Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 17.06.2022
Денсаулық сақтау саласындағы ақпараттандыру стандарттарын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 20 шілдедегі № 600 бұйрығы
Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 26 тамызда № 11949 болып тіркелді
Осы Бұйрық күшін жойды 2022 жылғы 17 маусымнан бастап ҚР Денсаулық сақтау министрінің 30.05.2022 жылғы № ҚР ДСМ-48 Бұйрығына сәйкес 
«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Қазақстан Республикасы Кодексінің 7-бабының 1-тармағының 6) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес рецептілерді электрондық форматта жүргізуді реттеу стандарты;
2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес диагностикалық зерттеулер мен емшаралардың электрондық процестерін басқару стандарты;
3) осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес аурулардың электрондық профилактикасын реттеу стандарты бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің Ақпараттандыруды дамыту департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Респуликасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде мерзімдік баспасөз басылымдарында және Қазақстан Республикасының нормативтік-құқықтық актілерінің «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауды;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму вице-министрі А.В.Цойға жүктелсін.
4. Осы бұйрық оны алғашқы ресми жариялаған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрі Т. Дүйсенова
Полная версия
ИС BestProfi