Ауыл шаруашылығы өсiмдiктерiн сұрыптық сынақтан өткізу қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 2 шілдедегі № 4-2/602 бұйрығы.
Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 13 тамызда № 11879 болып тіркелді
«Тұқым шаруашылығы туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 1-тармағының 8-4) тармақшасына және «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабы 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Кіріспе жаңа редакцияда жазылды ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 19.04.2021 жылғы № 129 Бұйрығына сәйкес (11.02.2020 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 07.05.2021 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
2. «Ауыл шаруашылығы өсімдіктерін сорттық сынақтан өткізу туралы нұсқауды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушының 2009 жылғы 26 наурыздағы № 167 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5651 тіркелген, Қазақстан Республикасының орталық атқарушы және өзге орталық мемлекеттік органдарының актілері жинағында жарияланған, 2009 жылғы № 7) күші жойылды деп танылсын.
3. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Өсімдік шаруашылығы өнімдерін өндіру мен қайта өңдеу және фитосанитариялық қауіпсіздік департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесінің мерзімді баспа басылымдарына және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесіне ресми жариялауға жіберілуін;
Ауыл шаруашылығы өсімдіктерін сұрыптық сынақтан өткізу қағидалары
Осы Қағидалар өзгертілді ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 17.04.2017 жылғы № 170 Бұйрығымен (02.07.2015 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 18.07.2017 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
Осы Қағидалар жаңа редакцияда жазылды ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 11.02.2020 жылғы № 50 Бұйрығына сәйкес (17.04.2017 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 26.02.2020 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Осы Қағидалар жаңа редакцияда жазылды ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 19.04.2021 жылғы № 129 Бұйрығына сәйкес (11.02.2020 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 07.05.2021 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1. Осы Ауыл шаруашылығы өсімдіктерін сұрыптық сынақтан өткізу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Тұқым шаруашылығы туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Тұқым шаруашылығы туралы заң) 6-бабы 1-тармағының 8-4) тармақшасына, «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы заң) 10-бабы 1) тармақшасына, «Селекциялық жетістіктерді қорғау туралы» Қазақстан Республикасы Заңына (бұдан әрі – Селекциялық жетістіктерді қорғау туралы заң) сәйкес әзірленді және ауыл шаруашылығы өсімдіктерін сұрыптық сынақтан өткізу тәртібін, сондай-ақ «Ауыл шаруашылығы өсімдіктерінің шаруашылыққа пайдалылығын мемлекеттік сынау» мемлекеттік қызметін (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) көрсету тәртібін айқындайды.
1) Ауыл шаруашылығы дақылдарын сорттық сынау жөнiндегi мемлекеттiк комиссия (бұдан әрі – Мемлекеттік комиссия) – өсімдіктер сұрыптарының патент қабілеттілігі мен шаруашылыққа пайдалылығына сараптама жасауды және сынақты жүзеге асыратын уәкілетті органның қарамағындағы ұйым;