжат нысанында көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетіне» жіберіледі.
7. Мемлекеттiк көрсетілетін қызмет заңды және жеке тұлғаларға (бұдан әрi - көрсетілетін қызметті алушы) ақылы түрде көрсетiледi. Мемлекеттiк қызмет көрсету кезiнде көрсетiлетiн қызметтi алушының орналасқан жері бойынша бюджетке жекелеген қызмет түрлерiмен айналысу құқығына лицензиялық алым төленедi:
1) аталған қызмет түрiмен айналысу құқығына лицензия беру кезінде лицензиялық алым 10 айлық есептік көрсеткішті (бұдан әрі - АЕК) құрайды;
2) лицензияны қайта ресімдегені үшін лицензиялық алым 1 АЕК құрайды.
3) тармақша алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
3-тармақша алынып тасталды ҚР Инвестициялар және даму министрінің 12.01.2018 жылғы № 27 Бұйрығына сәйкес (30.04.2015 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 21 (жиырма бір) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 31.05.2018 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
Лицензиялық алымды төлеу қолма-қол және қолма-қол емес нысанда екінші деңгейда банктер және банктік операциялардың жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар арқылы жүзеге асырылады.
Мемлекеттік көрсетілетін қызметті портал арқылы алуға электрондық сұрау салу берілген жағдайда төлем «электрондық үкіметке» төлем шлюзі (бұдан әрі - ЭҮТШ) немесе екінші деңгейда банктер арқылы жүзеге асырылады.
8. Порталдың жұмыс кестесі - жөндеу жұмыстарын жүргізумен байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулiк бойы (көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген кезде мемлекеттік қызмет көрсетуге өтініш пен мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру келесі жұмыс күнінде жүзеге асырылады).
8-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Инвестициялар және даму министрінің 12.01.2018 жылғы № 27 Бұйрығына сәйкес (30.04.2015 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 21 (жиырма бір) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 31.05.2018 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
9. Көрсетiлетiн қызметтi алушының (не оның өкілінің) порталға жүгінуі кезінде мемлекеттiк қызметті көрсету үшін қажеттi құжаттар тiзбесi:
9-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Инвестициялар және даму министрінің 12.01.2018 жылғы № 27 Бұйрығына сәйкес (30.04.2015 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 21 (жиырма бір) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 31.05.2018 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды 9-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Инвестициялар және даму министрінің 29.12.2018 жылғы № 964 Бұйрығына сәйкес (12.01.2018 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 02.02.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1) лицензия алу үшiн:
көрсетiлетiн қызметтi алушының ЭЦҚ-сымен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес өтiнiш;
сыртқы сауда шартының (келісімшартының), оған қосымша және (немесе) толықтырудың (бір жолғы лицензия үшін )электрондық көшірмесі, ал сыртқы сауда шарты (келісімшарты) болмаған жағдайда – тараптардың ниетін растайтын басқа құжаттың көшірмесі;
егер мұндай қызмет түрі оған қатысты Қазақстан Республикасының аумағында лицензиялау енгізілген тауар айналымымен байланысты болса лицензияланатын қызмет түрін жүзеге асыруға арналған лицензияның бар екендігі туралы мәлімет;
ЭҮТШ арқылы төлеу жағдайларын қоспағанда, жекелеген қызмет түрлерiмен айналысу құқығы үшiн бюджетке лицензиялық алымның төленгенін растайтын мәлімет;
осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес біліктілік талаптарына сәйкестігі туралы құжаттардың электрондық көшірмесі;
Жеке басты куәландыратын құжат туралы, заңды тұлғаны, дара кәсiпкерді мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы мәлiметтерді, ЭҮТШ арқылы төленген туралы көрсетiлетiн қызметтi берушi «электрондық үкімет» шлюзі арқылы тиісті мемлекеттiк ақпараттық жүйелерден алады.
Мемлекеттік органдардың келісімін алу үшін, көрсетілетін қызметті алушының құжаттарын тіркеген күннен бастап бір жұмыс күні ішінде тиісті мемлекеттік органдарға сұрау жолдайды. Мемлекеттік органдар уәкілетті органға қарау нәтижелері туралы бес жұмыс күні ішінде хабарлайды.
Мемлекеттік органдар белгіленген мерзімдерде жауап ұсынбаған жағдайда рұқсат беру келісілген болып саналады.
Көрсетілетін қызметті алушы барлық қажетті құжаттарды портал арқылы тапсырған кезде - көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетiнде» мемлекеттiк көрсетілетін қызметтiң нәтижелерiн алу күнiн көрсете отырып, мемлекеттiк қызметтi көрсетуге арналған сұрау салудың қабылданғаны туралы мәртебе көрсетіледі.
10. Мемлекеттiк қызмет көрсетуден бас тарту негіздері:
1) Қазақстан Республикасының заңдарында жеке немесе заңды тұлғалардың осы санаты үшін қызмет түрімен айналысуға тыйым салынған;
2) лицензиялық алым енгізілмеген;
3) көрсетілетін қызметті алушы біліктілік талаптарына сәйкес келмеген;
4) көрсетілетін қызметті беруші тиісті келісуші мемлекеттік органнан өтініш берушінің лицензиялау кезінде қойылатын талаптарға сәйкес келмейтіні туралы жауап алған;
5) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты лицензиялауға жататын қызметті немесе жекелеген қызмет түрлерін тоқтата тұру немесе оларға тыйым салу туралы заңды күшіне енген сот шешімі (үкімі) болған;
6) сот орындаушысының ұсынуы негізінде сот көрсетілетін қызметті алушы-борышкерге лицензия беруге уақытша тыйым салған жағдайларда жүзеге асырылады;
7) көрсетілетін қызметті алушы лицензия алу үшін ұсынған құжаттарында толық емес және дұрыс емес мәліметтердің болуы;
8) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-тармағында көзделген талаптардың сақталмауы;
9) лицензияны беруге негіз болатын бір немесе бірнеше құжаттардың қолданысын тоқтату немесе тоқтата тұру;
10) іске асыру үшін лицензиясы сұратылатын шартты (келісімшартты) орындау салдары болуы мүмкін мүше мемлекеттердің халықаралық міндеттемелерінің бұзылуы;
11) квотаның, сондай-ақ тарифтік квотаның таусылуы не олардың болмауы (квоталық тауарларға лицензия ресімдеген жағдайда);
12) Еуразиялық экономикалық комиссия актісімен көзделген өзге де негіздер.
3-тарау. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша орталық мемлекеттік органдардың, сондай-ақ көрсетілетін қызметті берушілердің және (немесе) олардың лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі
3-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда жазылды ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 30.07.2019 жылғы № 581 Бұйрығына сәйкес (29.12.2018 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 30.08.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
11. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша орталық мемлекеттік органның, көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану:
11-тармақ өзгертілді ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 30.07.2019 жылғы № 581 Бұйрығымен (29.12.2018 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 30.08.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
шағым осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 13-тармағында көрсетілген мекенжай бойынша көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына не 010000, Нұр-Сұлтан қаласы, Қабанбай батыр даңғылы, 32/1, "Транспорт Тауэр" ғимараты, № 2117 кабинет мекенжайы бойынша Министрлік басшылығының атына беріледі, телефоны: 8 (7172) 75-48-66, 75-49-14.
Шағым пошта арқылы жазбаша нысанда не көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрліктің кеңсесі арқылы қолма-қол беріледі.
Шағымда көрсетілетін қызметті алушы тегін, атын, әкесінің атын, пошталық мекенжайын, шығыс нөмірі мен күнін көрсетеді. Шағымға көрсетілетін қызметті алушы қол қою тиіс.
Көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрліктің кеңсесінде қабылдап алған адамның тегі мен аты-жөні, берілген шағымға жауап алудың мерзімі мен орны көрсетіле отырып, шағымды тіркеу (мөртабан, кіріс нөмірі және күні) шағымның қабылданғанын растау болып табылады. Тіркелгеннен кейін жауапты орындаушыны айқындау және тиісті шаралар қабылдау үшін шағым көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрліктің басшысына жіберіледі.
Көрсетілетін қызметті алушының көрсетілетін қызметті берушінің, Министрліктің атына келіп түскен шағымы тіркелген күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.
Портал арқылы жүгінген кезде шағым жасаудың тәртібі туралы ақпаратты мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығының 1414 телефоны бойынша алуға болады.
Шағымды көрсетiлетiн қызметтi алушыға портал арқылы «жеке кабинеттен» жiберген кезде жүгіну туралы ақпарат қолжетiмдi болады, ол көрсетілетін қызметті берушінің өтінішін өңдеу (жеткiзу, тiркеу, орындау, туралы белгілер, қарау немесе қараудан бас тарту туралы жауап) барысында жаңартылып отырады.
Көрсетілетін қызметті алушы көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайда мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағым жасай алады.
Көрсетiлетiн қызметтi алушының мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен шағымы тіркелген күнінен бастап он бес жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.
12. Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайларда, көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінеді.
12-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Инвестициялар және даму министрінің 12.01.2018 жылғы № 27 Бұйрығына сәйкес (30.04.2015 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 21 (жиырма бір) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 31.05.2018 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
4-тарау. Электрондық нысанда көрсетілетін мемлекеттік қызмет көрсетудің ерекшеліктері ескеріле отырып, қойылатын өзгеде талаптар
4-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда жазылды ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 30.07.2019 жылғы № 581 Бұйрығына сәйкес (29.12.2018 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 30.08.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
13. Мемлекеттік қызметті көрсету мекенжайы көрсетілетін қызметті берушінің - www.comprom.mііd.gov.kz интернет-ресурсында, "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер" бөлімінде орналастырылған.
13-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Инвестициялар және даму министрінің 12.01.2018 жылғы № 27 Бұйрығына сәйкес (30.04.2015 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 21 (жиырма бір) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 31.05.2018 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды 13-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 30.07.2019 жылғы № 581 Бұйрығына сәйкес (29.12.2018 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 30.08.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
14. ЭЦҚ болған жағдайда, көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті портал арқылы электрондық нысанда алу мүмкіндігі бар.
15. Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсетудің тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты порталдың «жеке кабинеті», сондай-ақ мемлекеттiк қызметтер көрсету мәселелерi жөнiндегi бiрыңғай байланыс орталығы арқылы қашықтықтан қолжетімділік режимінде алу мүмкіндігі бар.
16. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі анықтамалық қызметтің байланыс телефондары: 8 (7172) 75-41-02, 75-41-04, мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы: 1414.
«Жекелеген тауарлар түрлерінің импортына және (немесе) экспортына лицензия беру» мемлекеттiк көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымша
Тауарлардың жекелеген түрлерінің экспортына лицензия алуға арналған өтініш
1. Өтініш № | 2. Қолданылу кезеңі ЖЖЖЖ.КК.АА-дан бастап ЖЖЖЖ.КК.АА дейін| |
|
3. Лицензияның типі |ЭКСПОРТ | 4. Келісім-шарт ____ жылғы № ___ |
|
5. Көрсетілетін қызметті беруші | | 6. Сатып алушы | |
7. Тағайындалған елі| | 8. Сатып алушының елі| | |
9. Келісімшарт валютасы| | 10. Құны | 11. Статистикалық құны| |
12. Шығарылған елі| | 13. Саны | 14. Өлшем бірлігі| |
15. КО СЭҚ ТН бойынша тауардың коды және оның сипаттамасы | ||
16. Қосымша ақпарат | ||
17. Лицензия беру үшін негіздеме | 18. Көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті тұлғасы Т.А.Ә Лауазымы Телефоны Қолы және мөрі Күні |
Тауарлардың жекелеген түрлерінің импортына лицензия алуға арналған өтініш
1. Өтініш № | 2. Қолдану кезеңі ЖЖЖЖ.КК.АА-дан бастап ЖЖЖЖ.КК.АА дейін| |
|
3. Лицензияның типі |ИМПОРТ | 4. Келісімшарт ____ жылғы № ___ |
|
5. Көрсетілетін қызметті беруші | 6. Сатушы | |
7. Жіберу елі | 8. Сатушының елі | |
9. Келісім-шарт валютасы | 10. Құны | 11. Статистикалық құны |
12. Шығарылған елі | 13. Саны | 14. Өлшем бірлігі |
15. КО СЭҚ ТН бойынша тауардың коды және оның сипаттамасы | ||
16. Қосымша ақпарат | ||
17. Лицензия беру үшін негіздеме | 18. Көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті тұлғасы Т.А.Ә. Лауазымы Телефоны Қолы және мөрі Күні |
Тауарлардың жекелеген түрлерінің экспортына және (немесе) импортына лицензия алуға арналған өтінішке қосымша
Кеден одағына қатысушы мемлекеттің атқарушы билігінің уәкілетті мемлекеттік органы | |||
жылғы № лицензияға қосымша | |||
Р/с № |
Тауардың сипаттамасы | саны | өлшем бірлігі |
құны | |||
Р/с № |
Тауардың сипаттамасы | саны | өлшем бірлігі |
құны | |||
Р/с № |
Тауардың сипаттамасы | саны | өлшем бірлігі |
құны | |||
Р/с № |
Тауардың сипаттамасы | саны | өлшем бірлігі |
құны | |||
Р/с № |
Тауардың сипаттамасы | саны | өлшем бірлігі |
құны | |||
Р/с № |
Тауардың сипаттамасы | саны | өлшем бірлігі |
құны | |||
Р/с № |
Тауардың сипаттамасы | саны | өлшем бірлігі |
құны | |||
Р/с № |
Тауардың сипаттамасы | саны | өлшем бірлігі |
құны | |||
Барлығы парақ Парақ № | 18. Уәкілетті тұлға Т.А.Ә. Лауазымы Қолы және мөрі Күні |
«Жекелеген тауарлар түрлерінің импортына және (немесе) экспортына лицензия беру» мемлекеттiк көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымша
2-қосымша жаңа редакцияда жазылды ҚР Инвестициялар және даму министрінің 29.12.2018 жылғы № 964 Бұйрығына сәйкес (12.01.2018 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 02.02.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Тауарлар экспорты мен импортын лицензиялау жөніндегі қызметке қойылатын біліктілік талаптары мен оларға сәйкестікті растайтын құжаттар тізбесі
№ р/с |
Біліктілік талаптары |
Оларға сәйкестікті растайтын құжаттар * |
Ескертпе |
1 |
2 |
3 |
4 |
Тауарлар экспорты және импорты кезінде ** өтініш беруші немесе тиісті өкілеттілігі жазбаша расталған оның өкілі Тауарлардың экспортына және (немесе) импортына лицензия және рұқсат беру қағидаларының (2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы Шартқа № 7 Қосымшаға сәйкес Үшінші елдерге қатысты тарифтік емес реттеу шаралары туралы хаттамаға қосымша) 10-тармағының 1) – 5) тармақшаларында көзделген құжаттар мен мәліметтерді, сондай-ақ төменде ұсынылған құжаттар мен мәліметтерді ұсынады. |
|||
1 |
Тараптардың сыртқы сауда қызметін жүзеге асыру ниеттерін растау |
Сыртқы сауда шартының (келісімшартының) көшірмесі, қосымшаның және (немесе) оған толықтырудың, ал сыртқы сауда шарты (келісімшарты) болмаған жағдайда тараптардың ниеттерін растайтын өзге де құжаттың көшірмесі |
|
2 |
Мемлекеттік тіркеу туралы немесе салық органында есепке тұрғаны туралы құжаттың көшірмесінің (мәліметтерінің) болуы |
Мемлекеттік тіркеу туралы немесе салық органында есепке тұрғаны туралы құжаттың көшірмесі (мәлімет) |
|
3 |
Тиісті қызмет түрін жүзеге асыруға арналған рұқсат |
Егер қызметтің мұндай түрі оған қатысты Еуразиялық Экономикалық Одақтың кедендік аумағында лицензиялау енгізілген тауар айналымымен байланысты болса, лицензияланатын қызмет түрін жүзеге асыруға арналған лицензияның көшірмесі немесе лицензияланған қызмет түрін жүзеге асыруға арналған лицензияның болуы туралы мәліметтер |
|
Бағалы металдар, асыл тастар мен құрамында бағалы металдар бар шикізат тауарларын экспорттау кезінде |
|||
Бағалы металдар |
|||
4 |
Жер қойнауын пайдалану құқығына рұқсат (өндіру субъектілері үшін) |
Жер қойнауын пайдалану құқығына берілген лицензияның немесе келісімшарттың (шарттың), не жер қойнауын пайдалану құқығына арналған келісімшарттың (шарттың) тіркелуі туралы актінің көшірмесі*** |
|
5 |
Асыл тастарды сатып алудың заңдылығын растау (өндіріс субъектілері үшін) |
Аффинирленген бағалы металдардың меншікте екендігін растайтын келісімшарттың (шарттың) көшірмесі |
|
6 |
Ұйымды арнайы есепке қоюды растау (өндіріс субъектілері үшін) |
Арнайы есепке қою туралы құжаттың көшірмесі немесе қызмет түріне берілген лицензияның көшірмесі |
|
Құрамында бағалы металдар бар шикізат тауарлары |
|||
7 |
Уәкілетті мемлекеттік органның жер қойнауын пайдалануға берген рұқсаты (өндіру субъектілері үшін) |
Жер қойнауын пайдалану құқығына берілген лицензияның немесе келісімшарттың (шарттың), не жер қойнауын пайдалану құқығына арналған келісімшарттың (шарттың) тіркелуі туралы актінің көшірмесі*** (өндіріс субъектілері үшін)*** |
|
8 |
Құрамында бағалы металдар бар шикізат тауарларының құрамында бағалы және ілеспе алынатын металдардың құрамы туралы ақпараттың болуы |
Құрамында бағалы және ілеспе алынатын металдар бар екені туралы құжаттың көшірмесі |
|
9 |
Осындай шикізат тауарларынан бағалы металдарды өнеркәсіптік алудың мүмкіндігі (мүмкін еместігі) және экономикалық орындылығы (орынсыздығы) туралы растау |
Осындай шикізат тауарларынан бағалы металдарды өнеркәсіптік алудың мүмкіндігі (мүмкін еместігі) және экономикалық орындылығы (орынсыздығы) туралы уәкілетті органның қорытындыларының көшірмесі |
|
10 |
Тауарлардың меншік құқығын растау (Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес құрамында бағалы металдар бар шикізат тауарларымен операцияларды жүзеге асыруға құқығы бар ұйымдар үшін) |
Құрамында бағалы металдар бар шикізат тауарларын сатып алудың (иеленудің) заңдылығын растайтын құжаттардың көшірмелері |
|
Минералды шикізатты экспорттау кезінде |
|||
11 |
Тауарды өндірудің және иеленудің заңдылығын растау |
Тауарды өндірудің және иеленудің заңдылығын куәландыратын құжаттардың көшірмелері |
|
Есірткі құралдары мен психотропты заттардың прекурсорлары болып табылмайтын улы заттардың импорты кезінде |
|||
12 |
Тауарларды сәйкестендіретін құжаттардың болуы |
Химиялық өнімнің қауіпсіздік паспортының көшірмесі |
|
13 |
Сақтандыру шартының болуы |
Сақтандыру полисінің көшірмесі |
|
14 |
Санитариялық-эпидемиологиялық талаптарға сәйкестігі |
Сақтауға арналған қойманың санитариялық-эпидемиологиялық қорытындысының көшірмесі |
Импорт кезінде |
Жедел іздестіру іс-шараларын жүргізуге арналған арнайы техникалық құралдардың (олардың жинақтауыштарын және қосалқы бөлшектерін, қолданбалы бағдарламалардың пакеттерін қоса алғанда), олардың нормативтік-техникалық құжаттамасының (конструкторлық және пайдалану құжаттамасын қоса алғанда) экспорты (импорты) кезінде |
|||
15 |
Техникалық құжаттаманың болуы |
Арнайы техникалық құралдарға берілетін техникалық құжаттаманың көшірмесі |
|
16 |
Тауарды ақпаратты криптографиялық қорғау құралдарына және жедел іздестіру іс-шараларын жүргізуге арналған арнайы техникалық құралдарға жатқызу (жатқызбау) туралы ақпараттың болуы |
Тауарларды ақпаратты криптографиялық қорғау құралдарына және жедел іздестіру іс-шараларын жүргізуге арналған арнайы техникалық құралдарға жатқызу тұрғысынан техникалық зерттеу бойынша уәкілетті бөлімше немесе ұлттық қауіпсіздік органдары берген қорытындының көшірмесі |
|
17 |
Арнайы техникалық құралдардың үлгілерінің болуы |
Арнайы техникалық құралдардың үлгілері (ұлттық қауіпсіздік органдарының талабы бойынша) |
|
Шифрлық (криптографиялық) құралдардың (олардың жинақтауыштарын және қосалқы бөлшектерін қоса алғанда), олардың нормативтік-техникалық құжаттамасының (конструкторлық және пайдалану құжаттамасын қоса алғанда) экспорты (импорты) кезінде |
|||
18 |
Әкелінетін шифрлық (криптографиялық) құралдардың құрамында радиоэлектронды құралдардың және (немесе) жоғары жиілікті құрылғылардың болмауы |
Әкелінетін шифрлық (криптографиялық) құралдардың құрамында радиоэлектронды құралдардың және (немесе) жоғары жиілікті құрылғылардың жоқ екені туралы өтініш берушінің хабарламасы не заңнамада көзделген өзге құжат |
|
19 |
Тауарды ақпаратты криптографиялық қорғау құралдарына және жедел іздестіру іс-шараларын жүргізуге арналған арнайы техникалық құралдарға жатқызу (жатқызбау) туралы ақпараттың болуы |
Тауарларды ақпаратты криптографиялық қорғау құралдарына және жедел іздестіру іс-шараларын жүргізуге арналған арнайы техникалық құралдарға жатқызу тұрғысынан техникалық зерттеу бойынша ұлттық қауіпсіздік органдары берген қорытындының көшірмесі |
|
20 |
Техникалық құжаттаманың болуы |
Шифрлық құралға арналған техникалық құжаттаманың көшірмесі (бастапқы кодтарын ұсынуы міндетті талап болып табылмайды, өтініш берушінің бастапқы кодтарын ұсынуға бас тартуы өзінен өзі өтініштен бас тартуға негіздемесі болып табылмайды) |
|
21 |
Шифровалды құралдардың үлгідердің болуы |
Шифрлық құралдардың үлгілері (ғылыми-техникалық сараптама жүргізу үшін ұлттық қауіпсіздік органдарының талабы бойынша) |
|
* ұсынылған құжаттар көшірмелерінің әрбір беті көрсетілетін қызметті алушының қолтаңбасымен және мөрімен куәландырылған болуы тиіс не құжаттардың көшірмелері тігілген және олардың соңғы беттері көрсетілетін қызметті алушының қолтаңбасымен және мөрімен куәландырылған болуы тиіс.
құжаттарды «электрондық үкіметтің» www.egov.kz веб-порталы арқылы немесе «Е-лицензиялау» www.elicense.kz веб-порталы арқылы ұсынған кезде құжаттар көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сымен куәландырылған құжаттардың электрондық көшірмесі түрінде ұсынылады;
көрсетілетін қызметті берушіде құжаттарда қамтылған ақпаратты тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алу мүмкіндігі болған жағдайда, құжаттарды ұсыну талап етілмейді;
** Еуразиялық экономикалық қауымдастық шеңберінде үшінші елдермен саудадағы Кеден одағына мүше мемлекеттер әкелуге және әкетуге тыйым немесе шектеулер салулар қолданатын тауарлардың Бірыңғай тізбесіне енгізілетін;
*** мұндай құжатқа өзгеріс пен толықтыру енгізілген жағдайларды қоспағанда, егер мұндай құжаттың көшірмесі бұрын ұсынылған жағдайда, жер қойнауын пайдалану құқығына арналған келісімшартты ұсыну талап етілмейді.