1. «Аудиторлық қызметті жүзеге асыруға лицензия беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметті (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Ішкі мемлекеттік аудит комитеті (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
Внимание! Документ утратил силу с 08.05.2020
Документ показан в демонстрационном режиме!
«Аудиторлық қызметті жүзеге асыруға лицензия беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті
Регламент жаңа редакцияда жазылды ҚР Қаржы министрінің 18.02.2016 жылғы № 72 Бұйрығына сәйкес (02.07.2015 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланған күннен кейін қолданысқа енгізілуі тиіс) 05.04.2016 жылы "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланды Регламент жаңа редакцияда жазылды ҚР Қаржы министрінің 24.01.2018 жылғы № 58 Бұйрығына сәйкес (18.02.2016 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізілуі тиіс) 21.02.2018 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды Осы Регламент күшін жойды 2020 жылғы 8 мамырдан бастап ҚР Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары - ҚР Қаржы министрінің 09.04.2020 жылғы № 370 Бұйрығына сәйкес
1-тарау. Жалпы ережелер
Нормативтік құқықтық актілері тізілімінде № 11362 болып тіркелген «Бухгалтерлік есеп пен аудит саласында мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 24 сәуірдегі № 280 бұйрығымен бекітілген «Аудорторлық қызметті жүзеге асыруға куәлік беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының (бұдан әрі - Стандарт) 9-тармағында көрсетілген құжаттарды қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету «Азаматтар үшін үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы, www.egov.kz «электрондық үкімет», www.elicense.kz веб-порталдары (бұдан әрі – Портал) арқылы жүзеге асырылады.
2. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету нысаны: электрондық (ішінара автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрінде.
3. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі аудиторлық қызметті жүзеге асыруға лицензия беру (бұдан әрі - лицензия), лицензияны қайта ресімдеу, заңды тұлға-лицензиат қайта ұйымдастырылған кезде лицензияны қайта ресімдеу, лицензияның телнұсқасын беру немесе мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының (бұдан әрі – Стандарт) 10-тармағында көрсетілген негіздер бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап болып табылады.
4. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: электрондық.
2-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті беруші құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлердің) іс-қимыл тәртібін сипаттау
4. Стандарттың 9-тармағында көрсетілген құжаттарды ұсыну мемлекеттік қызмет көрсету бойынша рәсімдерді (іс-қимылдары) бастау үшін негіз болып табылады.
5. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің құрамына кіретін рәсімдер (іс-қимылдар) мазмұны:
куәлік беру кезінде:
1) көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттарды қызмет берушінің құжат айналым бойынша басқарманың қызметкері қабылдап алады және қызмет берушінің басшылығына үлестіру үшін береді – бір жұмыс күннің ішінде.
Рәсімнің нәтижесі – құжаттарды қабылдау;
2) көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттарды квазимемлекеттік сектордың аудит басқармасына үлестіру – бір жұмыс күннің ішінде.
Рәсімнің нәтижесі – көрсетілетін қызметті беруші басшының қарары;
3) Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есеп комитетінің Ақпараттық сервисіне (бұдан әрі – АС) электронды сұрау салуды жіберу және қызмет алушыға қатысты оған аудиторлық қызметпен айналысуға және лицензия алуға тыйым салатын заңды күшіне енген сот шешімдері жөнінде мәліметтер туралы жауап алу – бір жұмыс күннің ішінде;
Рәсімнің нәтижесі – Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есеп комитетіне (бұдан әрі – ҚСжАЕК) қызмет алушыға қатысты мәліметтер туралы электронды сұрау салу;
4) орындаушы Стандарттың 9-тармағында көрсетілген құжаттарды және ҚСжАЕК-не ұсынған жауапты қарайды – тоғыз жұмыс күні;
Полная версия