Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 09.07.2019
Қолданыстағы кәсіпкерлік қызметті жүргізуді сервистік қолдауды жүзеге асыру мониторингін жүргізу әдістемесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 13 тамыздағы № 606 бұйрығы 
Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 19 қыркүйекте № 12086 болып тіркелді
Осы Бұйрық күшін жойды 2019 жылғы 9 шілдеден бастап ҚР Ұлттық экономика министрінің 24.06.2019 жылғы № 59 Бұйрығына сәйкес 
«Бизнестің жол картасы – 2020» бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасын бекіту, «Бизнестің жол картасы – 2020» іске асыру жөніндегі кейбір шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 10 маусымдағы № 556 қаулысына өзгерістер енгізу және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 наурыздағы № 168 қаулысының 292–тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қолданыстағы кәсіпкерлік қызметті жүргізуді сервистік қолдаудың жүзеге асырылуына мониторинг жүргізу әдістемесі бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Кәсіпкерлікті дамыту департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) Осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) Осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он күнтізбелік күн ішінде оны «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде және мерзімді баспасөз басылымдарында ресми жариялауға жіберілуін;
3) Осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрі Е. Досаев
Қазақстан Республикасы
 Ұлттық экономика министрінің
 2015 жылғы 13 тамыздағы
 № 606 бұйрығымен бекітілді
Қолданыстағы кәсіпкерлік қызметті жүргізуді сервистік қолдауды жүзеге асыру мониторингін жүргізу әдістемесі
1. Осы Қолданыстағы кәсіпкерлік қызметті жүргізуді сервистік қолдауды жүзеге асыру мониторингін жүргізу әдістемесі (бұдан әрі – Әдістеме) «Бизнестің жол картасы – 2020» бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасын бекіту, «Бизнестің жол картасы – 2020» іске асыру жөніндегі кейбір шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 10 маусымдағы № 556 қаулысына өзгерістер енгізу және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 наурыздағы № 168 қаулысымен бекітілген (бұдан әрі – Қаулы) «Бизнестің жол картасы – 2020» бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасының 292–тармағына сәйкес әзірленді және жұмыс істеп тұрған кәсіпкерлік қызметті жүргізуге сервистік қолдау көрсетудің (бұдан әрі – сервистік қолдау) мониторингін жүргізу үшін арналған.
2. Осы Әдістемеде мына анықтамалар мен түсініктер пайдаланылады:
клиент – сервистік қолдауды іске асырудың шеңберінде қызмет алған шағын және орта кәсіпкерлік субъектісі;
кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығы (бұдан әрі - КҚО) – жеке кәсіпкерлік субъектілеріне және кәсіпкерлік бастамасы бар тұрғындарға мемлекеттік қолдау шараларын көрсету үшін, қаржы агенттігінің өңірлік филиалдарының жанында құрылған және (немесе) жергілікті бюджет қаражаты болған жағдайда облыстардағы, республикалық маңызы бар қалалардағы, астанадағы, жергілікті атқарушы органдардағы кәсіпкерлер палаталарының жанында құрылатын инфрақұрылымдық кешен;
кәсіпкерлікті қолдау орталығы (бұдан әрі – КҚО) – оның негізінде шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің жобаларына экономикалық және технологиялық сараптама жүргізу, консультациялық және маркетингтік қызмет көрсету, ақпараттық қамтамасыз ету, оқыту жүзеге асырылатын инфрақұрылымдық кешен;
кәсіпкерлікті қолдаудың ұтқыр орталықтары (бұдан әрі – КҚҰО) – шағын және орта кәсіпкерлік субъектілеріне және ауылдағы тұрғылықты мекендердегі кәсіпкерлік бастамасы бар тұрғындарға кәсіпкерлік қызметті мемлекеттік қолдау құралдары жөніндегі ақпараттық және консультациялық жылжымалы қызметтерін көрсетуге бағытталған қаржы агенттігінің арнайы жабдықталған автобустары; 
қаржылық емес қолдау операторы – «Сыртқы консультанттарды тарту арқылы алдыңғы қатарлы кәсіпорындардың консультациялық жобаларын бірлесіп қаржыландыру (Қазақстан Республикасының шағын және орта кәсіпкерлігін қолдау жөніндегі Еуразиялық Қайта Құру және Даму банкінің бағдарламасы)», «Шағын және орта кәсіпкерліктің топ-менеджментін оқыту» құрамдауыштарын қоспағанда, бағдарламаның төртінші бағыты шеңберінде кәсіпкерлерге мемлекеттік қаржылық емес қолдауды жүзеге асыратын Ұлттық кәсіпкерлер палатасы;
Полная версия
ИС BestProfi