Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 26.09.2020
Қазақстан Республикасы
 Инвестициялар және даму
 министрінің
 2015 жылғы 30 сәуірдегі
 № 563 бұйрығына
 9-қосымша
9-қосымша күшін жойды 2020 жылғы 26 қыркүйектен бастап ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 08.09.2020 жылғы № 457 Бұйрығына сәйкес
«Экспорттық бақылауға жататын өнімді кері экспорттауға рұқсат беру» мемлекеттiк көрсетілетін қызмет стандарты
Редакция 30.08.2019 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
1-тарау. Жалпы ережелер
1-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда жазылды ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 30.07.2019 жылғы № 581 Бұйрығына сәйкес (29.12.2018 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 30.08.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1. «Экспорттық бақылауға жататын өнімді кері экспорттауға рұқсат беру» мемлекеттiк көрсетілетін қызметі (бұдан әрi - мемлекеттiк көрсетілетін қызмет).
2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі (бұдан әрі - Министрлік) әзірледі.
2-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 30.07.2019 жылғы № 581 Бұйрығына сәйкес (29.12.2018 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 30.08.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
3. Мемлекеттiк қызметті Министрлiктің Индустриялық даму және өнеркәсiптiк қауiпсiздiк комитетi (бұдан әрi - көрсетілетін қызметті беруші) көрсетедi.
Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру:
3-тармақтың екінші бөлігі жаңа редакцияда жазылды ҚР Инвестициялар және даму министрінің 12.01.2018 жылғы № 27 Бұйрығына сәйкес (20.06.2016 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 21 (жиырма бір) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 31.05.2018 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
1) «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация);
2) «электрондық үкiметтiң» www.egov.kz, www.elicense.kz веб-порталы (бұдан әрi - портал) арқылы жүзеге асырылады.
2-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі
2-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда жазылды ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 30.07.2019 жылғы № 581 Бұйрығына сәйкес (29.12.2018 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 30.08.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
4. Мемлекеттiк қызмет көрсету мерзiмi:
4-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Инвестициялар және даму министрінің 12.01.2018 жылғы № 27 Бұйрығына сәйкес (20.06.2016 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 21 (жиырма бір) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 31.05.2018 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
1) Мемлекеттік корпорацияға құжаттар топтамасы тапсырылған сәттен бастап - 30 (отыз) жұмыс күні;
құжаттар топтамасын Мемлекеттік корпорацияға тапсыру үшiн күтудің рұқсат етілетін ең ұзақ уақыты - 15 (он бес) минут;
Мемлекеттік корпорацияғақызмет көрсетудің рұқсат етілетін ең ұзақ уақыты - 15 (он бес) минут;
қабылдау күні мемлекеттік қызметті көрсету мерзіміне кірмейді;
2) порталға жүгінген кезде - 30 (отыз) жұмыс күні.
Көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушының құжаттарын алған сәттен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді.
Ұсынылған болмауы фактісі құжаттардың толық белгіленген жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші көрсетілген мерзімде өтінішті одан әрі қараудан дәлелді бас тартады.
5. Мемлекеттiк қызмет көрсету нысаны – электрондық (толық автоматтандырылған) немесе қағаз түрiнде.
5-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Инвестициялар және даму министрінің 12.01.2018 жылғы № 27 Бұйрығына сәйкес (20.06.2016 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 21 (жиырма бір) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 31.05.2018 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
6. Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтiң нәтижесi - экспорттық бақылауға жататын өнімді кері экспорттауға рұқсат немесе осы мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандартының 9-1-тармағында көзделген жағдайларда және негiздер бойынша мемлекеттiк көрсетілетін қызметтi көрсетуден бас тарту туралы дәлелдi жауап.
6-тармақтың бірінші бөлігі жаңа редакцияда жазылды ҚР Инвестициялар және даму министрінің 20.06.2016 жылғы № 505 Бұйрығына сәйкес (30.04.2015 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 21 (жиырма бір) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 10.08.2016 жылы "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланды
Мемлекеттiк қызметтi көрсету нәтижесiн ұсыну нысаны: қағаз түрiнде. 
Портал арқылы жүгінген кезде көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті тұлғасының электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрi - ЭЦҚ) куәландырылған электрондық құжат нысанындағы хабарлама «жеке кабинетіне» жіберіледі.
7. Мемлекеттiк көрсетілетін қызмет Қазақстан Республикасы заңды тұлғаларының филиалдарға немесе өкілдіктерге, шетелдiктерге, шетелдiк заңды тұлғаларға (бұдан әрi - көрсетілетін қызметті алушы) тегiн көрсетiледi.
8. Жұмыс кестесі:
8-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Инвестициялар және даму министрінің 12.01.2018 жылғы № 27 Бұйрығына сәйкес (20.06.2016 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 21 (жиырма бір) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 31.05.2018 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
1) Мемлекеттік корпорацияның - Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерiн қоспағанда, дүйсенбiден бастап сенбіні қоса алғанда, жұмыс кестесiне сәйкес сағат 9.00-ден 20.00-ге дейiн түскі үзiлiссiз;
мемлекеттік көрсетілетін қызмет электрондық кезек тәртібімен, көрсетілетін қызметті алушының таңдауы бойынша, жеделдетілген қызмет көрсетусіз көрсетіледі, электрондық кезекті портал арқылы «броньдауға» болады;
2) порталдың - жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулiк бойы (көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген кезде мемлекеттік қызметті көрсетуге өтініш пен мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру келесі жұмыс күнінде жүзеге асырылады).
9. Көрсетiлетiн қызметтi алушының (не оның өкілінің) жүгінуі кезінде мемлекеттiк қызметті көрсетуге қажеттi құжаттар тiзбесi:
9-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Инвестициялар және даму министрінің 12.01.2018 жылғы № 27 Бұйрығына сәйкес (20.06.2016 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 21 (жиырма бір) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 31.05.2018 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
1) Мемлекеттік корпорацияға:
1-тармақша өзгертілді ҚР Инвестициялар және даму министрінің 29.12.2018 жылғы № 964 Бұйрығымен (12.01.2018 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 02.02.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес өтiнiш;
жеке басын куәландырылатын құжат және өкілдің өкілеттігін растайтын құжат (тұлғаны сәйкестендіру үшін);
осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес мәлiметтер нысаны;
импортталатын өнімді мәлімделген мақсаттарда пайдалану және оны қазақстандық тараптың келісімінсіз үшінші елдерге кері экспорттауға жол бермеу туралы алушы елдің құзыретті органы берген алушы елдің кепілдік міндеттемесі (түпкі пайдаланушының сертификатының).
Алушы елдің кепілдік міндеттемесінің (түпкі пайдаланушының сертификатының) түпнұсқалылығын тексеруді Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі жүзеге асырады;
сыртқы сауда шартының (келісімшартының) көшірмесі, ал сыртқы сауда шарты (келісімшарты) болмаған жағдайда – тараптардың ниеттерін растайтын өзге құжаттың көшірмесі.
Ұсынылған құжаттар көшірмелерінің әрбір парағы көрсетілетін қызметтіалушының қолтаңбасымен және мөрімен(бар болған жағдайда) куәландырылған болуы тиіс не құжаттардың көшірмелері тігілген және олардың соңғы беттері көрсетілетін қызметті алушының қолтаңбасымен және мөрімен(бар болған жағдайда) куәландырылған болуы тиіс;
құжаттарды қабылдау кезінде Мемлекеттік корпорация қызметкері құжаттардың электрондық көшірмесін шығарып, одан кейін түпнұсқасын көрсетілетін қызметті алушыға қайтарып береді, сондай-ақ тиісті құжаттардың қабылданғаны туралы қолхатты береді;
Көрсетілетін қызметті алушылардан ақпараттық жүйелерден алуға болатын құжаттарды талап етуге жол берілмейді.
Мемлекеттік корпорация қызметкері, егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, мемлекеттік қызметті көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушының ақпараттық жүйелердегі заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға жазбаша келісімін алады.
Көрсетілетін қызметті алушы осы тармақпен көзделген тізбеге сәйкес құжаттардың топтамасын толық ұсынбаған жағдайда, Мемлекеттік корпорация осы стандартқа 3-қосымшаға сәйкес өтінішті қабылдаудан бас тартады;
Мемлекеттік корпорацияда мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру жеке куәлікті (немесе нотариалдық куәландырылған сенімхаты бойынша оның өкілі) көрсеткен кезде қолхат негізінде жүзеге асырылады;
Мемлекеттік корпорация нәтижені бір ай бойы сақтауды қамтамасыз етеді, одан кейін оны одан әрі сақтау үшін көрсетілетін қызметті берушіге береді;
көрсетілетін қызметті алушы бір ай өткеннен кейін жүгінген кезде Мемлекеттік корпорацияның сұрау салуы бойынша көрсетілетін қызметті беруші дайын құжаттарды бір жұмыс күні ішінде көрсетілетін қызметті алушыға беру үшін Мемлекеттік корпорацияға жібереді;
2) порталға:
2-тарамқша өзгертілді ҚР Инвестициялар және даму министрінің 29.12.2018 жылғы № 964 Бұйрығымен (12.01.2018 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 02.02.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
көрсетiлетiн қызметтi алушының ЭЦҚ-сымен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес өтiнiш;
осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес мәлiметтер нысаны;
импортталатын өнімді мәлімделген мақсаттарда пайдалану және оны қазақстандық тараптың келісімінсіз үшінші елдерге кері экспорттауға жол бермеу туралы алушы елдің құзыретті органы берген алушы елдің кепілдік міндеттемесінің (түпкі пайдаланушының сертификатының) түпнұсқасының электрондық көшірмесі.
Алушы елдің кепілдік міндеттемесінің (түпкі пайдаланушының сертификатының) түпнұсқалылығын тексеруді Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі жүзеге асырады;
сыртқы сауда шартының (келісімшартының) электрондық көшірмесі, ал сыртқы сауда шарты (келісімшарты) болмаған жағдайда – тараптардың ниеттерін растайтын өзге құжаттың электрондық көшірмесі.
Ұсынылған құжаттар көшірмелерінің әрбір парағы көрсетілетін қызметтіалушының қолтаңбасымен және мөрімен(бар болған жағдайда) куәландырылған болуы тиіс.
Қазақстан Республикасы заңды тұлғаларының филиалдарын немесе өкілдіктерін мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы мәлiметтерді көрсетiлетiн қызметтi берушi «электрондық үкімет» шлюзі арқылы тиісті мемлекеттiк ақпараттық жүйелерден алады.
Көрсетілетін қызметті алушы барлық қажетті құжаттарды портал арқылы тапсырған кезде- көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетiнде» мемлекеттiк көрсетілетін қызметтiң нәтижелерiн алу күнiн көрсете отырып, мемлекеттiк қызметтi көрсетуге арналған сұрау салудың қабылданғаны туралы мәртебе көрсетіледі.
9-1. Мемлекеттiк қызмет көрсетуден бас тарту негіздері:
Стандарт 9-1-тармақпен толықтырылды ҚР Инвестициялар және даму министрінің 20.06.2016 жылғы № 505 Бұйрығына сәйкес (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 21 (жиырма бір) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 10.08.2016 жылы "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланды
1) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттарының және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) анық еместігін белгілеу;
2) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті ұсынылған материалдардың, объектілердің, деректердің және мәліметтердің Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінде белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі;
3) уәкілетті мемлекеттік органның мемлекеттік қызмет көрсету үшін талап етілетін келісімі туралы сұрау салуға берілген теріс жауабы, сондай-ақ сараптаманың, зерттеудің не тексерудің теріс қорытындысы;
4) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты оның қызметіне немесе осы мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуды талап ететін жекелеген қызмет түрлеріне тыйым салу туралы соттың заңды күшіне енген шешімінің (үкімінің) болуы;
5) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты соттың заңды күшіне енген шешімінің болуы, оның негізінде көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алумен байланысты арнаулы құқығынан айырылуы.
3-тарау. Мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері бойынша орталық мемлекеттік органдардың, сондай-ақ көрсетілетін қызметті берушілердің және (немесе) олардың лауазымды адамдарының, Мемлекеттік корпорацияның және (немесе) олардың қызметкерлерінің шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі
3-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда жазылды ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 30.07.2019 жылғы № 581 Бұйрығына сәйкес (29.12.2018 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 30.08.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
10. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша орталық мемлекеттік органның, көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану:
10-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Инвестициялар және даму министрінің 12.01.2018 жылғы № 27 Бұйрығына сәйкес (20.06.2016 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 21 (жиырма бір) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 31.05.2018 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
10-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 30.07.2019 жылғы № 581 Бұйрығына сәйкес (29.12.2018 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 30.08.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
шағым осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 12-тармағында көрсетілген мекенжай бойынша көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына не 010000, Нұр-Сұлтан қаласы, Қабанбай батыр даңғылы, 32/1, "Транспорт Тауэр" ғимараты, № 2117 кабинет мекенжайы бойынша Министрлік басшылығының атына беріледі, телефоны: 8 (7172) 75-48-66, 75-49-14.
Шағым пошта арқылы не қолма-қол жазбаша нысанда көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрліктің кеңсесі арқылы беріледі.
Көрсетілетін қызметті алушы шағымда өзінің тегін, атын, әкесінің атын, пошталық мекенжайын, шығыс нөмірі мен күнін көрсетеді. Шағымға көрсетілетін қызметті алушы қол қояды.
Шағымның қабылданғанын растау көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрліктің кеңсесінде қабылдап алған адамның тегі мен аты-жөні, берілген шағымға жауап алудың мерзімі мен орны көрсетіле отырып, оны тіркеу (мөртабан, кіріс нөмірі және күні) болып табылады.
Мемлекеттік корпорация қызметкерінің әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым Мемлекеттік корпорацияның www.gov4c.kz интернет-ресурсында көрсетілген мекенжайлар және телефондар бойынша Мемлекеттік корпорация басшысына жіберіледі.
Мемлекеттік корпорацияның кеңсесінде қолма-қол, сол сияқты пошта арқылы келіп түскен шағымды қабылдауды растау оны тіркеу (мөртабан, кіріс нөмірі және тіркеу күні шағымның екінші данасына немесе шағымға ілеспе хатқа қойылады) болып табылады.
Көрсетілетін қызметті алушының көрсетілетін қызметті берушінің, Министрліктің немесе Мемлекеттік корпорацияның атына келіп түскен шағымы тіркелген күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.
Портал арқылы жүгінген кезде шағымдану тәртібі туралы ақпаратты бірыңғай байланыс орталығының 1414 телефоны бойынша алуға болады.
Шағымды көрсетілетін қызметті алушыға портал арқылы "жеке кабинеттен" жіберген кезде жүгіну туралы ақпарат қолжетімді болады, ол көрсетілетін қызметті берушінің өтінішін өңдеу (жеткізу, тіркеу, орындау, туралы белгілер, қарау немесе қараудан бас тарту туралы жауап) барысында жаңартылып отырады.
Көрсетілетін қызметті алушы көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайда, мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағым жасай алады.
Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен шағымы тіркелген күнінен бастап он бес жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.
11. Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайларда, көрсетiлетiн қызметтi алушы Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртіппен сотқа жүгінеді.
11-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Инвестициялар және даму министрінің 20.06.2016 жылғы № 505 Бұйрығына сәйкес (30.04.2015 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 21 (жиырма бір) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 10.08.2016 жылы "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланды
4-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсету, оның ішінде электрондық нысанда және Мемлекеттік корпорация арқылы көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып өзгеде талаптар
4-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда жазылды ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 30.07.2019 жылғы № 581 Бұйрығына сәйкес (29.12.2018 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 30.08.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
12. Мемлекеттік қызмет көрсету мекенжайлары Мемлекеттік корпорацияның - www.gov4c.kz интернет-ресурсында орналастырылған.
12-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Инвестициялар және даму министрінің 12.01.2018 жылғы № 27 Бұйрығына сәйкес (20.06.2016 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 21 (жиырма бір) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 31.05.2018 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
12-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Инвестициялар және даму министрінің 29.12.2018 жылғы № 964 Бұйрығына сәйкес (12.01.2018 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 02.02.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
13. ЭЦҚ болған жағдайда, көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті портал арқылы электрондық нысанда алу мүмкіндігі бар.
14. Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсетудің тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты порталдың «жеке кабинеті», сондай-ақ мемлек6ттiк қызметтер көрсету мәселелерi жөнiндегi бiрыңғай байланыс орталығы арқылы қашықтықтан қолжетімділік режимінде алу мүмкіндігі бар. 
15. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі анықтамалық қызметтің байланыс телефондары: 8 (7172) 75-41-02, 75-41-04, мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы: 1414.
16. Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен өзіне өзі қызмет көрсетуді, өз бетімен қозғалуды, бағдаралуды жүзеге қабілетін немесе мүмкіндігін толық немесе ішінара жоғалтқан көрсетілетін кызметті алушыға мемлекеттік қызметті көрсету үшін құжаттарды қабылдауды Мемлекеттік корпорация қызметтері 1414 Бірыңғай байланыс орталығы арқылы жүгіну арқылы тұрғылықты жері бойынша шығумен жүргізеді.
Осы Стандарт 16-тармақпен толықтырылды ҚР Инвестициялар және даму министрінің 12.01.2018 жылғы № 27 Бұйрығына сәйкес (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 21 (жиырма бір) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 31.05.2018 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
«Экспорттық бақылауға жататын
 өнімді кері экспорттауға рұқсат
 беру» мемлекеттiк көрсетілетін
 қызмет стандартына 1-қосымша
Экспорттық бақылауға жататын өнімнің кері экспортына рұқсат алуға арналған өтініш
1. ________________________________________________________________
(көрсетілетін қызметті берушінің толық атауы)
2. _______________________________________________________________
(заңды тұлғаның (оның ішінде шетелдік заңды тұлғаның) толық атауы,
бизнес-сәйкестендіру нөмірі, заңды тұлғаның бизнес-сәйкестендіру
нөмірі болмаған жағдайда – шетелдік заңды тұлға филиалының немесе
өкілдігінің бизнес-сәйкестендіру нөмірі/жеке тұлғаның тегi, аты,
әкесiнiң аты (болған жағдайда), жеке сәйкестендіру нөмірі; заңды
(нақты) мекенжайы, телефоны
3. Жіберетін ел:
4. Алушының елі: 5. Түпкі пайдаланушы (толық атауы, мекенжайы, телефоны):
6. Рұқсатты сұрату үшін негіздеме (сыртқы сауда шарты (келісімшартының), ал сыртқы сауда шарты (келісімшарты) болмаған жағдайда – тараптардың ниеттерін растайтын өзге құжат, № және қол қойылған күні):
7. Өнімнің атауы мен толық сипаттамасы:

 
8. Өнімнің СЭҚ ТН бойынша коды: 10. СЭҚ ТН бойынша өлшем бірлігі (негізгі және қосымша): 12. Келісімшарт валютасы 13. Құны:
9. Өнімнің бақылау тізімдері бойынша коды:
11. Саны:
Басшы _________ ____________________________________________
(қолы) (тегi, аты, әкесiнiң аты (болған жағдайда) Мөр орны Толтыру күні: 20__ жылғы «__» __________________.
15.Көрсетілетін қызметті беруші _____________________________________
(көрсетілетін қызметті берушінің толық атауы)
Өтініш қарауға қабылданды
20___жылғы «____» _________________
16. Рұқсаттың ерекше шарттары
«Экспорттық бақылауға жататын
 өнімді кері экспорттауға рұқсат
 беру» мемлекеттiк көрсетілетін
 қызмет стандартына 2-қосымша
Экспорттық бақылауға жататын өнімнің кері экспортына рұқсат алуға арналған мәлiметтер нысаны*
      1. заңды тұлға үшiн - заңды тұлғаны мемлекеттiк тiркеу (қайта тіркеу) № және күні: __________________________________________;
       2. жеке тұлға үшiн - жеке басын куәландыратын құжаттың №, күні, берген мемлекеттік органның атауы: _________________________________;
       3. дара кәсiпкер үшiн - дара кәсiпкер ретiнде өтініш берушіні мемлекеттiк тiркеу туралы куәлiктiң № және берілген күні: ________________;
       4. Қазақстан Республикасынан өнімді әкетуге бұрын берілген рұқсат ету құжаты бойынша ақпарат: экспорттық бақылауға жататын өнімнің экспортына берілген лицензияның №; берілген күні (жыл/күн/ай) _______________.
* шетелдік заңды тұлға, шетелдік болып табылатын көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушіге заңды тұлға үшiн - көрсетілетін қызметті алушы заңды тұлғасын мемлекеттiк тiркеу (қайта тіркеу) туралы анықтамасын; жеке тұлға үшiн - жеке басын куәландыратын құжаттың көшiрмесiн; жеке кәсiпкер үшiн - көрсетілетін қызметті алушы жеке кәсiпкер ретiнде мемлекеттiк тiркеу туралы куәлiктiң (салыстырып тексеру үшiн түпнұсқа ұсынылмаған жағдайда нотариалды куәландырылған) көшiрмесiн ұсынады. Көрсетілген құжаттар онда болмаған кезде өтініш беруші туралы осыған ұқсас мәліметтерді қамтитын өзге да құжаттарды ұсынады.
«Экспорттық бақылауға жататын
өнімді кері экспорттауға
рұқсат беру» мемлекеттiк
көрсетілетін қызмет стандартына
3-қосымша
Осы Стандарт 3-қосымшамен толықтырылды ҚР Инвестициялар және даму министрінің 12.01.2018 жылғы № 27 Бұйрығына сәйкес (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 21 (жиырма бір) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 31.05.2018 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
(Көрсетілетін қызметті алушының тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда) (бұдан әрі – Т.А.Ә.) немесе ұйымының атауы) ___________________________________
 (көрсетілетін қызметті алушының мекенжайы)
Құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат
  «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 20-бабының 2-тармағын басшылыққа ала отырып, «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясының» коммерциялық емес акционерлік қоғамы филиалының № ____ бөлімі (мекенжайы: ___________________________________) мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында көзделген тізбеге сәйкес құжаттар топтамасын толық ұсынбауыңызға байланысты _________________________________ мемлекеттік қызметті көрсетуге құжаттарды қабылдаудан бас тартады, атап айтқанда: Ұсынылмаған құжаттардың атауы: 1)__________________________________________________________; 2)__________________________________________________________; 3)… Осы қолхат 2 данада әр тарапқа бір данадан жасалды. ӨӨ___________________________________________ ________________ Т.А.Ә. (Мемлекеттік корпорацияның қызметкері) (қолы) Орындаушы. Т.А.Ә._____________ Телефон __________ Алдым: ______________________ ____________________________________ Т.А.Ә. көрсетілетін қызметті алушының қолы 20 ___ ж. «___» ___________
Полная версия
ИС BestProfi