Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 25.10.2020
Документ показан в демонстрационном режиме!
Қазақстан Республикасы
 Инвестициялар
 және даму министрінің
 2015 жылғы 29 мамырдағы
 № 669 бұйрығына
 3-қосымша
«Жылжымалы құрам кепілін мемлекеттік тiркеу» мемлекеттiк көрсетілетін қызмет регламенті
Осы Регламент күшін жойды 2020 жылғы 25 қазаннан бастап ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 05.10.2020 жылғы № 514 Бұйрығына сәйкес
Редакция 30.04.2019 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
1-тарау. Жалпы ережелер
1-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда жазылды ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 19.03.2019 жылғы № 146 Бұйрығына сәйкес (07.12.2017 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 30.04.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1. Жылжымалы құрам кепілін мемлекеттік тiркеу (бұдан әрi – мемлекеттiк көрсетілетін қызмет) Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлiгi Көлiк комитетiнiң аумақтық органдарымен (бұдан әрi – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетіледі;
1-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 19.03.2019 жылғы № 146 Бұйрығына сәйкес (07.12.2017 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 30.04.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
2. Көрсетiлетiн мемлекеттiк қызметтiң нысаны: электронды (ішінара автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрінде.
3. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі:
1) жылжымалы құрам кепілін тіркеу туралы куәлік (бұдан әрі - куәлік) беру;
2) Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 30 сәуірдегі № 555 бұйрығымен бекітілген «Жылжымалы құрам кепілін мемлекеттік тіркеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11428 болып тіркелген), (бұдан әрі – стандарт) 10-тармағымен көзделген жағдайларда және негіздер бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап (бұдан әрі – бас тарту) болып табылады.
2-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР Инвестициялар және даму министрінің 07.12.2017 жылғы № 849 Бұйрығына сәйкес (12.02.2016 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 21 (жиырма бір) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 16.01.2018 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
2-тарау. Мемлекеттік қызметті көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) іс-қимылдары тәртібін сипаттау
2-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда жазылды ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 19.03.2019 жылғы № 146 Бұйрығына сәйкес (07.12.2017 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 30.04.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
4. Стандарттың 9-тармағына сәйкес электрондық өтініш беру мемлекеттік қызмет көрсету жөніндегі рәсімді (іс-қимылды) бастау үшін негіз болып табылады.
4-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Инвестициялар және даму министрінің 07.12.2017 жылғы № 849 Бұйрығына сәйкес (12.02.2016 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 21 (жиырма бір) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 16.01.2018 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
5. Мемлекеттік қызмет көрсету процедурасының құрамына кіретін әр процедураның мазмұны (іс-әрекеті):
1) көрсетілетін қызметті алушы «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорация» коммерциялық емес акционерлік қоғамы» (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) арқылы қажетті құжаттар топтамасын тапсырған сәттен бастап – 2 жұмыс күні, ЕДБ/www.egov.kz «электрондық үкімет» веб-порталы (жылжымалы мүлік кепілінің бірыңғай тізілімі) (бұдан әрі – портал) арқылы жүгінген кезде жауапты орындаушының өтінішті – 1 жұмыс күні белгіленген талаптарға сәйкестігіне қарауы;
1-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР Инвестициялар және даму министрінің 12.02.2016 жылғы № 184 Бұйрығына сәйкес (29.05.2015 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 21 (жиырма бір) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 30.03.2016 жылы "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланды
1-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР Инвестициялар және даму министрінің 07.12.2017 жылғы № 849 Бұйрығына сәйкес (12.02.2016 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 21 (жиырма бір) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 16.01.2018 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
2) мемлекеттік қызметті көрсетуші басшымен немесе оны міндетін атқарушымен 15 минут ішінде қол қоюы;
6. Мынадай рәсімді (іс-қимылды) орындауды бастау үшін негіз болатын мемлекеттік қызмет көрсету жөніндегі рәсімнің (іс-қимылдың) нәтижелері:
1) ұсынылған құжаттарды жауапты орындаушымен қарауы
2) көрсетілетін қызметті беруші басшысының немесе оның міндетін атқарушы адамның ЭЦҚ-мен куәлік/хабарламаға немесе бас тартуға қол қоюы;
2-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР Инвестициялар және даму министрінің 07.12.2017 жылғы № 849 Бұйрығына сәйкес (12.02.2016 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 21 (жиырма бір) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 16.01.2018 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
3) Көлік комитетінің ақпараттық жүйесіне куәлікті жолдауы.
3-тарау. Мемлекеттік қызметті көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара іс-қимылдары тәртібін сипаттау
3-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда жазылды ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 19.03.2019 жылғы № 146 Бұйрығына сәйкес (07.12.2017 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 30.04.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
7. Мемлекеттік қызмет көрсету процесіне қатысатын көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) тізбесі:
Полная версия
ИС BestProfi