Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 26.09.2020
Қазақстан Республикасы
 Инвестициялар және даму
 министрінің
 2015 жылғы 30 сәуірдегі
 № 563 бұйрығына
 10-қосымша
10-қосымша күшін жойды 2020 жылғы 26 қыркүйектен бастап ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 08.09.2020 жылғы № 457 Бұйрығына сәйкес 
«Кепілдік міндеттемені (түпкілікті пайдаланушының сертификатын) беру» мемлекеттiк көрсетілетін қызмет стандарты
Редакция 30.08.2019 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
1-тарау. Жалпы ережелер
1-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда жазылды ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 30.07.2019 жылғы № 581 Бұйрығына сәйкес (29.12.2018 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 30.08.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1. «Кепiлдiк мiндеттеме (түпкiлiктi пайдаланушының сертификатын) беру» мемлекеттiк көрсетілетін қызметі (бұдан әрi - мемлекеттiк көрсетілетін қызмет).
2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі (бұдан әрі - Министрлік) әзірледі.
2-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 30.07.2019 жылғы № 581 Бұйрығына сәйкес (29.12.2018 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 30.08.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
3. Мемлекеттiк қызметті Министрлiктің Индустриялық даму және өнеркәсiптiк қауiпсiздiк комитетi (бұдан әрi - көрсетілетін қызметті беруші) көрсетедi.
Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру:
3-тармақтың екінші бөлігі өзгертілді ҚР Инвестициялар және даму министрінің 21.01.2016 жылғы № 37 Бұйрығымен (30.04.2015 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 21 (жиырма бір) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс, бірақ 2016 жылғы 1 наурыздан бұрын емес) 10.03.2016 жылы "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланды
3-тармақтың екінші бөлігі жаңа редакцияда жазылды ҚР Инвестициялар және даму министрінің 12.01.2018 жылғы № 27 Бұйрығына сәйкес (20.06.2016 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 21 (жиырма бір) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 31.05.2018 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
1) «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация);
2) «электрондық үкiметтiң» www.egov.kz, www.elicense.kz веб-порталы (бұдан әрi - портал) арқылы жүзеге асырылады.
2-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі
2-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда жазылды ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 30.07.2019 жылғы № 581 Бұйрығына сәйкес (29.12.2018 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 30.08.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
4. Мемлекеттiк қызмет көрсету мерзiмi:
4-тармақ өзгертілді ҚР Инвестициялар және даму министрінің 21.01.2016 жылғы № 37 Бұйрығына сәйкес (30.04.2015 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 21 (жиырма бір) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс, бірақ 2016 жылғы 1 наурыздан бұрын емес) 10.03.2016 жылы "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланды
4-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Инвестициялар және даму министрінің 12.01.2018 жылғы № 27 Бұйрығына сәйкес (20.06.2016 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 21 (жиырма бір) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 31.05.2018 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
4-тармақтың бірінші бөлімі жаңа редакцияда жазылды ҚР Инвестициялар және даму министрінің 29.12.2018 жылғы № 964 Бұйрығына сәйкес (12.01.2018 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 02.02.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1) Мемлекеттік корпорацияға құжаттар топтамасын тапсырған сәттен бастап - 7 (жеті) жұмыс күні;
құжаттар топтамасын тапсыру үшiн күтудің рұқсат етілетін ең ұзақ уақыты - 15 (он бес) минут;
қызмет көрсетудің рұқсат етілетін ең ұзақ уақыты - 15 (он бес) минут;
Мемлекеттік корпорацияға жүгінген кезде қабылдау күні мемлекеттік қызметті көрсету мерзіміне кірмейді;
2) порталға жүгінген кезде - 7 (жеті) жұмыс күні.
Көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушының құжаттарын алған сәттен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді.
Көрсетілетін қызметті алушы құжаттардың толық емес топтамасын ұсынған жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші көрсетілген мерзімде өтінішті одан әрі қараудан дәлелді бас тартады.
5. Мемлекеттiк қызмет көрсету нысаны – электрондық (толық автоматтандырылған) немесе қағаз түрiнде.
5-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Инвестициялар және даму министрінің 12.01.2018 жылғы № 27 Бұйрығына сәйкес (20.06.2016 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 21 (жиырма бір) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 31.05.2018 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
Полная версия
ИС BestProfi