Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 08.05.2020
Документ показан в демонстрационном режиме!
Қазақстан Республикасы
 Қаржы министрінің
 2015 жылғы 2 шілдедегі № 394
 бұйрығына 1-қосымша
«Бухгалтерлердің кәсіби ұйымын аккредиттеу туралы куәлік беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті
Регламент жаңа редакцияда жазылды ҚР Қаржы министрінің 18.02.2016 жылғы № 72 Бұйрығына сәйкес (02.07.2015 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланған күннен кейін қолданысқа енгізілуі тиіс)  05.04.2016 жылы "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланды
Регламент жаңа редакцияда жазылды ҚР Қаржы министрінің 24.01.2018 жылғы № 58 Бұйрығына сәйкес (18.02.2016 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізілуі тиіс)  21.02.2018 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
Осы Регламент күшін жойды 2020 жылғы 8 мамырдан бастап ҚР Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары - ҚР Қаржы министрінің 09.04.2020 жылғы № 370 Бұйрығына сәйкес
Редакция 21.02.2018 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
1. «Бухгалтерлердің кәсіби ұйымын аккредиттеу туралы куәлік беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметті (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Ішкі мемлекеттік аудит комитеті (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
Нормативтік құқықтық актілері тізілімінде № 11362 болып тіркелген «Бухгалтерлік есеп пен аудит саласында мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 24 сәуірдегі № 280 бұйрығымен бекітілген «Бухгалтерлердің кәсіби ұйымын аккредиттеу туралы куәлік беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының (бұдан әрі – Стандарт) 9-тармағында көрсетілген құжаттарды қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету www.egov.kz «электрондық үкімет», www.elicense.kz веб-порталы (бұдан әрі – Портал) арқылы жүзеге асырылады.
2. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету нысаны: электрондық (ішінара автоматтандырылған).
3. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі бухгалтерлердің кәсіби ұйымын аккредиттеу туралы куәлік беру (бұдан әрі – куәлік), куәлікті қайта ресімдеу, бухгалтерлердің кәсіби ұйымын аккредиттеу туралы куәліктің телнұсқасын беру, немесе  Стандарттың 9-1-тармағында көзделген жағдайлар мен негіздер бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап болып табылады.
Мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: электрондық.
2-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті беруші құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлердің) іс-қимыл тәртібін сипаттау
4. Стандарттың 9-тармағында көрсетілген құжаттарды ұсыну мемлекеттік қызмет көрсету бойынша рәсімдерді (іс-қимылдары) бастау үшін негіз болып табылады.
5. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің құрамына кіретін рәсімдер (іс-қимылдар) мазмұны:
1) көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттарды  қызмет берушінің құжат айналымы бойынша басқарманың қызметкері қабылдап алады және қызмет берушінің басшылығына үлестіру үшін береді – бір жұмыс күннің ішінде.
Рәсімнің нәтижесі – құжаттарды қабылдау;
2) көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттарды квазимемлекеттік сектордың аудиті басқармасына үлестіру - бір жұмыс күннің ішінде.
Рәсімнің нәтижесі – көрсетілетін қызметті беруші басшының қарары;
3) орындаушы көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттарды Стандарттың 9-тармағына сәйкестігі мәніне қарайды – он алты жұмыс күннің ішінде.
Рәсімнің нәтижесі – куәлік беру туралы шешім қабылдау немесе мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап;
4) көрсетілетін қызметті берушінің квазимемлекетік сектордың аудиті  басқармасының басшысымен, заң қызметінің басшысымен көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттардың Стандарттың 9-тармағына сәйкестігі туралы қорытындыны жобасын (бұдан әрі – Қорытынды), куәлік беру туралы бұйрық жобасын дайындау және келісу, сондай-ақ оларды қызмет берушінің басшылығы бекітеді және бұйрықты тіркеу немесе мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап дайындалады және оны квазимемлекеттік сектордың аудиті басқармасының басшысымен келіседі – бір жұмыс күннің ішінде.
Полная версия
ИС BestProfi