Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 25.10.2020
Документ показан в демонстрационном режиме!
Қазақстан Республикасы
 Инвестициялар
 және даму министрінің
 2015 жылғы 29 мамырдағы
 № 669 бұйрығына
 1-қосымша
«Теміржол көлігі саласында жүктерді тасымалдауға лицензия беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті
Осы Регламент күшін жойды 2020 жылғы 25 қазаннан бастап ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 05.10.2020 жылғы № 514 Бұйрығына сәйкес  
Редакция 30.04.2019 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен 
1-тарау. Жалпы ережелер
1-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда жазылды ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 19.03.2019 жылғы № 146 Бұйрығына сәйкес (07.12.2017 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 30.04.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1. Теміржол көлігі саласында жүктерді тасымалдауға лицензия беру Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Көлік комитетінің аумақтық органдарымен (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетіледі.
2. Көрсетілетін мемлекеттік қызмет нысаны: электрондық (ішінара автоматтандырылған).
3. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет көрсету нәтижесі:
1) теміржол көлігі саласында жүктерді тасымалдауға лицензияны беру, қайта ресімделген лицензияны беру (бұдан әрі - лицензия);
2) Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 30 сәуірдегі № 555 бұйрығымен бекітілген «Теміржол көлігі саласында жүктерді тасымалдауға лицензия беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11428 болып тіркелген), (бұдан әрі – стандарт) 10-тармағымен көзделген жағдайларда және негіздер бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап (бұдан әрі – бас тарту).
2-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР Инвестициялар және даму министрінің 07.12.2017 жылғы № 849  Бұйрығына сәйкес (29.05.2015 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 21 (жиырма бір) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 16.01.2018 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
2-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) іс-қимылы тәртібінің сипаттамасы
2-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда жазылды ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 19.03.2019 жылғы № 146 Бұйрығына сәйкес (07.12.2017 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 30.04.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
4. Стандарттың 9-тармағына сәйкес электрондық өтініш беру мемлекеттік қызмет көрсету жөніндегі рәсімді (іс-қимылды) бастау үшін негіз болып табылады.
4-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Инвестициялар және даму министрінің 07.12.2017 жылғы № 849  Бұйрығына сәйкес (29.05.2015 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 21 (жиырма бір) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 16.01.2018 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
5. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің құрамына кіретін рәсімдер (іс-қимылдар) мазмұны, оларды орындау ұзақтығы:
1) лицензияны беру:
1-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 19.03.2019 жылғы № 146 Бұйрығына сәйкес (07.12.2017 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 30.04.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
жауапты орындаушысымен өтінішті 1 жұмыс күні ішінде белгіленген талаптарға сәйкестігін қарастыруы;
көрсетілетін қызметті беруші басшысы немесе оның міндетін атқарушының электрондық цифрлық қолымен (бұдан әрі - ЭЦҚ) 1 жұмыс күні ішінде лицензия, не бас тартуға қол қоюы;
жауапты орындаушымен өтінішті 2 жұмыс күні ішінде белгіленген талаптарға сәйкестігін қарастыруы;
көрсетілетін қызметті беруші басшысы немесе оның міндетін атқарушының ЭЦҚ 1 жұмыс күні ішінде лицензия, не бас тартуға қол қоюы.
6. Мынадай рәсімді (іс-қимылды) орындауды бастау үшін негіз болатын мемлекеттік қызмет көрсету жөніндегі рәсімнің (іс-қимылдың) нәтижелері:
1) көрсетілетін қызметті алушының электрондық өтінішін ақпараттық жүйеде тіркеу;
Полная версия
ИС BestProfi